Біз бірге жеңдік!
Диас Ақерке
9 сынып, Балтабай орта мектебі
Еңбекшіқазақ ауданы
Жетекшісі: Омаржанова А.У.
9 сынып, Балтабай орта мектебі
Еңбекшіқазақ ауданы
Жетекшісі: Омаржанова А.У.
Мен – патриотпын! Ал «патриот» дегеніміз не? «Патриот» - дегеніміз кең мағыналы, көп сатылы ұғым. Патриоттық сезімді бір сөзбен немесе бір оймен жеткізе алмаймын. Еліме деген сүйіспеншілік, адалдық, тіліме, дініме деген сүйіспеншілік. Бұлардың бәрін сөзбен жеткізу мүмкін емес. «Патриотизм»- көне грек тілінен «патрис» сөзінен шыққан. Қазақ тіліне аударғанда «Отан», «Атамекен» - деген мағынаны білдіреді. Патриот болу - өзіңнің тіліңмен, еліңмен, туған жеріңмен мақтансаң міне сол патриоттық сезім. Патриот – болу тек қана ұлттық киім киіп, халық әнін тыңдаумен ғана шектелмейді, сонымен қатар халық дәстүрін дәріптеп, оны құрметтей білумен жалғасады. Қазақтың тұңғыш ғалымдарының бірі Ш.Уәлиханов өзінің патриоттық сезімін былай жеткізген – « Менің патриоттық сезімім ірбіт сандығындай, мен ең алдымен өз отбасымды, туған-туыстарымды қадірлеймін, одан соң ауыл-аймақ, ел-жұртым, руластарымды, одан соң халқымды, одан соң Сібір орыстарын, Ресей жұртын қадірлеймін », - деп өз патриоттық сезімін білдірген. Бұл сөзден - патриотизм отбасынан бастау алып, әулетіне, туыстарына деген сүйіспеншіліктен барып халқына одан кейін сол кездегі алдыңғы қатарлы ел Ресейді атап айтуыда патриотизмнің халқыаралық мәдени қатынастардығ негізі екенін көрсетіп тұр. Қазақтың барлық ақындары десекте болады, өздерінің алғашқы өлеңшумақтарын өз еліне арнайды. Өздерінің «еліне, жеріне - деген сүйіспеншіліктерін»- өлең шумақтарымен жеткізген. Менде өзімнің еліме, туған жеріме деген махаббатымды өлең шумақтарымен білдіргім келеді:
Отаным бар менің ол – Қазақстан!
Ата-бабам жан беріп, жан алысқан.
Дамытамын, қорғаймын Отанымды.
Кетпес үшін бабамның қаны босқа!
Мен өткенге көз жүгіртіп ата-бабамыздың осы кең байтақ жерін қалай қорғағанын айтқым келеді. Ұлы Отан соғысының басталуынан бастасам – бұл соғыс халқына, барша жұртқа үлкен, алапат жаңалық ашты: Германияда өкімет басына фашистердің келуі және олардың Еуропадағы агрессияшылдық іс-әрекеттері Кеңес Одағы мен гитлерлік Гермнияның арасында соғыстың болмай қоймайтындығын айқын көрсетті. 1941жылы 22маусымда фашистік Германия өзара шабуыл жасаспау жөніндегі кеңесгерман шартын бұзып, неміс армиясы соғыс жарияламастан КСРО аумағына баса-көктеп кірді. Жер бетінде болып өткен соғыстардың ішіндегі ең қатал, әрі ауыр соғыс басталды. КСРО-ға қарсы соғысқа Германияның одақтастары – Румыния, Венгрия, Италия, Словакия, Финляндия қатысты. Гитлершілдердің жағында соғысқа кіруге Жапония, Балгария, Түркия, Испания дайын тұрды. Бұл жағдай Қызыл Армияны Қиыр Шығыс пен Закавназьеде ірі әскери құрамаларын ұстап тұруға мәжбүр етті. Ұлы Отан соғысы Екінші дүниежүзілік соғыс орасан зор кеңістікте жүргізілгенімен соғыс қимылдары кеңес елдерінің аумағында өтті. Кеңес Одағы Ұлы Отан соғысына дайындықсыз кірісті. 1930жылдардағы әскерилерді қуалау соғыстың алғашқы күндерінде сәтсіздіктерге ұшыратты.
