Мәңгілік Ел - Қазақстан

 Мәңгілік Ел - Қазақстан

Тубалыкова Ақзия
9 сынып, Диев орта мектебі» ММ
Диев ауылы, Әулиекөл ауданы
Жетекшісі: Иргасимова М.Б.

Басты мақсат-Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы.
Ол- «Мәңгілік Қазақстан» жобасы,ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті.
Назарбаев Н.А
Тәуелсіздіктің жиырма екі жолында Қазақстанның жүріп өткен жолы да «тар жол, тайғақ кешуден» тұрғанын газет - журналдардан оқып, біліп жүрміз. Бұл туралы белгілі қоғам қайраткері Уәлихан Қалижан өзінің мақаласында «Біз «азапты жолдан» өттік , мың өліп, мың тірілдік» - деп атап көрсетеді. Бір сөзбен айтқанда, бұл кезең экономика жағдайы, адамдардың рухани дүниесі күйзелісінің ең биік шыңы болды деп ойлаймын. Осы бір күрделі кезеңнен үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдар, саяси партиялар, қарапайым азаматтардың қолдауымен және ел басшылығының жүргізіп отырған сауатты ішкі және сыртқы саясатының арқасында шыға алдық. Елбасымыз биылғы Жолдауында «Күш жігерді біріктіре отыра 22 жылда қыруар іс тындырдық , үлгілі дамудың өзіндік моделін қалыптастырдық» - деп сеніммен атап айтты.
Қазақстан 2013 жылы бәсекеге қабілетті алдыңғы қатарлы 50 мемлекеттің қатарына кірді. Қазір еліміз дүние жүзінің 126 мемлекетіне 200 - ден астам дайын өнім түрлерін экспорттайды. Аз уақыттың ішінде еліміздің кемел келешегі-жаңа елорда-Астана тұрғызылды. Қазақстан халықаралық аренада да көптеген табыстарға қол жеткізді. Бұған дәлел - Қазақстанның ЕҚЫҰ - ға төрағалық етуі және 2010 жылдың желтоқсан айында өткізілген Астана саммиті.
Біздің мемлекет осылайша биік белестерді біртіндеп бағындырып келеді. Қазақстан бүгінде өте жауапты шешімдер қабылданып жатқан елге айналды. Міне, енді мемлекетіміз «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыруды қолға алып отыр.
Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бері тарихымыз бен мәдениетімізге, ана тілімізге көңіл бөліне бастағанын білеміз. Қазақстан дамыған 50 елдің қатарынан орын алғанда қатты қуандық.Елбасымыз ендігі кезекте дамыған 30 елдің қатарына кіру жоспарын да ұсынды.
Елбасының «Ендігі ұрпақ - мәңгілік қазақтың перзенті сендерсіңдер», - деген сөзін оқып, біздің бойымызды қуаныш кернеді, ойымызға сенім ұялады. Мектебімізде сабақ оқуымызға барлық жағдай жасалған. Менің ойымша, біз, еліміздің болашақ жастары білімді, ғылымды, рухани, адамгершілік қасиеттерге бай, елінің тарихын, салт - дәстүрін, тілін қадірлейтін нағыз патриот болып өсуіміз қажет.
Еліміздің бас қаласы - Астанада 2017 жылы өтетін ЭКСПО - ның тақырыбы «Болашақтың энергиясы» деп аталуы да тегін емес деп есептеймін. Тағы бір айта кететін нәрсе - Елбасымыздың биылғы Жолдауындағы қазақ тілінің Мәңгілік тіл болатындығы туралы мәлімдемесі Қазақ елі тарихына алтын әріптермен жазылатын болады деп сеніммен айта аламын. Бұл мәлімдеменің қазығы ретінде қазақстандықтарды қонақжайлық, меймандостық және патриоттық рухында тәрбиелеуде халқымыздың теңдессіз салт - дәстүрі мен әдет - ғұрыптары таңдалса, бізге өте жақсы болар еді.
ҚР - ның Президенті Н.Назарбаев халыққа жолдаған «Қазақстан жолы -2050: Бір мақсат ,бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында: «Тек соңғы 3 жылда мемлекеттік тілді дамытуға 10миллиард теңге бөлінді. