Ерліктің белгісіндей ару-ғұмыр
Төлеубайқызы Меруерт
9 класс Б.Алманов атындағы орта мектебі
Ырғыз ауданы, Ақтөбе облысы
Жетекшілері: Мұхтарова Ғазиза Қалмағанбетова Нұргүл

... Авторы есімде жоқ. ұмытпасам «Жас алаш» газетінен ғой деймін, «Мәңгілікке ұмтылған тоғыз тырна» деп аталатын мақаланы оқығам... Ресей елінің Самара облысындағы Үлкен Киннель өзенінің жанындағы тік жарқабақ пен сол жарқабақтың үстінде орнатылған солдат Анасы мен оның тоғыз перзентінің құрметіне қойылған керемет ескерткіш бар екен. Мақаланы оқыдым, ескерткішті көрдім де, қайран қалдым, қараптан-қарап көзіме жас тығылды. Өмір бойы күйеуі мен балаларының тілеушісі болып келген қайран Ана жүрегі ғұмыр бойы күткен үмітінің бір-ақ сәтте тасқа айналғанын көтере алмады ма, әлде барлық аналық мейірімін соғыс ұрлаған қатыгез тағдырына налыды ма соңғы – «қара қағаз» келген күні бұл өмірден жүріп кетіпті. Сол анаға, ерліктің Анасына қойылған ескерткіш сонау көкжиекке – балалары кеткен жаққа сол күйі қалт етпестен қарап тұр. Кеудесі шыраққа, жанары үмітке толы, келбетінде арманын сағынышқа суарған мұң бар секілденеді. Өз халқына деген шексіз махаббаттан тұратын төзім арқалағандай... Ана мүсінінің үстімен мәңгілікке ұмтылған тоғыз тырна әлдеқайда тыраулап ұшып бара жатыр...
Ана, қашан да Ана! Орыс солдаты Анасының жүрегіндегі асыл арманы, бойындағы ерлігі мұңы бір барлық Аналардың мұратымен астасып жатты. Қайнаған еңбек даласында жаулығы желбіреп, әлсін-әлсін көкжиекке көз тастап, бұлдыраған сағым арасынан қараңдаған сұлба іздеп үміттенген Аналардың бел қайысар қасіретін шертіп тарих беттері қан жылайды. Осы мақаланы оқи отырып, зілмауыр қасіретті, қайғыны нәзік иығымен арқалай білген қазақ әйелі,
Бала дәурен өтті ғой құйындаған,
Балы менен шекері бұйырмаған, - деп жылай жүріп, көкелерін сағына жүріп ержеткен соғыс жылдарындағы балалар, рухын құлатпаған, жігерлері жасымаған, ерлік пен батырлықтың үлгісін көрсеткен аталарымыздың ерліктерін еске түсірдім, түсірдім де «өзім жығылсам жығылайын, бірақ халқымның туы жығылмасыншы» деп өзін құрбандыққа шалған бабаларымыздың бүгінгі ұрпағының атынан бас иіп, тағзым еттім...
Қандай ғана анадан туады адам
Сәбилердің ұйқысын қуалаған?!
О, Тыныштық! Тыныштық, қандай рахат!
Қандай рахат сәбилер жыламаған.
Соғыс балалық бал дәуреніне жазылмас жара, көкірегіне қорғасындай өшпес дақ қалдырған 41-ші жылдың балалары... Олар туралы біз Д.Исабековтың, С.Мұратбековтың, Б.Соқпақбаевтың, Т.Ахтановтың шығармаларынан оқып-білдік, біз соғысты көрген жоқпыз, бірақ соғыс салған жараның ізін соғыста жараланып, майдан даласына аяғын қалдырған бүгінде арамызда жоқ ауылымыздағы Ерғали атаның, соғыс зардабынан қос жанарын жоғалтқан Дүзелбай атаның әжім торлаған жүздерінен байқадық, олардың қанға шомған тарихтан шерткен сырларынан түсіндік, «Сендер соғысты көрмесеңдер екен, соғыстың соңғы куәгерлері біз болайық» деп күбірлейтін әжелеріміздің арман-тілегінен ұғындық. Қабаққа қайғы қондырған, сәби жүректерді дір еткізген сұрапыл соғыс өрті шарпымаған шаңырақ аз болды ма, сірә?
Белін шарт буынып, қолына күрек – кетпенін ұстаған келіншек, жарын күткен әйел, жалғызын жоғалтқан Ана, әкесін аңсаған бала Батысқа қарап елеңдеп, соғыстың қайғы – қасіретін арқалай жүріп ұлы Жеңісті жақындатты. Ел басына күн туғанда ер – азаматтарымен тізе қосып, атқа қонған «ерліктің қос қанаты» Әлия мен Мәншүк, жаулары «қанатты түнгі мыстан» деп сескенген, достары «қазақтың қыран қанатты қызы» деп масаттанған Хиуаз апаларымыз болашағымызға бағдаршам болып ақсақал тарихымыздың көшбасында тұр. Қаһарлы соғыс жылдары мұз жастанып, қар кешкен, ерлермен қатар сапқа тұрған қазақтың қайсар қызы Әлия апамыз бүкіл халқымыздың қанына тән қасиетті танытты. Қазақтың қаршадай мерген қызы алған бетінен қайтпайтын табандылығымен ұрпаққа өнеге болатындай ерлік көрсетті, ол бар болғаны 19-да еді. Бой түзейтін қыз-ғұмыры қанға боялып, сән түзейтін шағында ажал құшты. Оны жалындатқан да, жасытпаған да – бойдағы кез келген ер адамға біте бермейтін көзсіз батырлығы, Отанға деген сүйіспеншілігі.
