Менің елімнің жеңісі
Алмас Үкілай
8 сынып, М.Ғабдуллин атындағы орта мектеп
Қарасай ауд, Абай ауылы
Жетекшісі: Мансурова А.А.

Міне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына да 71 жыл өтті. Осы жеңіске жету үшін қаншама аға-әпкелеріміз соғыста ерлік көрсетті, қан төкті. Өздерінің ұрпақтарының еркіндікте, бейбітшілікте өмір сүруі үшін жанын салды. Қан майданда жан аямай соғысты. Қаншама қиыншылықтарды бастарынан өткерді. Сондықтан, біз оларға үлкен құрметпен қарауымыз керек. Біздің осындай бейбітшілікте өмір сүріп жатқанымыз, еш соғыссыз өтіп жатқан күніміз, бәрі-бәрі қазақтың батыр ұлдарының арқасы. Ұлы Отан соғысының басталғанына да 75 жыл да болды. 22 маусым- барлық посткеңестік елдердің тарихындағы ең қайғылы күннің бірі.
Осыдан 75 жыл бұрын, 22 маусым күні таң ата бастағанда фашистік Германия Кеңестік Социалистік Республикалар Одағына шабуыл жасады. Соғысты бірінші болып қарсы алғандардың қатарында Кеңес Одағының батыс шебін күзеткен ондаған мың қазақстандық шекарашылар болды. Атақты Брест гарнизонының өзінде 1941 жылдың көктемінде біздің 3 мыңдай жерлесіміз қызмет еткен, шілде айында олардың көпшілігі әскерден елге қайтулары керек болған. Бірақ жаудың шабуылы олардың осы жоспарларын күл-талқан етті. Соғыс өрті ішке қарай тез еніп, Брест қамалының тірі қалған қорғаушылары партизандар қозғалысына қосылды. Олардың қатарында 190 қазақстандық болған және олардың көбісінің сүйегі беларусь жерінде қалған. Соғыс кенеттен басталғанымен, Қазақстан, бүкіл Кеңес Одағы сияқты, алғашқы күннен бастап жұдырықтай жұмылды. Республиканың түкпір-түкпірінен соғысқа қатысуға ерікті жандар алынды.
Кеше ғана мектеп партасында отырған бозбалалар мен бойжеткендер де, қала мен ауыл тұрғындары да соғысқа сұранды. Ұлы Отан соғысы 4 жылға созылды. Майдан даласында 600 мыңнан астам қазақстандық қаза тапты. Соғыста қаза тапқандардың саны туралы мәлімет бүкіл әлемді дүр сілкіндірді. Жекелеген мәліметтер бойынша, адамзат тарихындағы бұл ең үлкен соғыс 20 миллионнан астам кеңес азаматтарының өмірін қиды. Елімізде Ұлы Отан соғысында аса ерлік көрсеткен адамдардың, және қатысқан қазақ ерлерінің ескерткіштері қойылды. Бүгінде еліміздің түрлі қалаларындың орталықтарынан батырларымыздың ескерткіштерін көруге болады. 22 маусым күні ескерткіштерге гүл шоқтары қойылып, осы күнді еске алады.
Біздің ата-бабаларымыздың батырлықтары мен жанқиярлықтары, олардың өз Отанына деген шексіз сүйіспеншіліктері Қазақстанның бүгінгі жауынгерлеріүшін мақтан тұтарлық үлгі ғана емес, бұл бірнеше ұрпақты байланыстыратын қоғамның рухани дамуы мен ұлттың қайта өрлеуінің жоғары адамгершілік негізі болып табылады. Жеңіс күні –біздің абыройымыз бен даңқымыздың мерекесі. Ата-бабалармыздың табандылығы мен ерлігі, Отанға деген сүйіспеншілігі, қатал соғыста жеңіске жеткізді. Сол бір жылдары қазақ халқы өзінің Отанына, жеріне деген патриоттық сезімін, ұлттық мақтаннышын дәлелдеді. 500-ден астам жерлестеріміз, соның ішінде 96 қазақ Кеңес Одағының батыры атағын алды. Олар: Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигельдинов, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова және тағы басқа батырлар... Ер-есімі ел есінде мәңгі сақталады. Ешкім де,ештеңе де ұмытылмақ емес. Біз өз аталарымызды мақтан тұтамыз өйткені, олар біз үшін Отан үшін соңғы демі қалғанша күресіп, бізге жеңіс сыйлады. Бұл жеңістің басты себебі, әрине, халқымыздың сүйіспеншілігі, отаншылдық қасиеті. Қанша жылдар өтседе, бұл соғыста ерлікпен қаза тапқан батырларымыздың тарих төрінен орын алатыны анық, және мәнгі жеңіс алауын сөндірмей, көк туымызды биік ұстап, Отан үшін от кешкендерді жүрек түкпірімізде ұстаймыз. Мен өз елімді ерекше мақтан тұтамын. Батыр, жаужүрек ағаәпкелеріміздің болғанына қуанамын. Елімнің жеңісіне , бейбітшілікте қиналмай өмір сүріп жатқанымызға мақтанышпен қараймын.
Олар біз үшін жанын қиды. Сондықтан, бұл соғысты ешкім де ұмытпауы, ешнәрсе де ұмытылмауы керек.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Шығармалар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?