Патриотттық тақырыптағы шығарма

 Патриотттық тақырыптағы шығарма

Рақымжанова Рахила
11 сынып, №10 лицей-мектеп
Павлодар қаласы

Сынға түскен екіұдай тұста мына,
Қарамайды ол бақытқа, бас қамына.
Лайық ол, байқасаң, қазақ түгіл,
Әлемді де әдемі басқаруға!
Ғ. Қайырбеков
Менің туған жерім – Керей мен Жәнібек бабаларымыз қалаған қазақ жері. Қарға тамырлы қазақ халқының көздің қарашығындай сақтаған осынау қасиетті мекені ата-бабаларымыздың найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғағанының арқасында бізге жетіп отыр. Сол себепті де, осындай алып Отанды сүйіп өту - кімге де болсын қасиетті парыз, абыройлы міндет.Отанды сүю оның әрбір тасын сүюден басталады. Бұл шексіз махаббатты туған анаңа, асқар таудай әкеңе деген махаббатпен теңестіруге болады.
Қазақстан жерін ежелден қоныстанып келе жатқан ел – қазақ халқы. Көп ғасырлар бойы ел басқарған дана басшыларымыз, қолбасшы батырларымыз кең- байтақ жерімізді сырттан төнген қауіптен қорғап келді. Қазақ халқы – ержүрек, достыққа адал, бауырмал , қонақжай халық қой?! 1991 жылдың желтоқсанының он алтысында қазақ халқы азаттық жолындағы екі жарым ғасыр бойы үздіксіз күрестен кейін тәуелсіздікке қол жеткізді. «Ерлік – ұрпаққа ұран, елге- мұра» деген бабалар өсиетін бойына дарытқан халқымыз азамат ұлдар тәрбиелеуге де зор көңіл бөлген.Бұған Абылайдан кейін қолымыздан сусып кеткен тәуелсіздікті аман алып қалу үшін , халықтар достығын , татулықты, ынтымақтастықты күшейтетін елді бастар ер керек еді.Еңселі ел болу үшін, елін дауға , жерін жауға бермейтін білікті басшы керек болды. Сөз қадірін білген Төле би бабамыз : «Басшысы болмаса, ел жетім», - деген болатын. Ғасырлар бойғы алып күрестермен жеткен киелі тәуелсіздікті баянды ету – елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еншісіне тиді. Көшбасшымыздың мақсаты – ел бірлігін сақтау. Оның әр сапарынан, білікті саясатынан, әр кездесуінен мұны көруге болады. Уақыт өткен сайын, еліміз қарқынды дамуда. Елбасымыз осы жылдардың толқынында көп еңбек сіңірді.Ең әуелі өзге ұлт өкілдерімен қазақ елі арасындағы саяси тұрақтылықты сақтай отырып , халықтың өз қазынасын өзіне қайтаруға тырысты. Тілі, діні , салты, әдет – ғұрпынан айырылудың аз-ақ алдында қалған елге біраз ғана уақыттың ішінде асыл мұраларын қайтаруға күш салды. Парасаты мен пайымы , білімі мен біліктілігі мол, ел қамын ойлаған Президент Жолдауы - болашаққа апарар жолдың бастауы.Еліміздің ертеңі - бізге, жастарға , үлкен қолдау көрсетіп, шетелдерде білім алуына жағдай жасап, «Болашақ» бағдарламасын ұсынуы шынайы қамқорлық деп ойлаймын . Елбасының жыл сайынғы халыққа Жолдаулары бүгінгі таңда халықтың асыға күтетін оқиғасына айналды. Қоғамдағы барлық саланы қамтып, ешкімді де шетке қалдырмайтын бұл бағдарламалық құжатта біздің білім саласына да ерекше назар аударылып келеді.Бізге өзіміз қалаған жерімізде білім алып, жан- жақты дамуға жол ашқан. Назарбаев университеті мен зияткерлік мектебі - біздер үшін, яғни елдің болашағы үшін, таптырмас білім ордалары.Еліміздің қай саласын алып қарасақ та, алға басушылық пен дамуды байқауға болады.
