Ер еісімі - ел есінде
Төлеубаева Айымгүл
5 сынып, Қараағаш орта мектебі
Ертіс ауданы
5 сынып, Қараағаш орта мектебі
Ертіс ауданы
«Ерлік өлмейді, ер ұмытылмайды»-демекші соғыс жылдары еліміз үшін де, бүкіл әлем халықтары үшін де, есте қаларлық кейінгі ұрпаққа үлгілі, өнегелі жыл. Бүкіл дүниежүзілік соғыстың аяқталуына биыл алпыс тоғыз жыл толып отыр.
Ардагер аталарымыздың, әкелеріміздің, ағаларымыз бен әпкелеріміз жастардың бойында Отанның абыройы мен бостандығын қорғаған ардагерлер үшін мақтаныш сезімін тудыратынына сенімдімін. Ардагерлерге ілтипат көрсету парызымыз.
Сол бір ел басына қайғылы бұлт үйірілген шақта қолына қару алып елін, жерін қорғауға аттанған жұрт есінде қаларлық ерлік жасамаса да, сол қырғынға қатысқанның өзі үлкен ерлік дер едім.
Біздің Қараағаш ауылынан да 40-қа тарта ардагер жауынгерлеріміз Отан үшін жанын қиған . Олардың 20-ға тартасы елге оралып, қалғандары елінің келешегі үшін қан майданда оққа кеудесін тосып, туған – туысқандары мен ауылдастары «Отаны үшін ерлікпен қаза тапты» деген қағаздарын алған. Өздері өмірден өткенімен, жаумен шайқасқан ата-бабаларымыздың ерлігі тарих қайнауынан орын алып, отандастарының жадында мәңгіге сақталады.
Сол сұрапыл жылдардың тарихи беттерін ақтарып өтсек. 1941 жылғы 22-маусымда таңғы сағат 4.00-де бейбіт шырт ұйқыда жатқан Кеңес Одағына фашистік Германия тұтқылдан шабуыл жасады. Шекарашылар қасық қандары қалғанша ұрыс жүргізді. Бірақ жау ішкерілеп ене берді. Сол кездегі фашистік Германияның мақсаты бүкіл кеңес халқын құлға айналдыру, жерін басып алу еді. Дегенмен , еліміздің бірлігі, ынтымақтастығының арқасында жеңіп шықтық. Кеңес әскері дұшпанға ойсырата соққы берді.
Өткен ауырпашылық кезеңінің бірі- әр үйдің жанұясына жара салған, талай боздақтар от кешкен, талай боздақтар әз-түссіз хабарсыз кеткен , ол – Ұлы Отан соғысы. Сол соғысқа аттанған майдангерлеріміз бірі: Іләш Серғазинов, Әментай Кәрімов, Ақылбаев Қайыржан Жақияұлы, Мұхамеджан Құсайынов,Қожан Серікбаев. Қараағаш ауылында осы ауырпашылық кезең жай айналып кеипеді. Әр отбасының «тірегім» деген ерлерінің бәрі соғысқа кеткенде, ауылда кәртәміш, қауқарсыз шал-кемпірлер мен бұғанасы қатпаған жас балалар қалған еді. Сонда да Қараағаш ауылы соғысқа кетекен ерлерінің орнын жоқтатпай, барлық қиыншылыққа төзе білді. Ала таңнан қара көлеңкеге дейін өгізбен жер жыртып, қолмен тұқым сеуіп, азапты күндерді бастан өткізіп, еңбек еткен азаматтардың бірі – Кенжебай Абенов және оның өмірлік жұбайы Орынбасар апай туралы біраз әңгімелеп өтсем.
Кенжебай Абенов 1927 жылы туған. Көп балалы жанұяда, он алты баланың отасында өсті. Сегіз жасында шешесі қайтыс болды, інілері Төлебай мен Сабыр екі жаста жетім қалды. Әкелері Әбен қария тоқсан жасқа келіп қайтыс болған. Он алты баланы картоп пен балықпен өсірген.
Кенжебай жетімдіктің зардабынан ерте есейіп, сегіз жасынан колхоздың бұзауларын бағып,еңбекке ерте араласады. Соғыс басталғанда жас бала ауылдың бронмен соғыстан алып қалған Какен Шайхын, Зайныш Сүлбаев, Зәкуля Аужанов сынды ауыл азаматтарыман соғыс уақытындағы ауыр да қайнаған еңбек майданына інісі Төлеубай екеуі қара жұмысқа араласады. Сол соғыс кезінде жұмыстың барлығы қолдың қара күшімен атқарылды. Лавогрейканы қолмен сүйреп, жинаған масақты ауылға әкелген.
