Мен таңдаған мамандық
Автор: Әсел Манарбекқызы
Ата-бабаларымыз "өмірде екі нәрседе қателеспеу керек" деген тұшымды пікір қалыптастырған. Олардың біреуі-мамандық таңдауда болса, екіншісі - жар таңдауда. Бала кезімізде ата-анамыз бізге қажетті шешімдерді өздері қабылдайтын. Ал қазір біз есейдік. Өмірлік жолымызды,мамандығымызды таңдайтын сәтке де келіп жеттік. Жүздеген мамандықтар ішінен жаныма жақын,өзіме ұнайтын журналистика саласын таңдай отырып, алдыма сан мыңдаған мақсаттар мен самсаған міндеттер қойдым. Өз қалауыммен сүйікті мамандығымды тауып, зор құлшыныспен, шынайы сүйіспеншілікпен армандадым.
Не себепті журналистиканы таңдадым? Бұл таңдауыма не түрткі болды? Осы сынды сұрақтарға жауап іздеп көрдім. Өзім жастайымнан әдебиет пәніне жақын болдым. Шығарма, эссе жазу, өлең шығару, әр түрлі тақырыпта мақала жазу-менің хоббиіме айналды. Қазақтың небір-небір жазушыларының шығармаларынан өзіме қажетті қорек іздеп, нәр алдым. Би-шешендердің ғибратты сөздерімен сусындай отырып, әдебиеттің сырлары мен қырларын өмірімнің басты ұстанымына айналдырдым. Сондықтан болар, мамандық таңдауда көп ойланған жоқпын, бірден журналистика саласына жол тарттым.
Журналистика саласы сонау ықылым заманнан бастап қалыптаса бастады. Ұлт зиялылары негізін қалаған беделді газеттер мен журналдар - сол заманның ащы шындығының көрінісі. Әрісі Мұхамеджан Сералин, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов,Ғайнижамал Дулатова, Аққағаз Досжанова және Гүлайым Балғынбаева сынды және де тұңғыш журналист қыз Нәзипа Құлжановадан бастау алатын, берісі Бейсен Құранбек, Дана Нұржігіт, Маңғыстауда журналистиканың пұшпағын илеп жүрген Жамиля Қибасова сияқты журналистерге жалғасып жатыр.
Журналистика жолы-ауыр жол. Журналистика мамандығы-қиындығы мен қызығы мол, жан-жақты білімділікті талап ететін жауапты сала. Өз шығармашылығы арқылы қоғамға да, адамға да қызмет ететін, ешқашан жаңылуға болмайтын, қашанда жаңалықтардың ортасында жүретін бұл кәсіп иелері - журналист деп аталады. Журналист-қоғам мен халықтың арасындағы алтын көпір іспетті. Қазіргі таңда қазақ телевизиясында пиар қуып, рейтинг көтеру мақсатында жұмыстанып жүргендерден көз сүрінеді. Өзіндік жаңашылдығы жоқ, тек қана шетелдік бағдарламаларды халыққа ұсынып жүргендер де қаншама. Олардың мақсаты бір :арзан дүниемен "шын журналист" атану. Бір адамға болсын пайда келтіретіндей ақпараты жоқ бағдарламарды"көшіріп"алу арқылы "іші пысқан" кей адамдардың ермегіне айналды. Қай жағынан алып қарасақта бұл-ақылға қонымсыз, шын журналисттің тірлігі емес. Неліктен әлі күнге дейін ешбір журналист бастама көтермеген тақырыпта бағдарлама ашпасқа?! Менің көз қарасымда шын журналист қандай болуы қажет? Біріншіден, құлақпен естігенді емес, көзбен көргенді сарапқа салып, халыққа жеткізуді басты міндетіне айналдыруы қажет. Екіншіден, шырылдап әділдік іздеген халықтың жақтаушысы бола білу де - адал журналисттің басты ұстанымы. Басын бәйгеге тіксе де, шындық жолында жанын құрбан етер де осы-журналист. Демек, журналист болу - мақсаткер, талапшыл әрі бір уақытта тез тіл табысқыш, ықыласты, бауырмал болу деген сөз. Білікті де, білімді журналист болу оңай емес."Қандай да бір ақпаратқа қол жеткізген газетші алаңсыз ұйықтауға жатады; түнде ол ақпарат борсып кетеді, сондықтан таңертең тұрғасын оны лақтыруға тура келеді", - деп Ж.Лабрюйер айтқандай журналист үнемі барлық жаңалықтардан хабардар болып, тапқан хабарын сол мезетте баспасөз беттеріне жариялауы қажет. Яки, еріншектікке бой бермей, қоғамда белсенді болу - басты парыз. Қоғамдағы құбылысты зерттеп-зерделеу жолында өзіңнің күшің мен уақытыңды аямайтын дәрежеге жеткенде, өзіңнің шын талантыңмен оқырманды баурап алатын шабытың шыңдалғанда ғана жақсы журналист, өз ісінің шебері дәрежесіне жетесің.
Қадау-қадау ұлылардың салған ізімен жүріп, кемел елдің жарқын болашағына өз үлесімді қосуға әрдайым әзірмін . Келешекте халықты елең еткізер тың жобаларды жүзеге асырып, жеке бағдарламамды ашу-менің алға қойған мақсаттарымның ең биігі. Тек қана бағдарламамен шектелмей, жан-жақты барлық мүмкіндікті пайдаланып, еліме ерең етсем деймін. "Журналистика"- кейбір адамдар үшін жәй ғана қарапайым сөз болса, мен үшін өмірімнің басты құндылығы. "Әлем таңдай қағар" журналист болам деген арманым - өзімнің бекерге өмір сүріп жүрмегенімнің, сонымен қатар мақсаттарымның айқын екеніне бір дәлел. "Армандар орындалады-мақсатың айқын болса" деген екен Ұлы Абай. Қазақ телевизиясының әлі де өркендейтініне көзім анық жетеді. Себебі, журналистика саласының бүгіні мен ертеңі - мен сияқты талапты және де телевизияны шын жүрегімен сүйетін жастардың қолында. Осынау "сүйкімді" салада еңбек ете отырып, халқыма елеулі, белді журналистердің бірі болатыныма кәміл сенімдімін.Мен - осы бір ауыр жолды жүріп өтуге, биік шыңды бағындыру үшін бар күш-жігерімді сарп етуге бекіндім.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Шығармалар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?