Мәңгілік Ел- Мәңгілік тіл

 Мәңгілік Ел- Мәңгілік тіл

Тусумбекова Индира
7 сынып, Шөптікөл мектебі
Павлодар облысы, Баянауыл ауданы
Жетекшісі: Бұғыбай Л.

Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар.Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды. Оны даудың
тақырыбы емес, ұлттың ұйтқысы ете білгеніміз жөн.
Н.Ә.Назарбаев
Тіл қай ұлтта болса да, қай елде болса да қастерлі, құдіретті.Ол әрбір адамның бойына ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы-әр елдің мақтанышы.Ол атадан балаға мұра болып қалған баға жетпес мұра.
Менің ана тілім шексіз бай өте көркем тіл.Қандай ақын,жазушы болса да өз ана тілін жырлауға тиісті.Сол сияқты менде өз ана тілім туралы тебірене ой толғасам деймін.
Мен жаңа ғасыр перзентімін. Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің халыққа арнаған жолдауында: «Ендігі ұрпақ –Мәңгілік қазақтың перезенті» -деп жас ұрпаққа үлкен үміт артады.
«Әсіресе, жастарға мынаны айтамын:Бұл Стратегия сіздерге арналған.Оны жүзеге асыратын да ,жемісін көретін де сіздер, осы жұмысқа атсалысыңыздар, елдің болашағын барша халықпен бірге жасаңыздар»-деп жастарға және елінің ертеңі болатын жас ұрпақ бізге үлкен сенім жүктеп отыр.
Мәңгілік Ел болу біздің қолымызда, сондықтан да сабағымды жақсы оқып, жақсы бір мамандық иесі болып, елімнің өсіп өркендеуіне өз үлесімді қосамын деп ойлаймын. Мәңгілік Ел ата-бабаларымыздың сан мың жылдар бойғы асыл арманы .
Ол арман әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып,әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атануы.еді Бұл армандар ақиқатқа айналды .Мәңгілік елдің ірге тасын қаладық.
Президентіміздің жолдауын газет-журналдан оқып, ұстаздарымыз да әбден санамызға сіңірді.Оқыған кезде, мені тіл туралы айтқан ойлары қатты жігерлендірді.Жолдауда: «Қазақ тілі бүгінде ғылым мен білімнің, интернеттің тіліне айналды.Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар.
Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды! Оны даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн» -деп айтқан ұранды сөздері әр қазақтың, әр қазақстандықтардың санасына жетер деп ойлаймын.
Осы орайда ұлттың ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың айтқан мына бір қанатты сөзі ойыма оралады. «Тілі жоғалған халықтың өзі де жоғалады»- десе, жерлес ақынымыз Жүсіпбек Аймауытов: «Ана тілі- халық болып жасалғаннан бері оның жан дүниесінің айнасы, өсіп өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерек» -деген.
Меніңше, қай ортада жүрсекте , мектепте, отбасында қазақ тілінде сөйлейтін болсақ тіліміздің мәртебесі артады деп ойлаймын .Ана тілінің топырағында көктеп , ауасынан тыныс алмаған өнер де білім де өміршең емес.Тіл -ұлт болып қалыптасудың ең бірінші шарты. Басқа тілдердің көлеңкесінде қалып қоймай, өз тіліңнің терезесін өзге тілмен тең ету, оны жан –тәнімен сүю «ұлтым», «тілім» деп соққан ұлтжанды әрбір адамның үлкен әріппен басталатын «Азаматтық парызы»екенін ұмытпау керек.
Қазіргі таңда тіліміздің қолдану аясы кеңейіп ,қанатын кеңге жайып келеді.Бірақ та құрбы –құрдастарымыз, достарымыздың арасында тілімізді шұбарлап сөйлейтіндер көптеп кездеседі.
Мен Мәңгілік Елімнің ертеңімін. Болашақта өз елінің иесі бүгінгі мектеп оқушылары.Олар –біздер.Мен өзім туралы жазатын болсам:
Мен киелі де қасиетті, табиғаты әсем Баянауыл топырағында дүниеге келдім,Шөптікөл жалпы білім беру орта мектебінде 7-сыныпта оқимын . Менің туған топырағымда қаншама дарынды тұлғалар дүниеге келді десеңш! Осы тұлғалардың өмірін дәріптей отырып, оқуымды жақсы оқып, терең біліммен қаруланып, келешекте өзім таңдаған мамандық иесі болып Мәңгілік Елімнің өсіп, өркендеп дамуына, Мәңгілік тілімнің көркеюіне өз үлесімді қосамын өзіме үлкен сенім артамын.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?