Өз жерін қорғаған азаттық соғыс
Зейнолла Роза
9- сынып оқушысы Қобда гимназиясы
Ақтөбе облысы
Жетекшісі: Амиргалиева Роза Изтургановна

Азамат сыны – ерлік, ерлік сыны-елдік
Мұхтар Әуезов
Қазақ халқында жерін жаудан, елін езгіден, қызын күндіктен, ұлын құлдықтан қорғаған батырлар көп болған. Аналарымыз жесір, сәбилеріміз жетім қалып, ақ жүздерін қайғы жасы жуып, ащы зары мен көңіліндегі мұңы дүниені күңірентті. Тарих толқыны үнемі жаңаланып отырады. Бірақ ұмытылмайтын, ескермейтін, мәңгі сақталатын тарихи оқиғалар болады. Қазақ халқының ерік- жігерін, батырлығын көрсеткен тағы бір оқиға – бұл екінші дүниежүзілік соғыс еді.Сұрапыл соғыс қасиетті қазақ жерінде болмаса да жерлестеріміз шайқаста ерлікпен асқан шеберлікпен көзге түсіп батыр атанды.Төрт жыл бойы қан қақсатқан фашистер патшасы Гитлердің сұмдық саясатына қарсы тұра білген қазақ батырлары бұл жылдары беріспей өліскен емес.
Әлемді дүр сілкіндірген оқиға 1941 жылы маусымның 22- де болған еді. Бұл кездер халқымыздың басына қара бұлт үйірілген жылдар болды. Фашистік Германия 1939 жылдың 23 тамызындағы шабуыл жасаспау туралы келісімді бұзады. Кеңес одағына қарулы күштерімен кенеттен тұтқиылдан баса көктеп кіріп, бейбіт өмір кешіп жатырған халықтың тыныштығын бұзады. Осылай ешқашан ұмытылмайтын, жер беті қанға боялған Ұлы Отан соғысы басталады. Немістер үшін бұл соғыстың сипаты әділетсіз болды, ал Кеңес Одағы тарапынан әділетті өз жерін қорғаған азаттық соғыс болды. Немістің басшысы Гитлер 1940 жылдың орта кезінде-ақ кеңес Одағына басып кірудің «Барборосса жоспары» деп аталған жоспарды жасауға кіріскен болатын. Олар бұл жоспарда Кеңес Одағына бір мезгілде әуеден және соғыс теңіз күштері арқылы шабуыл жасайтын болды. Бұл жоспардың басты мақсаты қысқа 3-4 ай ішінде «Қауырт соғыс» идеясы 1941 жылдың күзінде аяқтау тиіс еді.
Фашистік Германия Кеңес Одағын сансыз көп ұлтты болғандықтан оларды ешқандай тұрақтылық, бірігушілік жоқ деп санады. Керісінше, Кеңес адамдарының патриоттық сезімі, әрине, бұл жоспарға қарсы тұра білді. Қазақ халқы соғысты ортақ қасірет деп қабылдады. Отан қорғаушылар қатарына қазақтар өз еркімен жаппай жазыла бастады. Қазақтың қайсар мінезді қыздары да өз еріктерімен соғысқа аттанды. Қалғандары тылда еңбек етті.Солардың ішінде әрбір бесінші майдангер соғысқа аттанды. Сол кезде Ұлы Отан соғыс өрті қазақ халқының жүрегіне ұмытылмас ауыр жара салды. Сол кездегі халқымыздың тұрмыс - жағдайын елестетудің өзі ауыр еді. Балаларын соғысқа қимастықпен жіберген аналардың қан жылаған жүрегін біздер ұмытпаймыз.
Ұлы Отан соғысынды ерлікпен қаза тапқан ата-бабаларымыздың ерлігі кейінгі ұрпаққа үлгі өнеге боларлықтай. Рейхстаг басына алғаш ту тіккен Рақымжан Қошқарбаевтың қай қазақ ұрпағы есінен шығара алады? Қандай ауыр кезең болса да қазағымыздың батырлары, жастары ерен ерліктің үлгісін көрсетті. Еліміздің басына осындай ауыр күн туғанда қазақ қауымының бас көтерген батыр да, ержүрек перзенттері елдің елдігін, бірлігін сақтау үшін еңбек етті. Өрімдей жастарымыз қанаты қайырылса да, намысын жерге таптатпай, еңселерін биік ұстады. Олардың барлығының арманы бір еді, әрине, бұл – Отанымызды жаудан қорғау.
