Ешқашан ұмытылмайды
Мадиева Арайлым
2 курс, Мұғалжар гуманитарлы –техникалық колледжі
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласы
Жетекшісі : Байланов Ғани Жарасқанович

Тарихқа көз салып қарасам адамзат қоғамы көптеген қиыншылықтарды басынан кешіргенін көремін. Біздің ортақ анамыз – Жер бетінде адам баласы пайда болғанннан бері, дүние жүзінде небір алапат соғыстар, небір апатты жағдайлар, небір қанқұйлы оқиғалар болып өткен екен. Сондай адам түршігерлік қанқұйлы оқиғалардың бірі 1941-1945 жылдар арасында болып өткен,тарихта ойып алардай орын қалдырған ІІ дүниежүзілік соғыс еді. Гитлер бастаған фашистік германия өзінің Совет Одағымен жасаған келісім шартын бұзып, жайбарақат бейбіт өмір сүріп жатқан Советтер еліне тұтқиылдан шабуылдап, бірнеше жылға созылған қанқұйлы соғысты бастап жіберді. Гитлердің ойы Барбаросса жоспары бойынша Совет Одағын тез арада жеңіп алу еді. Соғыстың алғашқы айларында Гитлердің ойы іске асқандай болып көрініп, Совет әскерлері кейін шегінді. Барша әлем енді не болар екен – дегендей, іштей тына қалды. Әрине, соғыстың алғашқы кезіндегі совет әскерлерінің оңбай жеңіліуі көптеген себептерге байланысты еді. Біріншіден-совет үкіметі соғысқа дайын емес еді,екіншіден - Совет Үкіметі халықты «соғыс болмайды» - деп сендіріп тастаған еді, үшіншіден әскери қару-жарақ жарамсыз болып шықты. Бүкіл дүние жүзі «Совет Одағының күні бітті»- деп ойлап қалды. Бірақ олай болмады.
1941 жылы 22 маусымда Германия және оның одақтастары (Италия, Венгрия, Финляндия, Румыния) совет-герман келісімін бұзып, Совет Одағына қарсы соғыс ашқаннан бері Совет Одағының құрамындағы 15 республиканың халқы бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып дегендей,жұдырықтай жұмылып фашистік германияға қарсы шықты. Бұл соғысқа тек орыстар ғана емес, қазақтар, өзбектер, татарлар, түркмендер, тәжіктер, ұйғырлар, молдавандар және т.б ұлт өкілдері атсала қатысты. Фашистік германияның мұздай қаруланған әскери күші Совет Одағының шығысындағы өнеркәсіп орталықтарына, Орал өнеркәсіп орталығына әуеден соққы беру және Балтық түбегіндегі үстемдікке жетуді көздеді. Сталин мен Совет Армиясының Қарулы күштерінің басшылары соғыс алдында және соғыстың алғашқы күндерінде көптеген қателіктерге жол берді. Аса қиын жағдайда қалғандарына қарамастан совет жауынгерлері алғашқы күннен бастап ерлікпен шайқасты. Олар өздерінен он есе күшті жауды жанкешті ісқимылдарымен тоқтата білді.
Біздің ата-бабамыз ежелден жауынгер халық атанған.Олар ғасырлар бойы ұшан-теңіз жерімізді сыртқы жаулардан қорғап келген.Біздің ел осындай сұрапыл соғыс болып жатқанда қарап отыра алмады. Қазақ азаматтары және қазақ қыздары соғысқа өз еркімен сұранып кетіп жатырды. Тылдағы өмір жағдайының майдандағыдан айырмашылығы аз болды. Қарттар мен әйелдер былғары етіктер, қолғаптар жасап, ет, сүт, жүн және т.б. қажетті азық-түлік пен киім кешектерді дайындап майданға жіберіп отырды. Олар жанкешті еңбектерімен Ұлы Жеңіс күнінің жақындауына өз үлестерін қосты. Қазақстанда көптеген әскери бөлімдер жасақталып,олар соғыстың қиын жерлеріне жіберіліп жатты. Қазақстанда жасақталған 27, 29 және 38 атқыштар дивизиялары, 81 атты әскер дивизиясы, 74 дербес теңіздік атқыштар дивизиясы, 129 миномет полкі және 156 көпір құрылысы батальоны, 73 гвардия атқыштар дивизиясы Сталинград шайқасына қатысты. Шайқастағы ерен елік істері үшін 73 гвардия атқыштар дивизиясына «Сталинградтық» деген құрметті атақ қоса берілді. Қазақстаннан шыққан ұшқыш Н.Әбдіров, полк командирі Т.З.Позолотин, взвод командирі Р.Р.Рамаев және минометші Сыпатаев Кеңес Одағының батыры атағымен марапаттталды. Ленинградты қорғау соғыстарына қатысқан С.Баймағанбетовке асқан ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Сол кездері Жамбыл Жабаевтің «Ленинградтық өренім»атты жалынды жыры жауынгерлерді жігерлендірді. Панфиловшы, батальон командирі, аға лейтенант – Бауыржан Момышұлы әскери шеберлік және асқан қайсарлық үлгісін көрсетсе, М.Ғабдуллин ,Т.Тоқтаров сияқты ағаларымыз ерен ерліктерімен көзге түсті. Майданында ер азаматтармен бірге соғысқан батыр қыздарымызды айтпай кету мүмкін емес. Соның ішінде: ұшқыш апаларымыз - Хиуаз Доспанова, Нұрғаным Байсейітова, Т.Жұмабаева, Ш.А.Құсаинова, қазақ халқының аяулы қызы аға сержант М.Ж. Маметова, ефрейтор Ә.Н.Молдағұловаларға ерен ерліктері үшін Совет Одағының батыры атағы берілді.
