Ұлы Жеңіске 75 жыл! Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес!

 Ұлы Жеңіске 75 жыл! Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес!

Байжуанова Мерует
10-сынып, Қобда гимназиясы,
Ақтөбе обл., Қобда ауд.
Жетекшісі: Муканова Шарипа Кулинтаевна

Еліміздің сан ғасырлық тарихында мақтаныш тұтар, бүгінгіміз бен келешегіміз үшін ғибрат алар, кеудемізге қиналғанда үміт отын жағар оқиғалар мен Отан алдындағы адал қызметінен үлгі алар ұлы тұлғалар аз болмаған. Олардың қатарына: қазақтың ұлт болып ұйысуы мен оның ұланғайыр ата-қонысының қалыптасуын, ата-бабаларымыздың елімізге, тән өзіндік шаруашылық жүргізу жүйесін қалыптастыруын, батырларымыздың елі мен жерін, халқын сыртқы жауларынан қорғаған үлгісін жатқызамыз.
Елбасымыздың “ Нұрлы жол – болашаққа бастар жол “ атты Жолдауында “ 2015 жыл – ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы“ деп атады. “ Қазақ хандығының 550 жылдығын“, “ Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын“, “ Ұлы Жеңістің 70 жылдығын“ ерекше атап өткен болатын. Бұл атаулы мерекелер 2016 жылы да аталып өтілмекші.
“ Соғыс басталды! “
Қандай қасіретті үн. Қазақтың мамыражай даласын қалың тұман басты. Тарихқа таңбаланған қаралы күндер бойы сіркіреген ажал рухы онымен тапталмайды. Арада қаһарлы 1418 күн откенде, бүгін бір ұрпақтың жанқиярлық ерлігі – Жеңіс те келіп жетті! Көктемнің көкорайлы сәтінде, бұлбұлы сайрап, құскөбелегі жадырап, жеңіс күнін олжалаған халқымыз әсем даланы “ Көктем “ биіндей құлпыртты. “ Жеңіс “ тойын тойлатты.
Көктем келді тіршілікке сән беріп,
Ерлік туын олжалады жан беріп,
Нағыз қазақ рухына жарасты
“ Жеңіс “ деген Отанына ән келіп !
Жеңіс! 1945 жылдың 9 мамыр күні дәл осы шаттық хабарды естіп тұрып, бүкіл әлем теңселіп кетті. Жер жүзі халықтарының жүректері қуаныштан лүпіл қақты.
Бұл сұм соғыста сан мыңдаған адамдар мерт болып, қаншамасы мүгедек болып қалды. Дегенмен бәрібір Берлиндегі рейхстаг үстінде жеңіс туы желбірей көтерілді. Осы жеңісте Қазақстаннан шыққан қаһарман жауынгерлердің қанымен , жанымен мына жарық өмір үшін аянбай ұмтылған зор үлестері ерекше.“ Өз халқын құрметтеп, сүймеген адам – опасыз, оңбаған адам“ - деп қазақтың қаһарман жауынгер - ақыны Бауыржан Момышұлы айтқандай, біздің батырларымыз Отан үшін өз басын өлімге байлап, ажалмен алысып, өз ұрпақтарының, өз халқының намысын қорғағаны өз халқын шын сүйетіндігін, құрметтейтіндігін білдіреді. Қиыншылық жағдайда дұшпанның қаптаған қарақұрым күшіне төтеп беріп, олармен табан тіресе шайқасқан аталарымыздың ерлігі біздің көкірегімізге мақтаныш сезімін ұялатады. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлігі үшін 500 қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Соғыста біздің аталарымыз ежелден еркіндікті аңсаған ер қазақтың өршіл рухын, батырлығын әлемге паш етті. Қазақ ұлты ұландарының антқа адалдығын көрсетті.
Халқымыз соғыс қарсаңында көрген азаптарына, қиындықтарына ерекше төзімділік көрсетіп , тағдыр талқысымен келгендерге қол-ұшын берді .
Бұл соғыста Кеңес Одағын мекендеген барлық халық бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып Отанын қорғады. “ Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар “ – дей келе, Ұлы Отан соғысының 71 жылдығына орай, ата-бабаларымыздың рухани тағзым ретінде, олардың ерен ерліктерін, жер, Отан, біздердің жарқын болашағымыз үшін жасаған ерліктерін мәңгілікке есте сақтап, жадымызда ұстаймыз. Қанша жылдар өтсе де, бұл соғыста ерлікпен қаза тапқан әрбір батырларымыз тарих төрінен орын алады және біз, ұрпақтары мәңгі жеңіс алауын сөндірмей, Отан үшін от кешкендерді әрдайым жүрек түкпірімізде ұстаймыз.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?