Елімен етене Елбасы
Ерлан Әйгерім
10 сынып, №7 қазақ орта мектебі
Атбасар қаласы
Жетекшісі: Қонысбаева А. Қ.
10 сынып, №7 қазақ орта мектебі
Атбасар қаласы
Жетекшісі: Қонысбаева А. Қ.
Жер бетіндегі барлық адамның туған жеріне деген ыстық ықыласы мен сезімдерін жинаса ғой... Мүмкін, ол, шалқар мұхиттай болар ма еді, мүмкін, ол, асқақ Алатаудай болар ма еді?!
Иә, әр адамға сүйікті Отанынан, туған елінен қымбат ешнәрсе жоқ. Өз елін, өзінің кіндік кескен туған жерін, ана сүтімен дарыған туған тілін сүймейтін адам жоқ.
Менің туған елім – Қазақстан. «Қазақстан» деген кезде менің ойыма бірден небір тарих сынынан өткен, батыл да батыр, ержүрек, қандай қиындыққа болса да шыдап, төзе білетін рухы берік қазақ халқы елестейді. Ғасырлар бойы батыр бабаларымыз білектің күшімен, найзаның ұшымен қорғап қалған кең жері – менің мақтанышым, әрі әр қазақ баласының мақтанышы деп ойлаймын.Барша ұлтты бауырына басқан бауырмал қазақ халқы біреуді артық, біреуді кем деп көрмеген. Татулық пен достықта тұруды ежелден серік еткен.
Қазақстан - өз ұлты, халқы, діні, тілі, мәдениеті, тарихы, салт-дәстүрі бар құдіретті ел. Қазақстан Республикасы қазақ елінің соңғы жиырма екі жыл тұтқасын ұстап, туын көтерген тұрлаулы да тұғырлы тұлғасы – тұңғыш Президентіміздің басшылығымен әлем мойындаған, жаһанға аты жеткен мемлекетке айналды.
Қазақтың тұңғыш Президенті кім? – десек, еңбектеген баладан, еңкейген кәріге дейін Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев екенін мүдірмей айта алады. Неге десеңіз, еліміз егемендігін алғаннан бері Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың аты сол елмен бірге жасап келеді. Нұрсұлтан Әбішұлы - жер бетіне сөзін өткізіп отырған бүгінгі заманның көрнекті саясаткері, Қазақстанның тәуелсіз мемлекетін құрудың басында тұрған, осы жолдағы не қилы тар жол, тайғақ кешуді халқымен бірге өтіп, қиыншылықтарын бөліскен, бүгінде әлем мойындап отырған жаңа мемлекетті қалыптастырған, қазіргі елді индустрияландырудың жаңа жобасын өмірге келтіріп, болашаққа бағыттап бара жатқан ұлы тұлға, төрт құбыланы түгендеп, кемел ойлы, кемеңгер ата-бабаларымыздың жолымен жүрген, қасиет дарыған қайраткер.
Ел басынан не қиындықтар өтпеді? Бас сауғалап кеткен бауырластарымызды, қаны бір қандастарымызды бір елдің, бір тудың астына жинаған, еліміздегі татулықтың туын желбіретіп, берекелі, бақытты, зайырлы, азат елге айналдырған – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Елі үшін туған перзент, атына заты сай, біреуге аға, біреуге бауыр бола білген - елбасшы.
Бұл ғасыр қазақ үшін алтын дер ем,
Даңқымды әлем білді, Салтымменен.
Кеудемде жаным барда көтеремін,
Аянбай, не күтсе де халқым менен! -деп айтқан сөзінен де, ол кісінің елін сүйетін, патриот адам екенін білуге болады.
Президентіміздің егемендігіміздің алғашқы күнінен бастап, жатса-тұрса ойлайтыны да, айтатыны да көп ұлтты еліміздің тыныштығы мен бірлігін сақтап қалу болды. Халықты аштыққа, жалаңаштыққа ұрындырмай, қиын өткелден алып шығуының бірден-бір жолы - шет елдердің қаржысын Қазақстанның экономикасын өркендетуге жұмсау, өзіміздің теңгемізді тұрақтандыру, дамыған елдермен байланыс жасап, жер бетінде Қазақстан атты мемлекеттің барын таныту болды. Қазақ жерін әлемге танытып, Ақмоланы он ұйықтаса түсіне кірмейтіндей Астанаға айналдыру тұңғыш Президентіміздің ғана қолынан келді.
Астана ғажайып ертегідегідей гүлденуде. Адам танымастай кейіпке енді. Қиялдағы самұрық құстың ұясын Астананың нақ ортасынан көрдік. Жаңа туған сән қаламыз үлкен ордаға айналды. Нұрсұлтан Назарбаев аңыз әңгімедегі жерұйықты іздеген Асан қайғыдай еліне жайлы қоныс тауып берді. Астана қазаққа тек қана әлеуметтік, экономикалық һәм саяси маңызы бар қала ғана емес, ол тәуелсіздіктің рухани тұғыры ретінде әр қазақтың жүрегінде елге, жерге, Отанымызға деген шынайы сүйіспеншілігі болып қалады. Бүгінде әр қазақтың жүрегінде отансүйгіштік деген ұлы сезім ұлғая түсті, көңілге қонып, тамыры терең «Бәйтеректей» шартарапқа құлаш жайды. Астана ұлтымыздың, мемлекетіміздің мызғымас тақ-тұғырына айналды. Әр мемлекеттің астанасы - оны биіктерге бастайтын баспалдағы, беделі мен берекесінің діңгегі. Астана әр қазақтың жүрек түкпірінен орын алатын киелі мекен деп түсінемін. Қаншама жылдан соң қолымыз жеткен азаттықты, тәуелсіздікті ала сала, Сарыарқа төрінен ұлттығымызға ұлы шаңырақ көтеру – Президентіміздің кемеңгерлігі.
Біз үлкен жолдан өттік, әрі зор абыроймен Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев арқасында өттік деп ойлаймын. Ол кісі «Кез келген мемлекеттің қуаты – халқында» деген болатын. Сондықтан, біз, келешек ұрпақ, Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бізге деген сенімін ақтап, елдің даму жолында, мақсаттарға жету жолында үлесімізді қосайық. Жастардың адамгершілік, патриоттық сезімі оянсын, елімізді, жерімізді, Отанымызды қадірлеп, қастерлей білейік. Ата-бабамыз салып кеткен сара жолды, табиғатымызды, байлығымызды сақтай білейік.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Шығармалар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?