Отан

 Отан

Жаныбек Айдана
Мұңайлы ауданы

Әрбір адам үшін туған жерден ыстық, қадірлі, қымбат ештеңе жоқ. Болуы да мүмкін емес! Өйткені ,сен ең алғаш жарық дүниеге келген сәтіңнен бастап, осы өлке саған алтын бесік-атамекен болып саналады.
Отан-әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отан-сенің туған жерің, ата-бабаларымыздың кіндік қаны тамған жер . Өзіңнің туған-туысқандарыңмен , дос-жарандарыңмен тұратын қасиетті, киелі мекен. Ата-бабаларымыз көп жылдар бойы тәуелсіз ел болуды армандаған. Атамекен үшін, туған жер үшін, тәуелсіз ел болу үшін қаншама ата-бабаларымыз тер төкті, жанын қиды. Бөгенбай, Қабанбай, Наурызбай, Исатай, Махамбет сияқты батырларымыз, Сәкен, Бейімбет, Ілияс, Мағжан,Міржақып сияқты ақындарымыз, жазушыларымыз, Қайрат, Сәбира сияқты апа-ағаларымыз Отан үшін , атамекен үшін отқа түсті, жанын қиды.. Ата-бабаларымыздың арқасында біз тәуелсіздігімізді, егемендігімізді алып, 1991 жылы 16 желтоқсан күні Егеменді Қазақстан Республикасы болып жарияландық . Қазақстан Республикасының президенті болып, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Біздің Отанымыз-Қазақстан. Оның астанасы-Астана қаласы болып құрылды. Мемлекет құрылған кезде тіл де, ту да, рәміздер де, өз орындарымен қалыптасты. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі-қазақ тілі. Туымыздың көк түсі-бейбітшілікті, ашық аспанды, тыныштықтың белгісін білдіреді. 1991-2011 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіз мемлекттер достастығы ұйымында, Біріккен Ұлттар ұйымында және басқа ұйымдарға қатысып, биік-белестерден көріне білді. 2011 жылы Бүкіл әлемдік Азияда олимпиадасын қазақ елінде, қазақ жерінде өткіздік. Қазақстан Республикасы - ірі мемлекттердің біріне жатады. Елімізде көптеген ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Осыдан-ақ қазақ елінің, қонақжай халық екенін білуге болады. Біздің еліміз-жерінің кеңдігімен қатар, табиғи байлығы да мол мемлекеттерге жатады. Туған жеріміз Қазақстанда-көк теңіз де, ұшар басын мәңгі қар басқан тау да, көкпеңбек орман-тоғай да баршылық. Өріс толы- малы, жайқалған егіні, таусылмас кен байлығы, адал еңбегімен елінің даңқын, дәулетін арттырған аяулы азаматтары мен азаматшалары бар, бақытты халықпыз!
Бүгінгі Қазақстан-дүние жүзіндегі көптеген мемлекеттер таныған елге айналды. Осы 23 жылдың ішінде көптеген әлеуметтік , экономикалық жетістіктерге қол жеткіздік. Қазақстан Республикасы қазіргі кезде, дүниежүзі бойынша көлемі жағынан 9 орында тұр. Тіпті қыбырлаған жәндікке дейін өз мекенін, туылған жерін іштей жақсы көреді. Мықты ақындарымыздың бірі - Мұқағали Мақатаев өз Отанына деген махаббатын, сүйіспеншілігін “Отан”өлеңі арқылы қалай жеткізген десеңізші!
Мен де өз Отанымды, елімді, туған жерімді дәл Мұқағали секілді жақсы көріп, оған өлең арнадым.
Отан
Отанын сүйген адамдар мың жасайды,
“Отан” деген сөзді мәңгілік естен шығармайды.
Туған жерін сыйламайтын адамдар,
Қартайған соң өкініп, бір жылайды.
Кең байтақ жерім менің, туған елім,
Ешқашан сатылмайтын ана тілім.
Әрқашан жасай берші, Қазақстан!
Қыран құстай самғай берші, қазақ елім!-деп, мен өз Отаныма деген махаббатымды, сүйіспеншілігімді осылай жеткізгім келді. Мен өз елімнің патриотымын. Қазақ елі жасай берсін!


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу
Пікірлер 2
  1. Оқырман Асем
    Оқырман Асем 10.09.2024 17:57
    3 + 2 -
    Счтвовлвл

    Алпаоатптпоеорьпнорьцопи
  2. Жвнель
    Жвнель 08.09.2022 16:17
    10 + 9 -
    Дылвдвлвлвлдлчлвьтвтяьь. Вьлвооутоулв швлвтв. Вб. Лчов. Вла. В. Гмя чблчрвив тлв. Вьочрв ьчлбя. Яьлчиы. вбвворввитьвьнсь.. Ч чллчьчбч. Лвотвь. Ч. Чбчьчттчлвлвтв.. Атссоочтвтв.. Аьстсосочочоьчьа.. Абвлчочроылыььвьвбчббчбчбчбчьчьтчтяттяолчлвллвлвлллвь. В. Вттчтят втовьв.. Вьвтв. Ввотвьбвт воовтбврив гв.. Нвмтв в лв.. Вьивтлв. В
    Тттвььвьвьббвтьвбв
    Твт в.
    Чттбвб.. Чттчтчть члочтч. Твотч. Чьь члтв ьтвт оч чо вт чьта а п п ч п с. П па чллмл лочлововота лчлчл
    Чоочочочоочтчьвьтата.