Ал, соғыс басталғанда «ағайым да, апайым да жоқ, фашистерді жою үшін майданға өзімді жіберіңіз», деп 18-жасында өтініш жазған Мәншүк ерлермен қатар қиындықтарды өткерді, ну ормандардан өтті, судан жүзіп өтіп, жер жорғалап, пулемет атып үйренді, сол қан майданда Мәншүк 22 жасында ерлікпен қаза тапты. Гүл ұстайтын нәзік саусақтары зілдей ауыр «Максимканы» сүйрей жүріп соғысты. «Мәншүк» деп еркелетер есімін наздана жүріп естімеген қазақтың қайран Мәнсиясы-ай !!! Кез келген қыз аңсайтын мөлдір махаббатын отқа оранған майдан даласына ауыстырған Қыз – ғұмырлар жүректеріңе гүл тағылмаса да, Отан жүрегіне гүл болып мәңгілікке өсіп шықты. «Кеңес Одағының Батыры» атағын алған «Шығыстың қос шынарының» есімдері тарих парағының алтын әріптермен жазылып қалды.
Ұлы Отан соғысы жылдарында әйгілі ұшқыш Марина Раскованың полкінің құрамында болып, ерліктің ерен үлгісін көрсеткен Хиуаз әжеміз жау тылында есепсіз аспанға көтеріліп теңдессіз ерлігі үшін «қанатты қыз» атанды. Неміс – фашистерінің ошағын тып – типыл етіп, бомбалаған жауынгерлік ерліктері ұшан – теңіз, 300 – ден аса әуеге көтеріліп, жаудың әскери техникасын талқандауда асқан ерлік көрсеткен Хиуаз Доспанова соғысты Берлин түбінде аяқтап, Жеңіс күнін Мәскеудің Қызыл Алаңында тойлаған. Өкініштісі сол, көк аспанда қыран болып самғаған Хиуаз әжеміздің ерлігі де, есімі де көп жылдар бойы тиісті бағасын ала алмай, тек Жеңістің 60- жылдығында ғана жасы 80-нен асқанда Елбасымыздың жарлығымен «Халық қаһарманы» атағы берілді. Ия, осылайша ел басына күн туған шақта Қазақ Қызы тек мейірімділіктің, төзімділіктің, табандылықтың ғана емес, ерліктің де айнасы екендігін дәлелдеді. Шынында да осындай Қазақ Қызы,Қазақ Анасы ерліктің де, елдіктің де нұрын сеппесе, біз бүгінде өз Ата Заңы, өз Елтаңбасы, өз Әнұраны, өз Көк Туы бар, әлем мойындаған мемлекет болып айрандай ұйып отыруымыз да неғайбыл еді...
Бейбіт көктемнің таңы атқалы да 71-ші жылға аяқ бастық, бейбітшілік құсының көк аспанда қалықтағанына да – 71 жыл, 71 күз, 71 қыс, 71 жаз. Біз соғысты көрмедік, бірақ Жеңістің қаншалықты қымбатқа түскенін кіп-кішкентай жүрегімізбен түсіндік. Бүгінгі ұрпақ бейбіт заман мен мынау дүрбелеңге толы дөңгеленген дүниедегі әрбір тыныш атқан таңымыз үшін аға ұрпақ алдында мәңгі қарыздармыз.
Қан майданда от кешкен, қар жамылып, мұз жастанған, туған жерден бір уыс топырақ та бұйырмаған олардың ерлігі тек шежіре ғана емес, үлкен өнеге. Жаужүрек, өр рухты дана халықтың ұрпағына Елбасымыздың «Білектің күші, найзаның ұшы бүгіндей қилы заманда ел қауіпсіздігін сақтауда жеткіліксіз. Терең ақыл, асқан білім, біртұтас бірлік қажет» деген сөздері жігерді жанып, қайсар рух беретін жалынды сөздер.
Қасиетті Хадисте «Иманды адам ең әуелі – өзіне қорған, елінің де нағыз қорғаны» деген сөз бар. Діндердің ең әділі – Ислам діні – Бейбітшілік діні. Олай болса, иманды ұрпақ – туып – өскен отбасының, ауылының, Елінің қорғаны. Мен де сондай азамат болып, ел дамуына өз үлесімді қоссам мақсаттарымның бір бөлшегі орындалғаны деп білер ем.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Шығармалар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?