Қазақ тумысынан батыр халық
Қайрат Асау
11 класс, №3 Қарауылкелді орта мектебі,
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы
Жетекші: Тынышбаева Лиза Жакиповна
11 класс, №3 Қарауылкелді орта мектебі,
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы
Жетекші: Тынышбаева Лиза Жакиповна
Алғашқы күннен бастап 1945 жылдың мамыр айы бұрын-соңды болмаған нұрын төкті. Ел жұрт табиғат шуағына шомылды. Нұрына бөленді. Адамдар бетінен жылылық, жайдарылық, күлкі сезіледі. Өйткені «Қызыл армия Берлинге кірді» деген хабар лезде бүкіл елге тарады. Сондықтар 1418 күнге созылған қанды қырғынның жеңіспен аяқталар сәтін ақ шашты ана да, белі бүгілген қарт та, майданда қанды қырғынды белшесінен кешкен жауынгерлер де, олардың елде қалған балалары мен іні-қарындастары да, екі көзі төрт болып күткен арулар да аңсады, армандап асыға күтті.
Сол күн туды. 9 мамыр - Жеңіс күні, ұлы мейрам деп жарияланды. Жеңіс күні деп бүкіл әлемге паш етті. Халық сол хабарды естіген сәттен бастап, бұған дейін тұла бойыңды тітіреткен «соғыс» деген улы жыландай суық сөзден мәңгілікке құтылғандай сезінді. «Бейкүнә жандардың қаны енді төгілмейтін болар» деп шүкіршілік етті. «Өткенге салауат, қалғанға берекет бергей» тәуба, тәуба деп сабасына түсті. Сабыр сақтады. Сақтамасқа не шара? Болары болды.
Иә, бүкіл жұмыр жерді шарпыған екінші дүниежүзілік соғыстан кейін туған селкеу ұрпақ биыл 75-ке келеді. Жеңіс, Тыныштық есімді балалар соғыс жаңғырығын көрмесе де, оның ауырпалығын балғын жүректері сезіп өсті. Неміс басқыншылары басынан бақайшығына дейін қаруылы болғанымен, Кеңес мемлекетінің жалаңаш қызыл қаруы - патриоттық ұлы рухы оған тайсалмай қарсы шықты. Миллиондаған денелер майдан далаларында туралып жатса да, өрттей өршеленіп, екінші бір толқын бой көтеріп жатты. Соғыс комбайыны еңкейген қарттан, еңбектеген балаға дейін қомағайланып жұтып жатты. Соғыс мынау орыс, мынау хохол, мынау қазақ деп ұлтқа бөлінген жоқ. Алып майданда сан қилы ұлт өкілдері қол ұстасып, қоян – қолтық соғысқа қарсы соғысты.
Ажалмен бетпе- бет келген адамның қорықпауы мүмкін емес. Бар- жоғы бір- ақ рет берілетін өмірін кімнің өз еркімен қиғысы келсін, бәрі бос сөз. Рас қорқа жүріп, ерік- жігеріңді жанып, бойдағы қорқыныш сезімін басу оңай емес. Қиын да болса, солай етуге өзіңді- өзің көндіресің. Бұл - Отан алдындағы, халқың мен отбасыңның алдындағы азаматтық парызыңды, қала берді үлкен жауапкершілікті сезінуден туатын батылдық.
Соғыста басты ауыртпалық қатардағы жауынгерге, сарбаздың иығына түседі. Жеңіс те соның қолымен жүзеге асады. Қарттардың, сәбилердің қынадай қырылуы олардың кеудесінде кек отын тұтандырды. Соғысты, фашизмді олар жек көрді. Міне осы кек, жек көру сезімі алапат күшке айналып, жеңіске әкелді. Бұл Кеңес мемлекетіндегі жүздеген ұлттың ортақ жеңісі еді. Бірақ соғыс біткенмен, оның салған жарасы әлі жазылмай келеді.
Қанды қырғында шайқасқан, Сұлтан Баймағанбетовтың дзотқа кеудесін алғашқы рет төсегені, Нүркен Әбдіровтің ұшағымен бірге бомба болып жарылғаны, шығыстың қос шынары Әлия мен Мәншүктің ерлермен қатар көрсеткен батырлығы, Рақымжан Қошқарбаевтың Рейхстахқа тұңғыш ту тігуі, тағы да басқа ержүрек батырлар есімі мен олар жасаған ерліктер ұрпақ жадында мәңгі сақталмақ. Себебі олар Жеңіс деп аталатын баға жетпес құндылықты бізге тарту етті ғой.