Тарихтан ешнәрсені алып тастауға болмайды, өйткені кез-келген алып тасталған нәрсе тарихты бұзады.
Қазақ халқының тарихы-тәуелсіздік үшін үздіксіз күрес тарихы. Еліміздің өркендеген кездері де, құлдырап төмен кеткен кездері де болды.Біздің көшпелі халықты - өмірге деген талпыныс пен ата-баба рухы алдыға итермелеп отырды. «Аруақ» - деп қазақтар өздерінен көп жауларына қарсы шапты,ата-баба рухы оларға қуат беріп, жеңіске жетеледі. Қазақтар ат үстінде жүріп елін қорғап,бала кезінен бастап әскери тірлікке әбден үйреніп алған, кең даладағы тұрмыс қиындығы мен ауыртпашылығына төзе білген, шетінен батыр жауынгер болған. Біздің ата-бабаларымыз бостандықты сүйген, оларешкімге бас имеген, олар Отанына опасыздық жасағандарды аямаған, елімізді жаулап алмақшы болғандарға үнемі тойтарыс беріп, ойсыратып жеңіп отырған. Міне, осындай қасиеттеріміз Ұлы Отан соғысында көп пайдасын тигізген. Оның айқын мысалы - Ұлы Отан соғысы жылдарындығы қазақ халқының ұл-қыздарының жанкешті ерлігі.
Біз 1941-1945 Ұлы Отан соғысы жылдарында ерен ерлік пен батылдық, қажырлық пен қайсарлық көрсетіп, ең жоғары әскери атақ -Совет Одағының Батыры атағына ие болған 506 қазақстандықтарды мақтан тұтамыз. Олардың төртеуі осы атаққа екі рет ие болған.Олар: ұшқыш-штурмовиктер - Т.Я. Бигельдинов, Л.И.Беда, И.Ф.Авловтар, олардың әрқайсысы 200-ден астам жемісті ұшу әрекеттерін жасап,жаудың жүздеген әскери– техникаларын,мыңдаған жаяу әскерлерін жойған,сол сияқты ұшқыш-жоюшы – С.Д.Луганский, әуе ұрысында 37 жау ұшағын атып түсірген.
Тәуелсіз Қазақстанның ең жоғарғы Халық Қаһарманы атағы 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін алты қазақстандық жауынгерге берілген. Олар: Бахтураз Бейсбаев -ол Ресей батыры атағына да ие болған,жазушы Қасым Қайсенов,Рейхстаг ғимаратына қызыл туды бірінші болып таққандардың бірі - Рахымжан Қошқарбаев.
...Ғасырлар бойы ерен еңбекте батылдық, ерлік пен төзімділік, жанқиярлық көрсеткен Қазақстандық ұлттық мінез-құлық сұрапыл соғыс жылдарында батырлық көрсетуге ықпал етті. Мұндай ерлікті бірен-саран адам ғана емес,орден және медаль үшін емес, өз Отаны үшін соғысқан мыңдаған қарапайым қазақстандықтар көрсеткен.Ұлы Отан соғысы кезінде халықтын көрмегені жоқ: шапқыншылық, зорлық-зомбылық, ашаршылық, жұт. Ешкім де, ешқашан да ұмытылмайды деген ұран ұлтына,сеніміне қарамастан қазақстандықтардың ісінде жалғасын тауып келеді. Жүрегіміз сыздап,көзімізге жас алып, Ұлы Отан соғысы жылдары қаза тапқандарды үлкен қайғымен еске ала отырып, басымызды иеміз!!!

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Шығармалар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?