Қазақ елі осындай
Сағи Әсем-ай
11 сынып, Қ.Сұлтанбеков атындағы орта мектеп
Т.Рысқұлов ауданы
Жетекшісі: Аденова Д.Қ.

Тарих. Ең ауыр үкім – тарих үкімі. Арпалысқа толы аласапыран заманда мұқым бір халық ізім-қайым өшіп, қанат-қолтығы кең жұртқа сіңіп, бұлдыр елеске айналған жағдайлар көп. Ол сол халықтың өзін-өзі қорғай білетін қуатының, амал табар айласы мен бірлігінің тұтастығына, рухының беріктігіне байланысты.
Тарих – халық зердесі. Әр халықтың ол үлкен болсын, кіші болсын, өзінің төл тарихы болады. Бірінің тарихы мыңдаған алып томдарға хатталып қалды да, бірінікі «Уақыт» деген қайырымсыз алыптың аяғының астында тапталып, ғасырлар тұңғиығына батып кетті. Мұндай қасіретті кезеңдер жайлы ақиық ақын Мұхтар Шаханов:
Және туған тарихы, еске алуға қаншама
Ауыр әрі қасіретті болса да,-деп жырлайды. Ұлттық тарихымызды құдіретті төрт ананың біріне теңейді. Көне түркі даласын мекен еткен қазақ халқының да сан ғасырлық өмір көшін басынан өткізген мол, құнарлы тарихы бар.
«Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз, елімізден құт-береке қашпасын деп , жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз, ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз»,- дейді Қазыбек би. Бұл даналық нақылдан «ешкімге соқтықпай жай жатқан елдің» ежелден құт-береке тілеп, бейбітшілік аңсаған ел екенін көреміз. Бірақ, тамырсыз ағаш, тарихсыз халық болмайды. Жақсысын асырып, жаманын жасырып өктемдеу – тарихқа жасалған қиянат. Біз оны бар қайғы-қуанышымен, жеңіс-жеңілісімен бірдей қабылдауымыз керек. Себебі, ол – тұтас құбылыс. Халқымыз өзінің қалыптасу жолында талай қилы-қилы белдерді асып , «тар жол, тайғақ кешулерді » бастан өткерді. Сонау сақтардың әйел патшасы Тұмар патшайымнан соңғы хан Кенесарыға дейін, Мұстафа Шоқай мен Әлихан Бөкейхановтардан Қайрат, Ләззаттарға дейін қанша рет дала қанға бөкті, қан жылға боп ақты, қанша рет ұлан -ғайыр дала азаттықты аңсаған алты алаштың асқақ та айбынды ұранына куә боп, қанша рет «елім-ай» деп, шер төккен халықтың мұңы мен зарына ортақ болды.
«Біз – қазақ, ежелден азаттық аңсаған»,- демекші, бірде қайғылы, шерлі, бірде азат, айбынды, рухты тарихымыздағы әрбір оқиға, әрбір қанды шайқас – азаттыққа жасалған бір қадам.
Бірде Бұқар жырау Бөгенбай батырға былай деген екен: «Халық қолдамаған соғыс түбінде жеңіліске ұшырар. Ал біз өз еліміз, жеріміз үшін соғысып жатырмыз. Біздің ісіміз – әділ, оң». «Жаман ердің қайғысы – ошағының қасында, жақсы ердің қайғысы – ауылының басында» демекші, еңку-еңку жер шалған ерлеріміз өз жеріміз, өз еліміздің, «қара қазан, сары бала» қамы үшін қолына жалаң шоқпар, шолақ найза ұстап жауға шапқан.
... Бөрідейін жол тартып,
Жауырынына мұз қатып,
Жалаулы найза қолға алып,
Жау тоқтатар күн қайда?!-дейді Махамбет өзінің «Ұлы арманында». Сан ғасырлық өмір тарихын басынан кешірген қазақ халқы «егеулі найза қолға алар » батырлардан , қара қылды қақ жарған билер мен ақылгөй , дана басшылардан қай заманда да кенде болған жоқ. Билер мен хандар - ел бірлігі мен берекесінің ұйытқысы. Бұл әсіресе, «Ақтабан шұбырындыда» айқын көрініс тапты. Бұл кездегі қазақ даласындағы жағдай Есенберлинше айтсақ былай еді: «Қазақ жері көкпарға тартылған көк серкедей еді. Көп жауының бірінің тақымында кетер ме, әлде іште тоз-тоз болып жатқан сұлтандардың бірінің қолында басы, бірінің қолында аяғы қалар ма?» Бұл кезде бірлік-берекесі кеткен ел жоңғар қоңтайшыларының шабуылына төтеп бере алмады. Осындай кезде бір тудың астына бірігу қажет болды. Қазақтардың біртұтас, толыққанды мемлекет болуы үш жүздің билері: Төле,Қазыбек, Әйтекелер мен дана хан Абылайдың жанкешті еңбегінің арқасында іске асты. Осылайша жоңғар шапқыншыларының беті қайтарылды.