Соңыстың ауырпашылығын көрген майдангерлерімізді айтатын болсақ, сан жетпейді. Қасықтай қаны қалғанша жас жанын шүберекке түйе жүріп елін, жерін қорғаған азаматтар аз емес. Олардың көбі сол майданда қалса, аман-есен сол қырғыннан елге оралып келгендер де бар. Атап айтсақ: Қараағаш аіуылының ардагері Укужанов Дос 1914 жылдың 10 қазан күні Павлодар облысындағы, Ертіс ауданының, Чапаевка (Қараағаш ауылы) колхозында қарапайым шаруа отбасында дүниеге келген. Соғыс және еңбек ардагерінің балалық шағы ауыртпашылығы көп, қиын жағдайда өтті. Әкесінен жас айырылып, отбасының жауапкершілігі мойынана түсті.
1939-1941 жылдары кеңестік борышын атқарған, Фин соғысына қатысқан.
1941 жылы Москва қорғанысына қатысып, медальмен марапатталған.
1946 жылы еліне оралады. Колхоздағы жұмыстарға белсене қатысып, алғашқы комсомол ұйымының хатшысы болды.
1951 жылы жігерлі азаматты Шарбақты техникумына оқуға жіберіліп, оқуды бітірген жас комсомол егіншілер бригадасында жетекшілік қызметін атқарды.
1978 жылы құрметті демалысқа шықан соғыс және еңбек ардагері Дос Укужанов атамыз «Ұлы Отан Соғысы» ордені, «Берлинді алғаны үшін», Кеңес Одағының маршалы Г.К. Жуковтің және «Еңбек ардагері» медальдармен марапатталған.
1997 жылы 83 жасында майдангер атамыз дүниеден кетті.
Ертіс ауданы, Иса Байзақов ауылының тумасы Шайкенов Әлихан 1943 жылы соғысқа аттанып, Отан қорғау жолындағы шайқаста төрт рет ауыр жараққанған. Ерлігі үшін медальдармен марапатталынып, елге оралады. 1947 жылы отбасы құрып, он бала өсірген. «Ертіс правдасы» газетінде редактор болып қызмет атқарады. 1953-1984 жылдары М.Горький орта мектебінде ұстаз, оқу ісінің меңгерушісі, мектеп директоры болды.
Қайыргелді ағай 1913 жылы, Ақтоғай, Ертіс ауданының шекарасында орналасқан Ахмет ауылында дүниеге келген. 1942 жылдың 17 қаңтарында әскер қатарына шақырылып, Ленинград майданында соғысқа кірген. Алты ай соғыстан кейін жараланып, бір айдай емделіп , қайта майданға аттанады. Ленинградты қорғау кезінде ауыр жарақат алады. Қасындағы жауынгерлер өлдіге санап, жерлеуге уақыттары болмай, басқа өлгендермен бірге жертөле ішіне тастап кеткен екен. Қанша уақыт өткенін кім білсін, есін жиса, жертөледе өлгендер арасында жатыр.
Соңғы күш-қайратын жинап, жанына батқан жараға қарамастан, өмірдің бір күніне деген ұүштарлық әл берген болар. Еңбектеп зорға шығады. Бақытына орай осы маңда байланыс жүргізіп жүрген жауынгерлерді кездестіріп, әуелі медсанбатқа, госпитальге жіберіледі.
Алты ай емделіп, 1943 жылдың мамыр айында 2-ші топтағы мүгедек, әрі қарай әскерге жарамсыз деп танылып, елге қайтарылады. Елге
орала салысымен жұмыс іздеп Он жылдық совхозының бірінші бөлімшесіне меңгеруші болып тағайындалады. Осы қызметті табан аудармай 30 жыл абыромен атқарып, 1973 жылы зейнеткерлікке шыққан.
Міне, Отанымыздың түпкір-түпкірін мекендеген әр отбасынан Ұлы Жеңістің жақындауына елеулі үлес қосқандар жетерлік, ендеше сол қанды қырғынға қатысқан әр азаматтың аты ұмытылмақ емес.Қаһармандықтары, ерлігі, отаншылдығы үшін шексіз алғысымды білдіремін. Біздің қымьатты ардагерлеміздің ерліктері мәңгі өлмейді. Ұрпақтың жадында мәңгі сақталады!
Адамға ең қымбатты – Отан! Адамға бәрі табынса да, Отан табынбайды. Отан үшін жан қиған боздақтарымыздың ерлік істері жас ұрпақтың жадында мәңгілікке ұя салған. Бас көтерген азаматтардың бәрі майданға аттанды. Осы азаматтардың үркердей бір шоғыры жау шебінің ар жағында жүріп, сонау Белларусия, Украина жерлердің төрт жыл бойы фашизммен арпаласты. Ақ қырау қыста, апатп жазда, жылауық күзде олар бір тыным, бір тыныштық көрмеді.
Бұл соғыстың салған жарасы әлі күнге дейін барлық ұлттың жүрегінде жазылмады, әлі де сақталуда. Осы жарқын өмірді сыйлаған әке, аға, әпкелеріміздің ерлігі мәңгі үлгі. Бүгінде біз дербес, тәуелсіз елміз! Осы күнге жеткізген ата -бабаларымызға мың алғыс! Еліміздің әрі қарай гүлденуіне, дамуына біздер, болашақ жауаптымыз. Өз үлесімізді қосуға әрқашан дайынбыз!

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Шығармалар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?