Естен кетпес отты жылдар

 Естен кетпес отты жылдар

Қалибек Аружан
5-сынып,Қ.Рысқұлбеков орта мектебі
Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы.
Жетекшісі: Алимкулова Айгүл Бахытханқызы

«Қажеті жоқ... Соғыстың қажеті жоқ!
Дұрысы тірлік қылып, ізденейік.
Шынайы даңқ - еңбекпен келген атақ.
Соғыс жабайылардың еншісіне қалсын».
Ги де Мопассан
Совет үкіметі орнағалы ауырлықтан бойын жаза алмаған ел үшін Ұлы Отан соғысының басталуы қиындықты тағы да еселей түсті. Совет халқы төңкерісті, одан кейінгі Азамат соғысын, аштықты, колхоздастыруды, саяси қуғын-сүргінді басынан өткізіп, енді ғана бойын тіктеп, біршама жақсы өмір сүре бастаған кезде басталған соғыс, әрбір шаңыраққа қиындықтармен бірге қайғысын қоса әкелді. 1941-ші жылдың 22-ші маусым күні таңғы сағат 4-те опасыздықпен совет мемлекетінің бүкіл шекара бойында соғыс өртін тұтатқан неміс фашистеріне айтылған лағынет шексіз еді. Соғыс басталған күні және одан кейінгі 20 күн бойы Жамбыл облысының бүкіл елді мекендерінде, мекеме мен ұйымдарында, партия, совет және комсомол ұйымдарында митингілер өтіп, санаулы күндерден кейін фашистерді совет жерінен қуып шығатындарына сенген, әрі сендірген жалынды сөздер, Ұлы қолбасшы Сталиннің ақ гвардияшыларды Азамат соғысы жылдарында күл талқан еткендей, фашистерді де жеңетініне ұрандаған сөздер барлық жерден естіліп жатты.
1942-ші жылдың алғашқы күндерінен бастап, «Бәрі майдан үшін, бәрі Жеңіс үшін» ұраны бойынша еңбек ету өріс алған. Майданға киім-кешек, азық-түлік жинау жүйелі түрде жүргізілген. Сонымен бірге, бүкіл совет елінде сияқты Жамбыл жерінде де әскерлерді өз қаржылары есебінен жарақтандыруға бағытталған жекелеген азаматтардың бастама көтеруі жиілей түскен. Соғыс басталған күннен бастап, облыстың тыныс-тіршілігі соғыс жағдайына көшірілді. 3-шілде күні Сталин радио арқылы сөйледі. Осы сөзден кейін есеңгіреп қалған халық бір мақсатта - тек Жеңіс үшін еңбек етуге жұмылдырылды. Барлық жұмыс орындарында, ұйымдар мен мекемелерде алда тұрған істер белгіленіп, көтеріңкі міндеттемелер қабылданды. Ендігі жағдайда жоспарды орындамау қылмыспен тең екендігін әрбір адам жете сезінді.Бұғанасы қатпаған жас бала да, буындары сырқырап жүре алмайтын қария да майдан үшін еңбек етті.
Ұлы Отан соғысының алғашқы жылы майданда да, тылда да өте қауырт, әрі күрделі болды. Соғыстың алғашқы айларында митингілер мен жиналыстар жиі өтіп, жауды тез арада талқандайтындарына сенімдері мол болған совет халқы бірте-бірте жеңісті –майданда ерлік, тылда еселі еңбек қана жақындататынын түсінді. Осы бағытта саяси қызметкерлер де, тылда белсенділер де әркімнің Жеңіс үшін, Отан үшін шайқасуын және еңбек етуін талап етті. Соған бағытталған ұйымдастыру жұмысын жүргізе білді. Ұлы Отан соғысы жылдарында совет халқымен бірге жамбылдықтар да қаһарланды, айбаттанды. Майданда да, тылда да соғыстың алғашқы жылдары ауыр күндерді бастан өткізіп, қайғылары еселенді. Талай боздақтардан айырылдық. Талай сәби дүние есігін аша алмай қалды. Халқымыз көбейе алмай азайды.
Соғыс адам өмірімен бірге адамның жан-тәніне, яғни, болмысына үлкен өзгерістер әкелді.Ең ауыр күндерде қабырғасы сөгілмей, бауыры бүтін болған совет халқының тылдағы жан қиярлық еңбегінің ауыртпалдығын енді халқымыздың басына бермесін. Қанша ауыр болғанымен сол жылдардың тағылымы мол. Қиын сәттерден тек бірлік, ынтымақ, төзімділік пен ерен еңбек алып шығатынын, қиялап шықса биікке көтерілетіндігін көрсетті.Барша совет халқы сияқты жамбылдықтар астық, қызылша мен мақта алқаптарында, қой отарларында, сиыр табындарында, жылқы үйірлерінде талмай-қажымай еңбек етті. Еңбегін міндет етіп, пұлдап ақы сұрамады. Тек қана Жеңіс үшін майдан даласындағы жақындарының, отбасының аман-есен оралуы үшін олар өздерінің жанын қиюға дайын болды. Отансүйгіштікпен бірге биліктің аса қаталдығынан қорқып та еңбек еткенімен, өмір сүргенімен түпкі арман-мақсаттарына жетті.
Биліктің айтқанына көніп, айдауында жүрген тыл еңбеккерлерінің төзімділігі сол бір кездері адами болмыстың шыңырау шыңы еді. Міне, тәуелсіз алғаныма 25 жыл болды. Бұл халқымыздың ұлы қасиеттерінің және сол қасиеттерді бір мақсатпен бір мүддеге тоғыстыра білген Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сарабдал саясатының жемісі. Халқымыздың әл-қуаты, тұрмысы жылдан-жылға жақсара түсіп, ана тіліміз елдігіміздің мерейін өсіруде. Біріктіруші және жұмылдырушы күшке айналды. Елбасы жыл сайынғы жолдауларында халықтың әл-ауқатын, білімі мен денсаулығын жақсартуға ерекше назар аударып, жаңа міндеттер белгілеуі халқымызды жаңа биіктерге бастауда. Қазір кеңестік кезеңде екінші қатарға ысырылған халық мүддесі елімізде алдыңғы қатарға, күн сайынғы басты міндетке шығарылды. Бұдан 71 жыл бұрын басталған Ұлы Отан соғысының ауыртпалығы, қайғысы мен қасіреті, халқымыздың ерлігі ешқашан ұмытылмайды.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?