Кеңес Одағының батыры –Мәлкеджар Бөкенбаев
Ақырап Ақерке
8 «А» класс, Қ.Жұбанов атындағы орта мектебі
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы
Жетекшісі: Есеркенова Айжан Курманалиевна

«Ұлы Отан соғысының тарихы тек төрт жылмен шектеліп қалмайды, ол тұтас дәуірді қамтиды, қиындығы мен құпиясы уақыт өткен сайын біртіндеп ашылады» депті майдангер жазушы Василь Быков. Қаншама уақыт өтседе елге жасаған ерлік ешқашан өшпейді, қайта ел есінде жаңғырады. Бұл соғыстың басталып, аяқталғанына биыл жетпіс бірінші көктем болмақ. Әлемдік күнтізбеде 365 күн болса, соның бір күні ғана Ұлы Жеңістің тойлануына бұйырыпты.1941-1945 жылдары Қазақстан бұл сұрапыл соғысқа 1 миллион 366 мың адамын аттандырды. Солардың ішінде мұғалжарлықтар да бар. Біз бүгінде Ұлы Жеңісті өздерінің жанкешті ерліктерімен жақындатқан Кеңес Одағының Батырлары, мұғалжарлықтар М.Бөкенбаев, Ф.Шатровты, И.Гриньконы, Т.Щербановты еске ала отырып, әруақтарына бас иеміз. Мақаланың арқауына айналып отырған өз замандастарының ортасында беделді, Отан қорғау кезіндегі ерлігімен көзге түскен, айтулы тұлғалардың бірі – Мәлкеджар Бөкенбаев жайында болмақ. Батыр Мәлкеджар Бөкенбаев туралы бұқара беттерінде айтылған әңгіме де, мақалада аз жазылған жоқ. Десек те, әлі де тың зерттеулерді қажет ететін деректер бар. Бұл күнде сарғайған мұрағаттағы том-том болған құжаттар өз зерттеушісін сарғая күтіп жатқандай. Ақтөбе облыстық мұрағаттарындағы деректерге сүйене отырып, М.Бөкенбаевтың ешкім әлі білмеген, зерттеп көрмеген жәйттерді жария етпекпіз. М.Бөкенбаев 1924 жылы Жұрын ауданында «Соцжол» деп аталатын Естемес деген ауылында қарапайым шаруа Есболсының отбасында дүниеге келген. 1933 жылы мектеп табалдырығын аттап, әріп таниды. Бірінші сыныпты «Амангелді» атындағы колхозда бітіреді. 1934жылы ата –анасы қоныс аударуына байланысты Жұрында оқуын жалғастырып,1939 жылы мектепті аяқтайды. Оқуды бітірген соң Наркомға «учетчик» болып жұмысқа орналасады. Ол жерде алты бойы жұмыс жасап, содан кейін радакцияға хатшы болады. 1939жылы қазан айында Мәлкеджар Ленинский комсомолға орналасып, пионер болады. 1941жылға дейін норсудта жұмыс жасап, кейін 1941 жылы Қызыл Армияға шақыртылып, жас жігіттің арманы болған Алматыдағы оқу курсын бітіріп, 1942 жылы 17 тамызда Қызыл Армияға шақыртылды. 1943 жылы 15 сәуірде Лейтенант дайындайтын курсты бітіріп, майдан шебінде ұрысқа аттанады.