Жуырда жария еткен «Қазақстан-2050» стратегиясы бойынша біздің ең басты мақсатымыз – 2050 жылғы қарай әлемнің 30 елінің қатарына кіру. Қазақ тілі 2025 жылға дейін латын әліпбиіне көшеді. Бұл жайында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді. Айта кетейік, соңғы бірнеше жылдан бері ұлт зиялылары қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру мәселесін көтеріп жүрген болатын. Бүгінгі таңда ана тіліміз кириллица әріптерімен жазылып жүр.Сонымен қатар көшбасшымыз : «Қазақ қазақпен қазақша сөйлесу керек» деп ,қазақ тілінің деңгейін қазіргіден де жоғары дәрежеге жеткізуді мақсат етіп отыр.Биыл қабылданған «Қазақстан -2050» жолдауы да, «Қазақстан-2030» жолдауы сынды тез орындалатынына сенімдімін.
2012 жылы желтоқсанның бірінші жұлдызы Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні болып белгіленді. Осы оқиғаға қуанбаған жан болмады десем қателеспеспін . Бұл күн елбасының елі үшін жасаған барлық жақсылығы мен қамқорлығын көретін ерекше мереке деймін.
АҚШ-тың бүгінгі президенті Бараак Обаманың: «Сіздің еліңіз егеменді, тұрақты және өркендеген мемлекет ретінде өзінің дамуында маңызды табыстарға қол жеткізді» деген шынайы пікірі, Қытай көшбасшысы Ху Цзиньтаоның : «Тәуелсіздік жылдары сіздің басшылығыңызбен, Қазақстан халқы өзінің қажырлы да жасампаз еңбегімен дамудың дұрыс жолын таба білді» деген ойы, Ресей президентінің« «Мен сізге алғыс білдіремін» деген ыстық ілтипаты, Түркия президентінің: «Нұрсұлтан Назарбаев - күллі түркі дүниесінің көшбасшысы»,- деп ағынан жарылуы - біздің елбасымздың мәртебесінің қаншалықты биік екендігінің айқын көрсеткіші. Мұндай марапат түйіндердің өзінен тұтас бір энциклопедия жасақтауға болатын секілді.
Ал, ең басты баға – мемелекет басшысына өз халқының берген бағасы емес пе?! Ол бағаның қандай екенін білгіңіз келсе , елбасы әрбір өңірді шарлаған сәттегі халықтың оған деген ыстық ниет,ықыласын көріңіз.Қалың жұрттың арасынын, қақ жарып келе жатқанда халықтың көз жанарында тұнған алғыс пен шынайы сенімді көріңіз. Ірі халықаралық форумдар мен саммиттерде елбасы көптің алдына шыққанда, бәрінің орындарын тұрып, қол соққандарын көріңіз. Мұның бәрін көріп, көңілге пікір түйіңіз. Ол пікір жұртымыздың ортақ пікірімен орайлас, қолайлас, қарымдас келетінін көріңіз. Сол кезде адамның көңілінде өз туған жеріне деген мақтаныш пен патриотттық сезім жаныңды шуаққа , қимылыңды қуатқа бөлейді.
«Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар» демекші, мен де болашақ ұрпақ, елімнің көркеюіне аз да болсын өзімнің үлесімді қосқым келеді. Біз білім алып, ғасырдан ғасырға жібек желі болып жалғасып келе жатқан бабалар аманатын орындап , жалғастырып, еліміздің одан әрі көркеюіне атсалысуымыз керектігін жүрегіммен сезініп, мақтан етемін. Өз шығармамды Нұрсұлтан Әбішұлы Назрабаевтың сөзімен тәмамдағым келеді: «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетін нығайтып – көркеюі жолында жан- теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де , елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!»


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?