Тәуелсіз елімнің Тұңғыш Президенті

 Тәуелсіз елімнің Тұңғыш Президенті

Кусаинова Мадина
7 сынып, Еңбекші мектебі
Железин ауданы
Жетекшісі: Жаирбаева А. Қ.

Туған жер, қатар өскен құрбы, атамекен, Отанға деген махаббат,перзенттік парыз туралы сыр шертпейтін адам болар ма,сірә! Сондықтан бізде бұл тақырыптар өзгелерден гөрі көп айтылады және айтыла бермек.
Менің туған елім – Қазақстан. Даласы, таулары биік өр, халқы мейірімді ғажайып өлке. Республиканың өз алдына дербес мемлекет болып, тәуелсіздігін алғанына биыл 23 жыл толғалы отыр . Осыны ойласам кеудемді үлкен қуаныш сезімі кернейді . өз еліңде бақытты, тыныш өмір сүргенге не жетсін! Алыс-жақын елдерде соғыс болып жатқанда, біздің аспанымыз ашық, өміріміздің бейбіт болғанына қуанамын. Сол бейбітшіліктің арқасында күліп - ойнап, еркін білім алып жүрген ерікті елдің қызының бірімін. Мен болашаққа нық сеніммен, үлкен үмітпен қараймын. Тәуелсіздіктің алғашқы жетістігі – халқымыз өз таңдауымен ел Президенті сайлады. Оған үлкен сенім артты, міндет жүктеді. Мұның мәнін біз жақсы түсінеміз. Әбішұлы Назарбаев Нұрсұлтан ата – елге, барша әлемге танылған, өмір еңбектің шытырман жолдарынан өткен, шыңдалған, болашақты көрегенділікпен саралап, болжай білетін азамат, өткенінің өзі – көпке үлгі болар өмірбаян. Нұрсұлтан Әбішұлы Алатаудың бауырында дүниеге келсе де, жанға жайлы мекенде өмір кешпей, еңбек жолын Теміртаудан бастап, Қазақстан магниткасында шындалған. «Қанат ұшса қатаяды», - деген осы болар. Н.Ә.Назарбаев Қазақстанды әлемге танылған тәуелсіз мемлекетке айналдырды. Ел сенімі ақталды деген – осы. Ал Нұрсұлтан Әбішұлы оны тек өзінің жетістігі деп есептемей. «Тарих толқынында», «Ғасырлар тоғысында» тағы басқа еңбектерінде халықты өткеніне үңілтіп, бүгінгісіне шүкіршілік етуге тәрбиелеп отырды. Ата-бабаларымыз Батыр халық аттың жалында, найзаның ұшымен, білектің күшімен, ақтық демі біткенше, елін дұшпанға таптатпай, Алтайдан Дунайға, Сібірден Шығысқа дейінгі ұлан-ғайыр даланы небір сұрапыл соғыстардан, замана зұлматтарынан аман алып қалып отырған. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» жылдардың тар жол, тайғақ кешуінде де тәуелсіздік туын құлатқан жоқ. Ата-бабаның сол тізгінің Елбасының Нұрсұлтан Әбішұлыда атамыз мықтап ұстаған. Олай деуімізде де себеп бар. өйткені, Президент адам құқығы мен заңға саналы түрде басым бағыт бере отырып, өз еліндегі тыныштық пен келісімді көзінің қарашығындай сақтауда. Елдің ата заңы Конституциясы мен рәміздері өмірге келді. Тәуелсіз Отанымыздың көк жүзімен астасқан көк байрағы астында Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болдық. Ардақты ана тіліміздің мемлекеттік мәртебе алғаны, тұңғыш төл теңгеміздің шығуы, Семей атом полигонының жабылуы – бәрі де Елбасына тікелей араласуымен болған.
Ел ордасы болып Астана бой көтерді.Бұл қала өзінің әсем сәулет өнері үлгілерімен, сан-алуан тарихи және мәдени ескерткіштерімен, сұлулығымен әлем назарын өзіне қаратып отыр. Мұндай тамаша сәулет өнері туындылары, солардың ішінде "Ақорда”, "Бәйтерек”, "Бейбітшілік және келісім сарайы”, "Думан” орталығы секілді көптеген ғимараттар мен ескерткіштер орналасқан. Әсем қаламыз – Астананың жылдан-жылға жаңарып, көркеюіне Елбасымыздың қосқан үлесі орасан зор . 1998 жыл «Халық бірлігі мен тарих жылы» атанғаннан кейін біршама тарих беттерінде ашылмаған, анықталмаған тарихи байлықтарымыз ашылды . 1999 жылдың «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы» деп жариялануы тектен - тек емес. Президентіміздің тапсырысымен көптеген Қазақ азаматтары өзінің ата -бабаларының тұрған, кіндік қаны тамған кең байтақ Қазақ еліне келіп , өмір сүрулеріне мүмкіндік алды. 2000 жыл «Мәдениетті қолдау» болып жарияланған. Мәдениет - әрқашан адамзаттың ұлы мұраты, асыл болмыс-бітімі, рухани байлығы. Жаңа ХХІ ғасырға қадам басқан шақта Қазақ халқының өнерін жаңғыртып, мәдениетін басқа елдерге таныту игіліктің басы. Елбасының Н.Ә.Назарбаев сол туралы: «Біз – талантты халықтың өнерлі ұрпағымыз».
Ата – дәстүрін, ана – тәрбиесін көріп өскен, содан нәр алып жетілген ұрпақтың өнерді қадірлемеуі мүмкін емес. Халық өнері – қазына. Біз сол өнерді жалғастырушыларымыз» - деп , барлық елді мәдениетті қолдап, атадан қалған қазынаны ұмытпауға үндеді және оны өркендетуге мүмкіндіктер жасады. Президентіміз белгіленген «Қазақстан – 2050» бағдарламасы және жыл сайынға Жолдауы біздің адаспайтын жолымыз, айқын да ашық бағдарымыз. Елбасы өз Жолдауында «Қазақстанның болашағы жастардың қолында»,- деп бізге үлкен сенім білдірді . «Хан біреу болса керек, қалғандары тіреу болса керек », - деген есті сөз бар. Американдықтар Дж .Вашингтоның, орыстар Бірінші Петрді, түріктер Ататүркті қастерлейді. Оларды шын мәніндегі мемлекеттерінің негізін қалаушысы, ел тағдырының ең бір қиын кезеңінде тізгін ұстапшысы, ту көтерген тарихи тұлғасы ретінде құрметтейді. Сондай текті де дара тұлға – Н.Ә.Назарбаев. Нұрсұлтан Әбішұлының «Тарих толқынында » еңбегі барысында 1999 жылы Мұхтар Құл-Мұхамедке берген сұхбатында: «Мен Елбасы болсам да, Қазақ деген атасын ардақтап, анасын сыйлаған, әруағын қастерлеп, Алласына сыйынған елдің бір перзентімін» дейді де Президентіміздің ұлылығы мен көрегенділігін айқын түсінгендейміз. Осы сөз кейінгі ұрпаққа қарапайымдылық пен ізеттіліктің не екенін үйретері сөзсіз. Мен осы ізгілікті жадыма сақтай отырып, ел тәуелсіздігі мен ел Президентін бөлек қарауға болмайтын егіз ұғым екенін түсіндім.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?