Бірақ, қазақ үшін ең қатерлі кезең бұл емес еді. «Орыстың ғылымы – дүниенің кілті. Оның жақсысын үйреніп, жаманынан жирен», - дейді Абай. Орыс империясының екі басты самұрығы біздің даламызға екі жүзбен келіп қонды. Бірі жан-жағына білім шашып, нұрын төксе, бір басы жан-жағына от бүркіп, жалмады. Адам өміріндегі ең ыстық, ең жақын нәрсе – Отан, төрт ана. Осы дәуірде, әсіресе қызыл империяның қол астындағы жетпіс жылда, Отан өгей анаға айналып, тұтас бір халық тамырынан айырылып, қаңғырып, жоғалып кете жаздады. Алпауыт аюдай Ресей бізді бізді тіпті, қарусыз-ақ жер бетінен өшіруге айналды. Төрт анасынан түбірімен айырылған қазақта енді мәңгүрт, «қазақ емес » ұрпақ қалыптаса бастады. Бірақ бұл кезде де халқымыздың ауырын көтерер, бойында намыс оты лапылдаған Қайрат,
Ербол, Ләззат сынды азаматтар табылды. Өжет адам өлімді жеңеді. Еліңді сүйсең ерлік істейсің. Қазақтың өрімдей жастары жылдар өте өзінің өжеттілігімен, қайтпас қайсар рухымен, мұқалмас жігерімен дегеніне жетті. Ғасырлар бойы қазақ далысында болған әрбір оқиға, әрбір шайқас халқымызды азаттыққа бір қадам жақындата түсті. Осындай кішкене адымдармен, бірақ оң жолмен, азаттық жолымен қазақ елі армандаған мақсатына келе жатты. Желтоқсан оқиғасы осы бір «соқтықпалы соқпақтағы» ең соңғы ірі адым болды. «Мың өліп, мың тірілген», енді тәуелсіз қазақ өзінің алғашқы демін кеуде кере желтоқсан ызғырығымен алды. Қазақтың көк байрағы «қызыл перденің» сыртына шығып желбірей алды.
«...Жұқаны бүктеу оңай , жіңішкені үзу оңай... Егер сен, түркі халқы, өз қағаныңнан, өз бектеріңнен жырақ кетпей, Отаныңнан жырақ кетпей, бірге жүрсең, сен өзің де бақытты өмір сүресің, өзіңнің отбасыңда ештеңеден мұқтаждық көрмейсің. Ер жүрек халық - күшті халық. Бізге жеңіс әперген – Отанымыз деп білу керек» - деп жазылған ежелгі Күлтегін жазбасында. Он бес ғасыр бұрын жазылған бұл жолдау бүкіл тарихқа тән нәрсе сияқты.
Бабалар қанымен, маңдай терімен салған соқпағын жалғастыру – парызымыз. Шың басына шығу қиын, бірақ оның үстінде аумай , құламай тұру одан да қиын. Тәуелсіздікке осындай аласапыран тарихымен қол жеткізген қазақ елінің мерейі үстем болуы үшін ең әуелі бірлік керек. Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады. Сондықтан, «Қазақстан» деген алып бәйтеректің тамырын тереңге тартып , Қазақ қыранының дүние жүзі көгінде шарықтай ұшуы – әрқайсысымыздың қолымызда.
Бүгінде кең-байтақ Отанымызды мекендеген барша халықтардың басын қосып, татулық пен ұлтаралық келісім тізгінін берік ұстап отырған біздің халқымыз екендігін мақтан тұтамын. Алтын Анамыз-Отанымыздың тауларын аласартпай, даланы асқақтатуда аға буын өкілдерінің біздерге жүктер міндеті зор. Бабалар салған сара жолды ұрпақтар үшін дара жолға ұластыру біздерге зор жауапкершілік жүктейтініне кәміл сенеміз.
Әр халықтың азаттық үшін күресі – ел шежіресінде алтын әріптермен жазылар қасиетті жәдігері.
Біздер үшін халқымыздың төл тарихы сондай қымбат, қастерлі бола береді. Тәуелсіздік туының астына топтасқан бүгінгі ұрпақ міндеті – кешегі Алаш азаматтарының табаны тозып, қабырғасы қайыса, қайсарлықпен жас өмірін пида етіп , армандай аңсаған еркіндігіміздің қадір-қасиетін түсініп, жетемізге жеткізіп, болашақ атты жаңа өмірге жалғастыру дер едім.
Бүгінгі жарқын өмір, жаңа заман, сені қалай сипаттасам екен?!
Бұл кез – осы бір көзайым күндерді көре алмай, шейіт болған азаматтарымыздың аруағы бір аунап, разы болған, көңілдері толған, дүниенің
төрт бұрышына түгел шашылған барша қазақтың бағы ашылған қуанышты, салтанатты кездер еді.
Жаңа ғасырға, жарқын болашаққа жақсылықпен қадам басқан асыл елім, қасиетті жерім, сені бабалар аруағы әрдайым жебеп жүрсе екен деп, періштедей тілегімді бүкіл әлемге паш етемін.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Шығармалар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?