Ерліктің лебі хаттарда Ұлы Жеңіске -75 жыл!

 Ерліктің лебі хаттарда Ұлы Жеңіске -75 жыл!

Арғынбай Альбина
Абай атындағы орта мектептің 8-сынып оқушысы
Ақтөбе облысы Темір ауданы Құмқұдық ауылы

Жағалата қоңсы қонған ұлы Жайық өзенін
Бір ауылда өтті менің бал балалық кезеңім.
Дүниеден өткен екен мен екіде болғанда,
Нағашы атам есімде жоқ,көзін көрдім әжемнің.

Анашымның қоржынында мұрағаттай сақталған.
Кейінгі жас ұрпағына естелік боп жатталған.
Қан майданда аямаған өзін жаудың оғынан
Атам жайлы ерлік жазған леп еседі хаттардан.

Оққа тосқан кеуделерін майдангерлер қаншама,
Бұл сұм соғыс ауыр азап артып кетті баршаға.
Соның бірі менің атам отқа түскен елі үшін,
Белоруссия,Украинда,соғысыпты Польшада.
Аяғына таңба салған мәңгілікке өшпестей
Жойқын шайқас болған екен түбіндегі
Варшава Днепрді кешіп өткен тоғыз рет талмастан,
Жаудың оғы тисе дағы оң жақ,сол жақ жамбастан
Төңкеріліп суға кетсе астындағы қайықтар
Аман қалған сал-қайыққа жауынгерлер жармасқан,
Қиын кезде атам қару екі бетке тасыпты,
Жүзген кезде алдына бір ұшқан қарға салмастан.
Отан үшін отқа түсіп,жау тылында қалмастан.

Есіне алып сұм соғыстан қайтпай қалған боздағын.
Аналардың жүрегінде қалып қойған аз ба мұң?
Атам хатты өлеңдетіп анасына жазыпты,
Соған бәлкім,тартты ма екен,менің өлең жазғаным.

Үмітіндей жас күйінде жесір қалған ананың,
Пәктігіндей жетім қалған сәби кезде баланың,
Қанды хаттар әлі күнге аманаттай сақталған
Күйін шертер қанға бөккен ұлан байтақ даланың.

Жауынгердің жараланған жайын көпке жеткізген,
Өлең деген бір құдірет,жүректен жыр төккізген.
Сағынышпен анасына келген үшбу хаттарда
Жыр-естелік қалып қойған майдандағы отты ізден.

Жетпіс бір жылдық мерекеде мен де өлең сыйладым,
Аяғында бірге кеткен жарқыншағы минаның,
Нағашы атам нар тұлғалы қажымаған тірліктен
Жаздым бәрін ақ қағазға қаламыма сыйғанын.

Бейбіт елдің жалмай келген тыныш жатқан өмірін,
(Ей,жас ұрпақ соғысты олар біздер үшін,соны ұғын)
Сұм соғыстың зардаптарын бір кісідей көтерген
Балымжандай әжем еді,қайраты мол қолының.

Жас жүрегін жалындатып соғыс өрті қинаған
Ақ әжемді бүкіл ауыл,Ақжайығы сыйлаған.
Тоқтамастан айтушы еді аппақ жүзі нұрланып
Көрген білген естелігін жүрегіне жинаған:

«Балаусадай балбыраған жап-жас кезім өрімдей,
Еңбек еттім қатарымнан артта қалып бөлінбей.
Үш ай бойы «Новобогат-Сарыөзек»каналын
Қазып біттік ала жаздай топырақтан көрінбей.

Жоқтау айтып анам отыр ауылыма келгенде,
Баласынан айырылған ана көңілі шерменде.
Еркек кіндік қалмаған кез бәрі аттанған майданға
Қыздар болып көр қазамыз бір адамдар өлгенде.

Інім бар ед бірнеше жыл сал боп жатқан тұра алмай,
Ағам өлді деген кезде шыбын жаны шығардай,
Екі аяғын басып кетіп құдіреттің күшімен
Қан майданға кете барды ешкімнен де сұранбай.

Алты айдан соң жалғыз ғана хаты келді жаралы,
Іздеп кеткен інішегі қан майданнан ағаны.
Есімдері кітабына «Боздақтардың»ілініп,
Тағы анасын еңіретіп хабар келді қаралы......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?