Тіл елдің тамыры

 Тіл елдің тамыры

Жарқынай ҚАНАТОВА
Журналистика мамандығының 3 курс студенті

Тіл -елдің тамыры іспетті .Отансүйгіштік ұлттық құндылықтарға деген құрмет қан болып бойымызға тарайды.Дін, діл,дәстүр ,тіл бәрі-бәрі ұлттың тірегі,қазақтың жаны.Міне осы тағылымдарымыздың ішінде ақсап тұрған осал тұсымыз тіл десекте болады.Мемлекеттік тіл қазақ тілі болсада орыс тілінің үстемдігі жоғары болуы алаңдатарлық жайт .Себебі ұлттық біртұтастығымыз үшін қазақтілділер ,орыстілділер деп бөлінуі "үй ішінен үй тіккенмен" бірдей.Осы опаттың алдын алу үшін озық елдердің тәжірбиесіне сүйеніп көрсек.Әлемдегі әдемі, әрі меңгеруге икемді тілдердің бірі Француз тілі ерте замандардан- ақ осы атауға ие болған .Көркем тілдің сол замандағы ықпалын орыс әдебиеттеріненде де кездестіріп жатамыз.Бізден бес ғасыр бұрын 1490 жылы Француздарда алғашқы тіл туралы заң қабылданданған болатын. Иә,Әлемдік лингвистиялық жүйеде термин, терминжасам мәселесі елдің саяси -әлеуметтік ,экономикалық деңгейінің,білімінің ,ұлттық тіл қорының көрсеткіші .Сонымен бірге қазіргі жаһандық бәсекеде ұлттық тілді қорғау басты мәселе болып тұр.Осы мәселе төңірегінде біздің өзге елден кірген кірме сөздерді қазақшаландыру және жаңа сөздерді дүниеге әкелу сияқты үлкен ғылыми жұмыстармен айналысу қажеттілігі туындайды.Қазақ тілі бай екендігі бәріне аян бір сөздің бірнеше баламасы бар дегенімізбен қазіргі таңға сәйкес келетін жаңа сөздер керек-ақ.Сонымен қатар қазақ тілінде ақпараттардың жеткіліксіздігі де біздің өз қажетімізді табу өзге тілге жүгінуімізге тура келеді.Ақсаған тілімізді аяқтандырамыз десек ең алғашқы шаруалардың бірі тіліміздің құқығын қорғау болмақ.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?