Біз соғыстағы батырларымыздың ерлігін ешқашанда ұмытпаймыз. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап, қазақстандықтар барлық майданда шайқасты. Осы қазақ жерінен ұйымдастырылған көптеген әскери бөлімшелер майданға жіберілді.Мыңдаған қазақстандықтар Даңқты Брест қамалын қорғаушылардың қатарында болды. Қазақстандықтардың ерекше көзге түскен шайқас Москва түбіндегі шайқас еді. Онда аты тарихта алтын әріппен жазылған Бауыржан Момышұлы соғыстағы үлкен жеңістердің басталуына жетеледі. Сонымен қатар соғыста қару мен қаламды қатар ұстап жүрген қазақтардың бірі болды. Сол үшін Кеңес Одағының батыр атағын алды. Сонымен қоса соғыста жарқыраған қазақтың батыр, ержүрек қыздарын айтпау мүмкін емес. Кеңестің Шығыс әйелдер арасынан бірінші болып Ленин орденімен және Алтын жұлдыз медалімен марапатталған қазақ қыздары еді. Олар пулеметші Мәншүк Маметова мен 54-ші атқыштар бригадасындағы мерген Әлия Молдағұлова және де осы соғыста дұшпанмен арпалыста ерекше көзге түскен тағы бір батыр қазақ қызы- Хиуаз Доспанова еді.
Қазақстандықтар бүкіл өндірісі мен өнеркәсібі майданда жұмыс істеді. Осы Ұлы Отан соғысына қазақстаннан 1 млн 200 мың жауынгер аттанған еді. 1418 күнге созылған Ұлы Отан соғысы –Кеңес мемлекетінің, сонымен қатар Қазақстанның тарихында өте күрделі кезеңдердің бірі болды. Халық батыры Бауыржан Момышұлы «Қазақты халық ретінде танымал қылған Ұлы Отан соғысы Мәскеу түбіндегі шайқас»,- деп айтуы өте орынды. Соғыстың барлық ауыртпалықтарын қарапайым солдаттар мен офицерлер көтерді. Өздерінің өмірін аямастан олар фашистік жүйені қиратып, рейхстагқа Жеңіс туын тікті. Берлинді алу кезінде және рейхстагқа алғаш кіргендердің ішінде қазақстандық жауынгерлер бар еді. Рейхстагқа жеңіс туын тіккен де қазақ батыры- Рақымжан Қошқарбаев еді.
Менің ойымша, ең бастысы, ең негізгі батырдың сапасы - бұл отаншылдық сезім. Отаншылдық - бұл туған жерге, өз халқына, ұлтқа деген сүйіспеншілік. Мен Бауыржан мен Рақымжан, Мәншүк пен Әлия, Қайрат пен Ляззат сынды батыр апа –ағаларымыздың ерліктерін өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге қылып, жастарды патриоттық рухта тәрбиелеп отырған біздің ұлағатты ұстаздарымыздың, ардақты ата-аналарымыздың арқасы,- деп білемін. «Ұранды ердің - ұрпағы қайсар», -демекші қазақ ұлтының киелі топырағында туған батыр бабалардың ұрпағымыз. Осындай жігерлі де қайратты намысы кеудесін өртеген азаматтарымыз, азаматшаларымыз аз емес. Қандай қиын шақ болса да Отанды қорғау - басты міндетім,- деп білемін.
Мен киелі , қасиетті Қобда жері мектебінде білім алудамын. Бұл жер – батырлар мекені Қобыланды, Әлиядай аға-апаларымыздың кіндік қаны тамған киелі орда. Әрине, әр қазақ ұлтының азаматы Әлия мен Мәншүкті мақтан етеді. Себебі, намысынан кем түспейтін намысты, батыр қыздар ішінде Әлия мен Мәншүктің шоқтығы биік. Әлия мен Мәншүкті ардақтаутәуелсіздік рухының биік тұғыры.
Бір сөзінде Бауыржан Момышұлы атамыз айтып кеткендей: «Өз тарихыңды ұмыту – ол өзіңді ұмытумен тең», -деген қанатты сөздерінде терең мағына жатыр. Мен Қазақстанның болашақ білімді жастарына айтарым: ел қорғаған батырларымызды есімізден шығармай, оларға тағзым етіп, баршамыз біліммен қаруланып, Отанымыздың жарқын болуына атсалысып, алға нық сеніммен қадам басайық!
Жеңістің 71-жылдық мерекесі құтты болсын, тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын! -дегім келеді.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Шығармалар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?