Бізге келген жеңіс

 Бізге келген жеңіс

Естай Айсулу
2 сынып, Қ.И.Сәтбаев атындағы орта мектеп- гимназия Ақсу ауданы,
Жетекшісі: Данабатырова Н.И

Ұлы Отан соғысының Жеңісіне 9-шы мамырда 71 жыл толады. Жылдар өткен сайын бізге Ұлы Жеңіс сыйлаған ардагерлеріміздің саны азайып барады. Сондықтан, біздің басты борышымыз, сол майдангерлерімізді сыйлау, құрметтеу, оларға қамқорлық көрсету. Соғыс 1941 жылы басталып 1945 жылы аяқталды. Қазақ елінің азаматтары да соғысқа бірінші күннен бастап қатысты. Отанымызды қорғау үшін жастар да, кәрілер де қатысты. Сол соғыста қаншама адам қазақ тауып, қаншамасы мүгедек болып қайтты, қаншама ана жесір қалып, балалар жетім қалды. Оңай келмеген жеңісте ерлік көрсеткен, ерекше сый-құрметке ие болған майдангерлердің ішінде біздің қазақ аталарымыз бен апаларымыз бар. Біз батырларымызды ешқашан ұмытпаймыз. Біздің елімізде көптеген көшелерге, ғимараттарға, оқу орындарына осы соғыста ерлік көрсеткен қазақ батырларының есімі берілген. Биылғы жеңістің 71 жылдығына орай әр-түрлі қалаларда мерекелік ісшаралар өткізіледі. Ардагерлерге құрмет көрсетіледі. Осы кісілердің арқасында біз бейбітшілікте өмір сүріп жатырмыз. Көп – көп рақмет сіздерге, құрметті ардагерлер!
И.В.Сталин халыққа 1941жылдың 3шілдесінде радио арқылы үндеу жариялады. Оны бүкіл ел тыңдады.Қазақстан халқы соғыстың алғашқы күндерінен бастап-ақ өздерінің борышын өтеп майдандағы армияның қатарын толықтырды. Әскери міндеттілерді әскерге алу өте қысқа мерзімде жүзеге асырылды. Тарихи әдебиеттерде бұл соғыс « Ұлы Отан соғысы» деген атқа ие болды. Бүкіл кеңес халқы ортақ жауға қарсы күреске жұмылды. Алғашқы күндердің өзінде ақын В.Лебедев-Кумач пен компазитор А.Александров жауға қарсы күресте көпке ортақ ән ұранға айналған «Қасиетті соғыс» әнін шығарды. Қатарында мыңдаған қазақстандықтар да болған кеңес жауынгерлері Ұлы Отан соғысының алғашқы күндерінен бастап барлық майдандарда фашистік басқыншыларға қарсы қиян-кескі жүргізді. 1942 жылдың 1қаңтарына дейін Қазақстанда армия қатарына 300 мыңдай, ал соғыс кезінде 1млн 200 мыңнан артық қазақстандық әскери міндеттілер шақырылды. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап барлық жерде әскери құрамалар мен бөлімдер құрыла бастады. 20-дан астам атқыштар дивизиясымен басқа да құрамалар құрылды. Фашистермен шайқастарда 328-ші, 310-шы, 312-ші,314ші,316-шы,387-ші,391-ші,8-ші,29-шы,102-ші,405-ші атқыштар дивисиясы, 100-ші және 101-ші ұлттық, 81-ші,105-ші,106-шы атты әскер дивизиялары, 74-ші және 75-ші теңіз атқыштар бригадалары, 29-Зайсан, 219-Микоменттік, 85-ші Зениттік, 662-ші, 991-ші, 992-ші авиациялық полктар даңққа бөленеді. Көрсеткен ерліктері үшін 316-дивизия 8-гвардиялық дивизия болып қайта құрылды. Майданға 14,1 мың жүк және жеңіл автокөлік, 1,5 мың шынжыр табан трактор, 110,4 мың жылқы мен 16,2 мың арба жіберілді. Мәскеу түбіндегі ұрыстарда қазақ халқының көптеген ұлдары ерлікпен шайқасты. Олардың ішінде Кеңес Одағының Батырлары – Мәлік Ғабдуллин, Бауыржан Момышұлы, Рашид Жанғазин, Төлеген Тоқтаров, Рамазан Елебаев, Төлеуғали Елебековтер бар. Мәскеу үшін болған шайқаста полковник Г.