И.В.Сталин халыққа 1941жылдың 3шілдесінде радио арқылы үндеу жариялады. Оны бүкіл ел тыңдады.Қазақстан халқы соғыстың алғашқы күндерінен бастап-ақ өздерінің борышын өтеп майдандағы армияның қатарын толықтырды. Әскери міндеттілерді әскерге алу өте қысқа мерзімде жүзеге асырылды. Тарихи әдебиеттерде бұл соғыс « Ұлы Отан соғысы» деген атқа ие болды. Бүкіл кеңес халқы ортақ жауға қарсы күреске жұмылды. Алғашқы күндердің өзінде ақын В.Лебедев-Кумач пен компазитор А.Александров жауға қарсы күресте көпке ортақ ән ұранға айналған «Қасиетті соғыс» әнін шығарды. Қатарында мыңдаған қазақстандықтар да болған кеңес жауынгерлері Ұлы Отан соғысының алғашқы күндерінен бастап барлық майдандарда фашистік басқыншыларға қарсы қиян-кескі жүргізді. 1942 жылдың 1қаңтарына дейін Қазақстанда армия қатарына 300 мыңдай, ал соғыс кезінде 1млн 200 мыңнан артық қазақстандық әскери міндеттілер шақырылды. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап барлық жерде әскери құрамалар мен бөлімдер құрыла бастады. 20-дан астам атқыштар дивизиясымен басқа да құрамалар құрылды. Фашистермен шайқастарда 328-ші, 310-шы, 312-ші,314ші,316-шы,387-ші,391-ші,8-ші,29-шы,102-ші,405-ші атқыштар дивисиясы, 100-ші және 101-ші ұлттық, 81-ші,105-ші,106-шы атты әскер дивизиялары, 74-ші және 75-ші теңіз атқыштар бригадалары, 29-Зайсан, 219-Микоменттік, 85-ші Зениттік, 662-ші, 991-ші, 992-ші авиациялық полктар даңққа бөленеді. Көрсеткен ерліктері үшін 316-дивизия 8-гвардиялық дивизия болып қайта құрылды. Майданға 14,1 мың жүк және жеңіл автокөлік, 1,5 мың шынжыр табан трактор, 110,4 мың жылқы мен 16,2 мың арба жіберілді. Мәскеу түбіндегі ұрыстарда қазақ халқының көптеген ұлдары ерлікпен шайқасты. Олардың ішінде Кеңес Одағының Батырлары – Мәлік Ғабдуллин, Бауыржан Момышұлы, Рашид Жанғазин, Төлеген Тоқтаров, Рамазан Елебаев, Төлеуғали Елебековтер бар. Мәскеу үшін болған шайқаста полковник Г.П. Коротков басқарған 238-атқыштар дивизиясындағы қазақстандық жауынгерлер өздерін даңққа бөледі. Дивизия жауынгерлік Қызыл Ту орденмен марапатталып, табандылығы, ержүректігі мен батырлығы үшін 30шы гвардиялық дивизия болып қайта құрылды. Алексин қаласы үшін шайқастарға қазақ халқының аты аңызға айналған батыры Амангелді Имановтың ұлы, қатардағы автоматшы – Рамазан Амангелдиев қатысты. Қазақстандықтар тек майдандарда ғана емес, жау тылында да шайқасты. Елдің басқа халықтарымен бірге олар жау уақытша басып алған аумақтардағы партизандық қозғалысқа қатысты. Украинаның партизандық құрамалары менотриядтарында 1500, Ленинград облысында 220-дан астам қазақ шайқасты. Смоленск облысындағы 15 партизан бригадалары мен отрядтарында 270 қазақстандық ұрыстарға қатысты. Белоруссияның