М.Бөкенбаевқа «Кеңес Одағының Батыры» деген атақ қалай берілді? «Укриандықтар – менің бауырластарым» деген М.Бөкенбаевтың естелік хаттындағы тарихи деректерден келтірсек. 1944 жылдың 21 маусымында таңертеңгі сағат он болатын. Бізде 21 адам болатын. Біз Буг өзеніне беттедік. Біздің әскерлер орманнан 900 метр жерде жүр. Өзеннің арғы бетінде, қырат жерде жау. Оларда қосымша доталар мен бекіністер бар. Барлау капитаны Глуховтың бұйрығымен өзенге дейін жетіп, окоп қазу және бұйрықты күту еді. Судың арғы бетіне өтуге барлаушы жауынгер капитаны Глуховтан бұйрық алып, 1944 жылдың 21 маусымында Буг өзенінен өтіп, Бугтың арғы бетінде орналасқан жау дзотының көзін құртуға тапсырма алады. Жауды көзін құртуға тапсырама алып дереу жауынгер-барлаушыларыма бұйрық бердім. Тапсырманы алғаннан кейін М. Бөкенбаев взводымды жинап, міндетті түсіндіріп, жолға шықты. Алдын-ала ұрысқа дайындық кезінде, мен траншеяға кірудің амалын тауып, оны барлаушыларға тез жеткіздім.Мені барлығы қолдап, гранаталарды жау баспанасына лақтырдым. Содан кейін біз еш күтпеген нәрсе орын алды.Немістер өздерінің жасырынып жатқан жерінен қаша жөнелдіи де, қолдарын көтеріп: «Рус гут. Гитлер капут» деп айқай салды. Әрине, олар қанша орыс кеме жатырғанын білмеді. Қанша полк? Рота? Батальон? Сол жақтан да оң жақтанда немістер қашып барады. Ауыр пулеметтен оқ атуға бұйрық еттім. Қарсы биіктегі жаулардан позицияны тартып алу ұрысында фашист немістің 102 әскері мен 2 офицерін тұтқындайды. Взвод командирінің өзі – М.Бөкенбаев 5 неміс фашист әскері мен 2 офицерді тұтқындаған.Осы операция үшін М.Бөкенбаевқа Кеңес Одағының Батыры деген атақ берілді. Соғыстан кейін жоғары партия мектебін бітіріп, Ақтөбе қаласында қызмет етеді. Ленин І дәрежелі Отан соғысы, Қызыл жұлдыз, «Құрмет белгісі» ордендері мен медельдарымен марапатталды. М.Бөкенбаев – бірінші Беларусь фронтының Қызылжұлдызды Смоленсктік 69-шы дивизиясы, 312–ші полк, 1081-ші взводының командирі болған. КСРО-ның Жоғарғы Кеңесінің 1945 жылы 27 ақпанда қабылдаған шешіміне сәйкес лейтенат Бөкенбаевка көрсеткен ерлігі мен табандылығы үшін Кеңес Одағының батыры атағын және Ленин ордені мен «Алтын жұлдыз»медалі қатар берді. Курск шабуылдарында болып, Белгород, Харьков, Полтава, Киев тағы басқа қалалар мен көптеген селоларды жау құрсағынан босатудағы ұрыстарға қатыстым. Бұл батырдың өз аузынан жазылынып алыған мұрағат қорларындағы мәліметтер еді. Батыр 2002 жылдың 13 мамырында қаза болды. Батырдың құрметіне көше атаулары және Ақтөбе заң институтына М.Бөкенбаевтың есімі берілді.
М.Бөкенбаевтың қандай адам болғаны жөнінде ағасы Аққұраш Бөкенбаевтың естелік әңгімелерінен үзінді келтірсек: «Өте алғыр, зерек, орысша-қазақшаға бірдей сауатты қазақтың қарапайым баласы болатын. Мәлкеджар Темір ауданында 6 ай әскери оқуда болды. Алты айдан кейін оларды бірден Ақтөбеге алып кетті. Сол кезде Ақтөбеде Елек өзенінің бойында әскери бөлім болды. Онда 4-6 ай болды да, содан 1942 жылдың аяғында соғысқа аттанды» – деп еске алады. Ақтөбе облыстық Ішкі істер департаментінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Михаил Рудаков: «1962 жылдың маусымы болатын. Мен сол кезде Темір аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы болдым. Егіндібұлақ жерінде пионер лагері болды. Бірде пойызбен Темірден Жұрынға бара жатқанда жолда бір кісімен сөйлесе келе, ол кісінің Ұлы Отан соғысының Батыры екендігін білдім. Мәлкеджар Бөкенбаевпен таныстығымыз осылай басталды...» - деп еске алады.
Тарихтың санаулы сағаттарында шыбын жанын шөберекке тұмардай етіп түйген, әрбір ер азаматтың от ажалына құшағын құшу үлкен ерлік. Сондықтан да, халық отаны мен елі үшін күрескен батырлары мен қаһармандарын өз жадында мәңгілік сақтайды. Бауыржан Момышұлының мына бір ұлағаты сөзінде: «Ешкім іштей батыр болып тумайды. Батырлық та мінез секілді өскен орта, көрген тәрбиеге байланысты қалыптасады». Қазақтың мақтан тұтар батыры М.Бөкенбаевқа да осы бір қайсарлық әке қанымен, ана сүтімен дарыған.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Шығармалар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?