Жаңғырған мемлекет - жаңарған адам

 Жаңғырған мемлекет - жаңарған адам

«Жаңғырған мемлекет - жаңарған адам»
(Елбасының Жолдауына қатысты)

Елбасымыз әрі тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаев 2018 жылдың 10 қаңтарында «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялаған болатын. Жолдауда жүзеге асырылуы тиіс 10 міндетті атап көрсетіп, болашаққа айқын бағдарды анықтап берді.
Мемлекет – адам. Егіз ұғым. Халық болмаса, мемлекет те жоқ. Мемлекеттің жандануы, ең алдымен халықтың моральдық және материалдық тұрғыдан қамтамасыз етілуіне тікелей байланысты. Адами капитал – жаңғырудың негізі екендігі айтпаса да анық.
Елбасымыз ең алдымен білім берудің озық үлгісін, жаңа сапасын жасауды міндеттеген еді. Әрине, бәрі жаһандық технологияға сай болуы тиіс. Ақпарат ағынымен ілесіп жүретін мамандықтың болашақ майталмандары болғандықтан, оны бірауыздан қолдаймыз. Үш тілді меңгеру – жарқын болашаққа жетелейтін бірден бір айқын жол екендігі белгілі. Тіл жанашыры ретінде, қазақ тілін жөнсіз терминдерден құтқарып, қазіргі заманға лайықтау керек деген ойға толықтай келісемін. Ол үшін латын әліпбиімен оқытуды осы тұстан бастап қолға алуымыз керек.
Аталған міндеттерді орындауда жауапты қызметкерлер көп нәрсені ескеруі тиіс деп те ойлаймын. Өйткені, ауылдық елді мекендерде білім алатын оқушыларға үш тілді меңгеру, заманауи технологияларға ілесу оңайға соқпасы анық. Педагогтар сабақтарын заманауи үлгіде өткізу үшін бір ғана кабинетте кезек күтіп тұратынын, интернет желісінің тек директордың кабинетінде болатындығын, ағылшын тілінің фундаментін құю үшін де арнайы курстардың жоқтығын ескерсек, Елбасының жүктеген міндеттерін аптықпай, жүйелі түрде істеу қажет. «Асыққан ібілістің ісі».
«Үздік денсаулық сақтау ісі және дені сау ұлт». Бұл міндет те адами капиталмен етене байланысты. Бастысы, емделуді қолжетімді ету деп ойлаймын. Елбасымыз да соны баса айтқан. Дегенмен, қазіргі уақытта жай тексерілудің өзі қып - қызыл ақша. Дені сау ұлт – жарқын болашақтың кепілі. Адамға білімнен бұрын, денсаулық керек. Елбасымыздың денсаулық сақтау ісіне қойған талаптарын мықтап орындауымыз айтпасақ та анық көрініп тұр. Студенттер оқу арқылы, салауатты өмір салтын ұстану арқылы һәм ел үшін еңбек ету арқылы Елбасының жолдауына өзіндік үлесін қоса алады.
Елбасымыз бір сөзінде: «Қазақстанның жарқын болашағы жолында барлық мақсаттарға қол жеткізетінімізге кәміл сенемін!» деген болатын. Біз де сенеміз!

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің 3 курс студенті Данияров Құдияр


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?