Қазақтардың ерлігі, батылдығы, батырлығы ертеден- ақ әлемге әйгілі. Қазақ даласын аралаған атақты саяхатшы Карпини «Бұл даланың халқы жау көрсе-ақ тарпа бас салады да, оқ жаудырады, қырып жоймай тынбайды. Мұны жұрт біліп қойсын» деп күнделік дәптеріне ескертпе жазған. Осы ескертпе орыс генералдарының санасына қатты сіңсе крек, қазақтарды 1812 жылы Наполеонға қарсы соғысқа, 1877-1878 жылғы орыс- түрік, 1905 жылы ресей-жапон соғысына қатыстырып, жауларына қарсы салған. Олар ерліктерімен көзге түскен марапатталған.
Екінші дүниежүзілік соғыстың ауыр күндерінде И.Эренбург «Отан үшін» газетінде « ...қазақтар кең далада атпен жүруге дағдыланған. Бірақ керек болса олар жер бауырлап, еңбектей біледі, жүгіре біледі, өрмелеп тауға шығады. Батпақтардан кешіп өтеді. Оларды ешнәрсе тоқтата алмайды.» деп баға береді. Шындығында екінші дүнинжүзілік соғыстың ең отты, ең қауіпті, ең шешуші Москва, Ленинград, Сталинград, Курск доғалары секілді қырғын шайқастарға Қазақстаннан жасақталған құрама дивизиялар салынды, Белоруссия, Украйна мен Балтық бойын, Қырым мен Кавказды жаудан тазартты. Берлинді, Рейхстахты алуда да қазақстандықтар асқан ерлік көрсетті. «Тіпті Ресейдің тағдыры осы жолы шешіледі» деп Мәскеуге ұмтылған немістердің қарулы күшін тойтарған кім? Оларды қайта тұрмастай тұралатқан қазақстандықтар емес пе? Олардың ерлігі бүкіл әлемге әйгілі болған жоқ па? И.Эденбург айтқандай, оларға Ленинградтың батпағы да, солтүстіктің бораны да, Кавказ бен Қырымның, Балқанның таулары да тоқтау бола алмады. Қазақстан Кеңес Одағының басқа республикалармен салыстырғанда, Қызыл армияны соғыс қару- жарағымен, оқ- дәрімен жарақтандыруда, киім, тамақпен қамтамасыз етуге елеулі үлес қосқаны үшін кезінде бірнеше рет Мемлекеттік Қорғаныс комитетінің туларын жеңіп алды.
Жау жеңілді. Ақындар дәріптеп өлеңдер шығарып, жырына Жеңісті арқау етті. Солардың ішінде Әбділла Тәжібаевтың «Айтыңдаршы арманым не?» өлеңі әр адамның жүрек жарды қуанышын сездіргендей.
Ей жолдастар, замандастар!
Ата- аналар, балғын жастар!
Жыршың болып саламын жар,
Шаттаныңдар, мақтаныңдар!
Той жасаңдар, дулатыңдар!
Жердің бетін шулатыңдар!
Шын қуаныш сән мен салтым,
Көрсетіңдер туған халқым!
Керек болса тойға ақсарбас
Қазақ па екен құрбан шалмас!
Бөгелмеңдер, таңқалмаңдар!
Құрбандыққа мені алып шал!
Жарай алсам бұл кәдеңе
Айтыңдаршы арманым не?
Ақ пейіл ақын жүрек жарды сөзін осылай жырлады.
Баға жетпес ерлікпен, ержүректілікпен келген Ұлы Жеңістің 71 жылдығы теуелсіз елдің 25 жылдық ширек ғасырлық тойымен тұспа- тұс келіп отыр. Жас ұрпақ, біздер, Ұлы Жеңістің бағасын қадір тұтуға, ерлер есімін ұлықтауға тиіспіз. Қыран бүркіті самғаған, Қазақстанның көгілдір аспанына қайғының қара бұлты үйірілмесе екен. Біздің ортақ мекеніміз Қазақстан дейтін алып Отанды ардагерлеріміздің үлгісімен қорғау ісіне әрқашанда дайын болып, намыс туын қашан да жоғары ұстайтынымызға сенімдімін. Қымбатты біздің ардагерлерге өмір, бейбітшілік және бостандық үшін істеген ерліктеріңізге рахмет, әлемге сіздер сыйлаған мереке –Ұлы Жеңіс күні құтты болсын дегім келеді.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Шығармалар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?