П. Коротков басқарған 238-атқыштар дивизиясындағы қазақстандық жауынгерлер өздерін даңққа бөледі. Дивизия жауынгерлік Қызыл Ту орденмен марапатталып, табандылығы, ержүректігі мен батырлығы үшін 30шы гвардиялық дивизия болып қайта құрылды. Алексин қаласы үшін шайқастарға қазақ халқының аты аңызға айналған батыры Амангелді Имановтың ұлы, қатардағы автоматшы – Рамазан Амангелдиев қатысты. Қазақстандықтар тек майдандарда ғана емес, жау тылында да шайқасты. Елдің басқа халықтарымен бірге олар жау уақытша басып алған аумақтардағы партизандық қозғалысқа қатысты. Украинаның партизандық құрамалары менотриядтарында 1500, Ленинград облысында 220-дан астам қазақ шайқасты. Смоленск облысындағы 15 партизан бригадалары мен отрядтарында 270 қазақстандық ұрыстарға қатысты. Белоруссияның әр түрлі аймақтарында әрекет еткен 65 партизан бригадалары мен отрядтарының құрамында 1500-ден аса қазақстандық болды. Соғыс жылдары партизан қозғалысына қатынасқан қазақстандықтардың саны 3,5 мыңға жетті. Партизандық қозғалыстың Ғалым Ахмедияров, Ғалым Омаров, Нұрым Садықов, Қасым Қайсенов, Нұрым Сыздықов, Әди Шәріпов, Тәжіғали Жангелдин батырларымыздың есімі көпке танылды. Халық кекшілдерінің қатарында қазақстандық әйелдер – Нұрғаным Байсейітова, тұрғаш Жұмабаева, жамал Ақәділова аянбай шайқасты. Еуропа елдерінде Қарсыласу қозғалысына қатысушы қазақстандықтар фашистерге қарсы күресте қайсарлықтары мен ерліктерін көрсетті. Поляк партизандық жасақтарында Жамбыл облысынан Омар Тойымбетов тағы басқалары шайқасты. Словакиядағы Турея өзені бойында қазақстандық Петр Величконың басшылығымен партизандық құрама жасақталды. Қазақстандық 23 жауынгер итальяндық қарсыласу қозғалысы құрамында – Қарағандыдан Тәкіш Әлпейісов, Қалданбек Дүйсенбеков, Ақтөбеден Жаймақ Келшіков, Целиноград облысынан Николай Дрожаков және Топай Сәдуақасов жаумен қасық қаны қалғанша шайқасты.
Соғыстың басынан аяғына дейін әскери бөлімдер ретінде шайқасқан 12 қазақстандық дивизияға құрметті атақтар берілді. Олардың бесеуі – бір орденмен, төртеуі – екі орденмен, екеуі – үш орденмен марапатталды. 5 дивизия гвардиялық дивизияларға айналды. Әскери ерліктері үшін жүздеген мың қазақстандықтар ордендер мен медальдармен марапатталды, 497 қазақстандық Кеңестер Одағының Батыры атанды. Бұл атақты 97 қазақ иеленеді, олардың ішінде қазақ қыздары - Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова бар. Төрт қазақстандық ұшқыш – Талғат Бигелдинов, Леонид Беда, Иван Павлов, Сергей Луганский Кеңес Одағының Батыры атағына екі мәрте ие болды. 1990 жылы 11 желтоқсанда көрнекті қолбасшы Бауыржан Момышұлына да осы құрметті атақ берілді. 1941 Бауыржан Момышұлы аға лейтенант шенінде батальонды басқарып, Мәскеу түбіндегі шайқастарда өз құрамасын жау қоршауынан үш рет алып шықты. Соғысты Б. Момышұлы полковник шенінде аяқтады. Әділеттілік тек 45 жылдан соң, қазақтың ұлттық батыры өмірден қайтқаннан кейін ғана қалпына келтірілді.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?