file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Отаным

 Отаным

Маженова Шынар
7 сынып, Екішоқ негізгі мектеп
Железин ауданы

Отаным-неткен көркем едің,
Алдыңда бас иемін.
Қымбат сенің өпкен желің,
Әр таңың да қымбат сенің.
Отан-неткен керемет сөз еді! Отан деген сөздің өзі жүрегіңе үлкен махаббат ұялатады. Отан-біздің туған жеріміз. Ол-ата-анамыз, туған-туыстарымыз, дос-жарандарымыз және өзіміз тұрып жатқан ел.
Менің Отаным-Қазақстан. Оның астанасы-Астана қаласы.Отанымызды, туған-жерімізді қорғау үшін көптеген батырлар өз жандарын қиды, Қабанбай, Наурызбай, Бөгенбай сынды Отан үшін қолға қару алып, жауға қарсы аттанған батырларымыздың есімдері тарихта өшпестей із қалдырды.
Біздің жерлестеріміз, отандастастарымыз ғаламшардың түкпір – түкпірінде өмір сүріп жатыр. Бірақ, сонда – да олар өздерінің Отанын, тілін, туған елін бір сәт естерінен шығармаған. Бұны Отанға деген нағыз махаббат деп түсінуге болады.
Отанды әр адам өзінше жақсы көреді. Шет елге кетсе, құрғыр жүрек әрдайым «Отан»- деп, лүпіл қағып, соғатын болады. Біз әрдайым Отанымызды қызғыштай қорып жүруіміз керек.Себебі Отанға деген шексіз махаббатты сен ешбір бағалы затқа сатып ала алмайсың. Отанды өзге бір елге айырбастап та ала алмайсың. Отанын сүймеген адам, өзге елді де сүймейді. Отан-біреу ғана. Сондықтан біз оны әрдайым қорғап, Алла Тағаладан Отан атты үлкен отбасымыздың тыныштығы еш уақыт бұзылмасын деп тілейік.


Толық нұсқасын 29 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?