Ұлттық үрдіс – ұлағат

 Ұлттық үрдіс – ұлағат

Дүйсенова Нұрила
7 сынып, Қарақұдық орта мектеп
Қарақия ауданы

Ел мен жер – оның көгілдір орманы мен мөлдір көлдері, байтақ даласы мен асқақ таулары – біздің басты байлығымыз.
Ы.Алтынсарин
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын басты міндеттердің бірі – есті, еңбексүйгіш, қайырымды бала тәрбиелеу. Әр халық өзінің жас ұрпағын қайырымды, адал, үлкенді құрметтейтін , әділ, ержүрек, ізгі ниетті, ар – ожданы мол болып өссін деп армандайды және бұл мәселені өзінің тұрмыс – салтына байланысты шешіп отырды. Ол үшін ғасырлар бойы қолданылып, сұрыпталған, тұрмыс және өмір тәжірибесі сынынан өткен салт – дәстүрлерді қолданып келді.
Бүгінде өз алдымызға тәуелсіз ел болып тұрған шақта ұлтымыздың ұлылығын, халқымыздың дархандығын, киелі қасиетін дүниежүзіне таныта алатын бар мүмкіндігіміз – еңбек, білім және ұлттық тарихымыз бен мәдениетімізді жаңғырту. Ата – бабаларымыз жерімізге жау басып кірмесін деп, жаратқанға жалбарынған. Елін қорғайтын батыр болсын деп ұрпағын қайратты, күшті, епті болуға баулыды, ұлттық мәдениетіміз жойылып кетпесін деп өнерге, ал халқымыз гүлденсін деп еңбек етуге, білім алуға баулыды, «Бір тал кессең, он тал ек» деп табиғатты аялауға тәрбиеледі, «Ұя бұзған оңбайды» деп жас ұрпақтың санасына обал – сауапты сіңіріп өсірді. Сондықтан мұндай қасиеттерді қастерлеп, дәріптеу – ата-бабаларымыздың аманаты деп білуіміз керек! Өйткені, тілден, мәдениеттен, тарихымыздан, әдет-ғұрып, салт – дәстүрімізден айырылғанымыз – ұлтымыздың жойылғаны!
Ұлттық тәлім – тәрбиесіз ұлттық намыс болмайды! Ал ұлттық намыссыз ұлттың гүлденуі мүмкін емес! «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын» деп ұрпағын алтын бесік – туған жерінің жасыл желегін, көсіліп жатқан кең байтақ даласын аялап қорғауға баулыды. Өйткені, табиғатсыз адамзаттың күні жоқ. Табиғат – адамның ежелден тіршілік ету, өмір сүру ортасы және мәңгілік мекенінің алтын бесігі. Біздің халқымыз ежелден өз жерінің табиғатын аялай қорғап, обал мен сауапты, адал мен арамды ажырата білген. Аталарымыз бен әжелеріміз жеміс – жидек өсімдіктерін кесіп, сындырмаған, көк шөпті орынсыз таптамаған. Құстар мен буаз аңдардың бәрін табиғат перзенті деп, олардың өсіп – өнуіне қиянат жасамаған. Ел аузында мынадай аңыз бар. Бірде жау елге шабуыл жасап, ауыл үдере көшеді. Төле би бабамыздың шаңырағына бір қарлығаш ұя салып, балапан шығарып жатады. Мұны көрген кемеңгер би киіз үйін жыға алмай, жұртта
қалып қойыпты. Бидің осы адами қасиеттерін түсінген жау да оған тиместен, кейін кетіпті.
Қазақ халқында үйіне кездейсоқ кіріп кеткен жыланды да өлтірмей, басына ақ құйып шығаратын дәстүр бар. Өрмекші, киік, аққу, көгершін, қарлығаш, бүркіт т.б. жәндіктерді, жануарларды, құстарды халқымыз қасиетті, киелі санаған. Олай болса, туған жер табиғаты – халқымыздың ұлттық байлығы. Оны аялап қорғау, еселеп арттыруға үлес қосу – сенің азаматтық борышың, жас өрен!


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?