Күркіреп өткен бір соғыс

 Күркіреп өткен бір соғыс

Светхоалық Еркежан
9 сынып,Е. Жайсаңбаев атындағы орта мектеп
Ақсу ауданы,Қапал ауылы
Жетекшісі:Досымбекова Г. С.

Біздің жүрегіміз темір емес, Бірақ біздің кек отымыз қандай темірді болса да ерітіп ,күйдіріп жібере алады. Біздің үрейді жеңетін ең күшті қаруымыз бар,ол –Отанға деген сүйспеншілік. Бауыржан Момышұлы
Ешкім де,ешнәрсе де ұмытылмақ емес!Соғыс-күйретуші күш!Барды жоқ ететін,тауды жер ететін.Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын ажал.Соғыс-атауы құлаққа жағымсыз,тіршілікті қан жылататын,асты қайғы-қасіретке толы қаралы сөз.Осыдан 71-жыл бұрын жер бетін шарпыған сол сұрапыл Ұлы Отан соғысы еді.Неміс фашистерінің аңсап келген арманына батырларымыз 4 жыл ішінде қажымас ерліктерімен тосқауыл берді.Фашистер мақсаты жер бетін отарлап алу еді.Өзара одақ құрып бүкіл әлемді өздеріне қаратпақ болды.Тынышымен өмір кешкелі жүрген халықтың берекесін қашырды.Бұл соғысқа 61 мемлекет жан-жақтан атсалысты Р.Қошқарбаев атамыздың ерлігі тарихта өз ізін қалдырды. Әлия Молдағұлова,Мәншүк Мәметова,Талғат Бигельдинов секілді батырларымыздың ерлігі арқасында тату өмірімізге,бейбіт заманымызға, қуанышты күнімізге жеттік.Сол батырларымыздың тағы бірі Бауыржан Момышұлы. Кеңес одағының батыры,жазушы,Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері.Ол 207 рет ұрысқа қатысты. «Қызыл Жұлдыз»орденімен марапатталды.
Мың құбылып тұрса-дағы бар маңы
Адамзатты алға бастар Ар заңы!
Мір оғындай Момышұлы Бауыржан
Туа біткен туралықтың тарланы.
«Бауыржан жұлдызды болған күн-қазақтың жұлдызы жанған күн» -деп Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев оны халықпен бірге болғанын толғана,тебірене айтады.Ел басымыз елі үшін жанын пида қылғандарды ешқашан назардан тыс қалдырмайды.
Қолдан келген көмегін аямай ардагер аталарымызға жағдай жасап отыр.Бұл Ұлы Жеңіс-Қазақстан тарихының жарқын беттері. Биыл-Ұлы Отан соғысының басталғанына 71-жыл:қазақстандықтардың майдан даласындағы ерліктері мен тылдағы табандылықтары ешқашан ұмытылмайды! Біздің жерлестеріміз майдан даласында елі үшін,жері үшін, отаны үшін ерлікпен шайқасқан болатын.Жаудың қолына бермеу үшін соғыстың алғашқы айларында өнеркәсіптік кәсіпорындардың барлығы тылға көшіріле бастады.Жеңіске Қазақстанның ауыл шаруашылығы да өз үлесін қосты.Республиканың барлық экономикасы өзгерді.Ер азаматтарымыз армияда болғандықтан, ауыр жұмыстарды әйелдер,қариялар істеуге тура келді.Бүкіл ел «Бәрі де майдан үшін,бәрі де Жеңіс үшін!»деген ұранмен еңбек етті.Ұлы Отан соғысының зардабы еліміздегі әрбір адамға,әрбір отбасына тиді десек қателеспейміз.Сонын бәріне,қандай қиындық болса да көнген халқымызға бас иеміз!Олар бізге бейбіт өмірді, шуақты күнді сыйлады.
Бейбіт өмірдегі батырлық пен соғыс кезіндегі батырлық екеуі екі басқа. Олар біреуді соққыға жығып немесе өлтіріп сияқты түрлі зұлымдық жасайды.Сол кезде ержүрек адам келіп,оны құтқарып,тіпті өзіне қауіп төніп тұрса да сол адамды құтқарып алды.Бірақ оған еш мойымайды.Мұндай батырлық жасау әркімнін қолынан келе бермейді.Сондықтан ержүрек,елі,жері үшін қандай жағдай болмасын тұратын батырларымызды құрметтеуіміз керек!Ел алдындағы борыштарын өтеп,еліміздің амандығын,жеріміздің тұтастығын қорғап қалған ерлерге тағзым етеміз.Ардагерлер арқасында біз осы күнге жеттік.Біздің өз қалауымызбен еркін өмір сүріп,мектепте алаңсыз білім алып жатқанымыз, шаттана күлгеніміз, жайраңдап жүргеніміз-бәрі де сол Ұлы Отан соғысы Жеңісінің жемісі.Әрине, соғыс болмасын!Біздер соғысқа қатысып батыр болмайық.Біз бейбіт күннің батырлары болуға тырысайық.Ел үшін аянбай еңбек етіп, білім алып, өз жеріміздің патриоттары болуға талпынуымыз керек!
Отан үшін жанымызды береміз,
Отан үшін барлығына көнеміз.
Отанның да,ананың да алдында,
Осы өмірде парызды өтеп кетеміз.
Отан алдында парызын өтеу үшін,қазақтың қайсар да батыл жігіттері әскер қатарына барады.Ел алдындағы борышын орындайды. Кейбір нәзік жандыларымызда отан алдындағы парызын өтейді.Егер ер азаматтарымыз Отан алдындағы парызын өтемесе жігіт атына сын болар еді.Отан үшін ерлікпен қаза тапқандарды ел әр уақытта есінде сақтайды. Өйткені олар біздің бақытымызды қорғады.Отан үшін,ел үшін құрбан болады.Отанымыздың даңқы-ерлік пен қаһармандықтың даңқы.Біз оның жүріп өткен ерлікке толы жолдарын,азаттық үшін күрескен ерлері мен батырларын ешқашан ұмытпаймыз.Қарттарды,майдангерлерді қадірлейік! Олардың есімі ел есінде мәңгі сақталады.Ұмытылмас тұлғалардың бейнесі біздің көкейімізде ұялап, мәңгі қала бермек.
Сол бір кезеңдегі күркіреп өткен соғыстың қара бұлты сейілді.Біз қазір ұлан-ғайыр,қазақ елінде өмір сүреміз.Біздің осылай ойнап,күліп жүргеніміз сол батыр бабаларымыздың арқасында.Ел үшін талай-талай қиындықтарға шыдап,бізге осындай тәуелсізде ұлан-байтақ қазақ жерін қалдырып кетті.Бізде аманатқа қиянат жасамай қазақ елінің абыройын асқақтата беруіміз керек.Ел басымыз айтқандай бәріде жастардың қолында.
Сен неткен Отан-анам,ғажап едің
Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.
Болашақ ұрпағыңның бақыты үшін,
Жайнай бер,Ұлы Отаным-қазақ елім.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?