әр түрлі аймақтарында әрекет еткен 65 партизан бригадалары мен отрядтарының құрамында 1500-ден аса қазақстандық болды. Соғыс жылдары партизан қозғалысына қатынасқан қазақстандықтардың саны 3,5 мыңға жетті. Партизандық қозғалыстың Ғалым Ахмедияров, Ғалым Омаров, Нұрым Садықов, Қасым Қайсенов, Нұрым Сыздықов, Әди Шәріпов, Тәжіғали Жангелдин батырларымыздың есімі көпке танылды. Халық кекшілдерінің қатарында қазақстандық әйелдер – Нұрғаным Байсейітова, тұрғаш Жұмабаева, жамал Ақәділова аянбай шайқасты. Еуропа елдерінде Қарсыласу қозғалысына қатысушы қазақстандықтар фашистерге қарсы күресте қайсарлықтары мен ерліктерін көрсетті. Поляк партизандық жасақтарында Жамбыл облысынан Омар Тойымбетов тағы басқалары шайқасты. Словакиядағы Турея өзені бойында қазақстандық Петр Величконың басшылығымен партизандық құрама жасақталды. Қазақстандық 23 жауынгер итальяндық қарсыласу қозғалысы құрамында – Қарағандыдан Тәкіш Әлпейісов, Қалданбек Дүйсенбеков, Ақтөбеден Жаймақ Келшіков, Целиноград облысынан Николай Дрожаков және Топай Сәдуақасов жаумен қасық қаны қалғанша шайқасты.
Соғыстың басынан аяғына дейін әскери бөлімдер ретінде шайқасқан 12 қазақстандық дивизияға құрметті атақтар берілді. Олардың бесеуі – бір орденмен, төртеуі – екі орденмен, екеуі – үш орденмен марапатталды. 5 дивизия гвардиялық дивизияларға айналды. Әскери ерліктері үшін жүздеген мың қазақстандықтар ордендер мен медальдармен марапатталды, 497 қазақстандық Кеңестер Одағының Батыры атанды. Бұл атақты 97 қазақ иеленеді, олардың ішінде қазақ қыздары - Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова бар. Төрт қазақстандық ұшқыш – Талғат Бигелдинов, Леонид Беда, Иван Павлов, Сергей Луганский Кеңес Одағының Батыры атағына екі мәрте ие болды. 1990 жылы 11 желтоқсанда көрнекті қолбасшы Бауыржан Момышұлына да осы құрметті атақ берілді. 1941 Бауыржан Момышұлы аға лейтенант шенінде батальонды басқарып, Мәскеу түбіндегі шайқастарда өз құрамасын жау қоршауынан үш рет алып шықты. Соғысты Б. Момышұлы полковник шенінде аяқтады. Әділеттілік тек 45 жылдан соң, қазақтың ұлттық батыры өмірден қайтқаннан кейін ғана қалпына келтірілді. « Даңқ орденінің толық иегері » атағына 110 қазақстандық ие болды. 1941 жылы 26 маусымда әуеде от-жалынға оранып бара жатқан бомбалаушы ұшағын жау танкісі колоннасы үстіне шүйілтіп, жандарын пида еткен қазақтың баһадүр ұшқышы Бақтыораз Бейсенбаев пен ұшақ экипажына 1996жылы 2мамырда Ресей Федерациясының Батыры атағы берілді. Рейхстагқа тікелей шабуыл жасап, оған Жеңіс туын тіккендердің қатарында қазақстандықтар Р.Қошқарбаев, капитан Б.В.Чупрета, минаметшы А.Бақтыгереев, пулеметші А.Е.Вешко байланысшы К.М.Волочаевтар болды.
