Менің Қазақстаным
Мұхамбетова Арухан
5 сынып, №19 орта мектеп
Жаңаөзен қаласы
Жетекшісі: Бердекешова Г.Қ.
5 сынып, №19 орта мектеп
Жаңаөзен қаласы
Жетекшісі: Бердекешова Г.Қ.
Арайлап атқан таңы бар, асу бермес асқарлары бар, сайын дала, жазираны мекендеген мейірбан халқы бар ел - Қазақстан. Қазақстан - бүтін қазақ халқының ата мекені, кіндік қаны тамған киелі жері. Ол – менің елім! Тәңірі жер қайысар мал беріп, асты – үсті байлыққа тұнып тұрған осындай өлкені бұйыртқан халқымның арманы да жоқ болар. Неге болмасын?!
«Армансыз адам – қанатсыз құс» демекші, бабаларымның асау арманы,жанын жаншыған намысы ұрпақтан – ұрпаққа жетіп жатты. Ол арман–шексіз-шетсіз жатқан осынау табиғаттың берген сыйына көз алартқандардың отаршылдық саясатынан құтылу еді. Ол жол – Сырым, Жоламан, Қасым, Кенесары, Наурызбай, Исатай, Махамбет, Барақ бастаған және 1916 жылғы көтерілісшілер басшыларының заңды наразылықтарын тудырды.Қазақ халқы
– патшалық Ресейдің отаршылдығына ең көп қарсыласқан қауымның бірі. Менің елім – Қазақстан. Осынау құдіретті сөзді әірбір Қазақстан Республикасының азаматы асқақ сезіммен, ерекше мақтанышпен айта алары хақ. Сонау Алтайдан Атырауға дейінгі созылып жатқан кең байтақ, ғажайып өлке – бұл Қазақстан. Осындай аймағы үлкен, қойнауы қазынаға толы құнарлы жерімізге кімдер көз тікпеді? Олар қазақ жеріне иелік ету үшін қаншама рет шабуыл жасап, елді тыныш қоймайды. Бірақ ер жүрек ата – бабаларымыз сыртқы жаудың қимылын бағып, тойтарыс беріп отырды. Сол батыр бабаларымыздың арқасында,халықтың бірлігінің арқасында ел өзінің кең байтақ жер, құт мекенінде еркін көсіліп, жайланып жатыр. Қасиетті жеріміздің иесі олардың ұлы ұрпақтары қол жеткізіп отырған бостандық туын желбіретіп, көкке көтерер ме едік?
Өз басынан ұрпақ тағдырын биік санаған ардақты ақын атамыз Асан қайғы ел үшін мәңгілік мекен – жақсы жайды желмаямен желіп іздеген. Талмай кезіп ерінбей шарлап, таппай тынбай, таңдап тоқтап, түйесін шоқтірген жері осы күні Қазақстан аталады.Қысқы аязы мен жазғы ыстығына ұл-қызын бірдей шынықсын дегендей. Еліне апарып тіресе, бір шетін күннің көзі найзадай қадалатын оң бүйірге тіреген. Арқасынан күн қысқанда, Алатау мен Алтай сынды алып таулар мейлінше мейірленіп, бал бұлақтары еш уақытта үзілмей аға берсін деп ойлаған сияқты.
Туған Отан сезімі сана төріне сан түрлі ой, толға тоқынын әкеледі. Көз қуанышы, көңіл шуағы етіп жаратқан жер жаннаты Жетісу мен көгілдір Көкше, Баянауыл мен Қарқаралы , Алтай мен Атырау, Сарыарқа сынды алып аймақты бауырына басып, Сыры мен Ілесін, Шуы мен Жайығын, Ертісі мен Есілін ағызған алып қазақ даласы – ержүрек ата – бабамыздың бізге аманат етіп тастаған ұлы Отаны. Қазақтың танымал ақыны Қасым Аманжолов:
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бүл далада атам қолға ту алған.
Бұл далаға жылап келіп, уанғам,
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,
Бұл далада өскен жанда жоқ арман,-
деп, Отанға деген жүрек тебіренісін жырға қосып жекізіпті.
Отан - белгілі бір адам үшін туған шаңырағы, ата – ана, бала –шағасы, өмірде көретін қызығы мен бақытының тұрағы, өлгенен кейін де ұрпақтарына рухы жар болып жататын топырағы.Отаным – Қазақстан – баяғы замандардан бері менің ата – мекенім, бүгінгі біздің, кешегі аялы алақанына салып, ер жетіп, есейгенде біздің азаматтығымызға баға беретін ұлы анамыз. Мен – қазақпын. Мен үшін осы сөздің өзі – үлкен қуаныш. Өз халқым – қазақты мақтан етемін.
Тәуелсіздік! Дүниеде бұдан асқан ұғым, бұдан қымбат игілік жоқ. Арыстарымыздың қанымен, жанымен келген тәуелсіздігімізді алып, өлгеніміз тіріліп, өткеніміз жанғандай. «Тәуелсіздік – ғажайып ұғым, мемлекетіміздің өз саясаты бар деген сөз»,- деген еді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде.Халқы үшін қызмет етуді бақыт санайтын Елбасымыз тұрғанда Қазақстанның келешекте дамыған, өркениетті ел боларына кәміл сенемін. Әрбір ұрпақ өз елін, жерін, оның адамдарын жан жүрегімен сүюі керек. Рухы күшті адам дәл осылай етеді. «Рухы күшті ел – алынбайтын қамал» - дейді халық нақылы.
Біздің Отанымыз, туған жеріміз қойынан қалың қазына шығып жатқан – қасиетті де, қастерлі жер.Әсіресе, мұнай мен газ Отанымыз Қазақстанның басты баға жетпес байлықтары – қара алтын мен көгілдір газ,өз кіндік қаным тамған туған жерім –Маңғыстау өлкесінде де өндіріледі, яғни Отанның бақыты үшін өз үлесін қосып жатыр. Ол мен үшін – үлкен мақтаныш.
Қазақстан тәуелсіздік алғанына биыл жиырма екі жыл толды. Өз алдына егеменді ел болып, тәуелсіз мемлекет атанды, қазақ халқы үшін, әрине,үлкен қуаныш.Бұл жағдайда жиырма екі жасқа енді ғана толған періштедей сәби, жас
мемлекетке оңайға соқпасы белгілі.Қазақстан атты көк жүзінде шарықтап ұшқан,қалықтап ұшқан, көк байрағын желбіретіп ұшқан қыран бейнелі қайсар халыұ, момын халық бар екендігін өзге елдер де танып біледі.
Бүкіл адамзат баласы үлкен үміт артып отырған ХХІ ғасыр табалдырығын аттаған еліміздің басшысы Н.Назарбаев Қазақстанның болашағы жастар екендігін,елімізді дамытып, көркейту де солардың қолында екенін баса айтты. Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың:
Сен үшін, Отан, сертім сол –
Неден де болса тайынбан!
Киелі менің өрісім,
Барлығы-дағы сен үшін,-деген өлең жолдарын өзіме ұран ғып ұстап, талабы таудай, өнері жасампаз елімді гүлдендіруге, оның даңқын асырауға өзіндік күш – қуатымды арнаймын.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Шығармалар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?