1945жылы 8мамырда Патсдамда гитлерлік Германияның сөзсіз тізе бүгу Актісіне қол қойылды. Сол жылдың 2 қыркүйегіндегі американдық «Миссури» линкорының бортында мелитаристік Жапонияның сөзсіз тізе бүгуі жөніндегі актіге қол қойылды. Бұл оқиғаның жедел өткізілуіне: біріншіден, Кеңес Армиясының Қиыр шығыста Жапондық Квантун армиясын қысқа мерзімде талқандауы, екіншіден, американдықтардың жапон қалалары Хиросима мен Нагасакиге екі атом бомбасын тастауы себепші болды. Жапонияның тізе бүгуімен екінші дүниежүзілік соғыс аяқталды. Ұлы Отан соғысының сол бір отты жылдардағы оқиғалар қазақ музыка өнерінің барлық жанрында – халықтық өлеңдер, дәстүрлі аспаптық музыкадағы авторлық шығармалар, камералық аспаптың музыкадан жанжақты суреттеліп, кеңінен орын алды. Көптеген әнші апаларымыз соңыс кезінде күш берген, қайрат берген өлеңдер шығарып майдан жауынгерлерге демеу берген. Отан соғысына қатысып елін қорғауда от кешкен жауынгерлердің арасында Әли Базанов, Қасым Аманжолов, Рамазан Елебаев, Мәлік Жаппасбаев, Смағұл Көшекбаев секілді ақын, сазгерлер болды. Олар-дың шығармашылығындағы бірқатар әндер сол уақытта отан сүйгіштік рухта шығып, жауынгерлер арасында айтылып жүрсе, нәзік лирикалық әндерінің бір бөлігі елге жетіп, танымал болды. Мәскеу мемлекеттік консерваториясының студенті композитор Р.Елебаев (1910-1943) қазақ атты полкінің әскери қызметінде жүргенде, осы полк маршына айналған «Жолдастар» әнін, майдандағы солдаттарды ерлікке жігерлендіретін «Талғар полкінің маршы», «28батыр», «23-полк маршы» атты әндер шығарды. Р.Елебаев көптеген шығармаларын майдандастарына арнап оларға күш, жігер берді.
Қорытындылай келе өз халқым жайлы жазғым келед:менің халқым өте қонақжай халық. Көптеген ауыр кезеңдерге мойынсынбай осындай бейбіт, тәуелсіз елге айналып отырмыз. Қазақ болып бәріміз жұмылып осы күнге жеттік. Мен өзімнің қазақ екеніме мақтанамын! Мен өз халқымның көнбеске көніп, шыдамасқа шыдап, барлық жағайды ақылмен ойлап шешкеніне қайран қаламын. Қазақтар талай жерде қырылып кете жаздады. Бірақ, өмірге деген құштарлық, азаттыққа құштарлық халықтың еңсесін көтеріп, алға жетеледі. Мен өз жерімді, халқымды сүйемін. Оның мені бала кезімнен парасаттылық – қа, сабырлыққа, мейірімділікке баулығанына мақтанамын. Бейбіт тәсілдерге ғана жүгініп, кикілжіңді жүрекпен шешетіндігім сондықтан шығар. Қаншама қиындық көрсе де, абзалдығы мен сабырлығын сақтай білген халықты, XXI ғасырда тыныш, бейбіт өмір сүріп, көптеген белестерден көрінген еліммен, бейбіт халқыммен – мен қалайша мақтанбаймын! Өз халқымның алдында бас иемін! Қазіргі таңда жастарымыз, өткенге көз жүгіртпейді. Ата-бабамыздың бізді осындай бейбіт өмірге қалай алып келгенін, қандай қиындықпен жеткенімізді біле-білмейді. Көптеген кітаптар оқып, өткенге біраз көз жүгіртсек, халқымыздың қайтпас қайсар екеніне тағыда көз жеткіземіз. Осындай бейбіт халықты бір тудың астына жинаған Н.А.Назарбаев атамыздың арқасы! Мен өз еліммен мақтанамын! Менде өз еліме қызмет жасап еңбек сіңіргім келеді. «Болашақ – жастардың қолында» демекші, туған жерімізді қастерлей білейік!!!

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Шығармалар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?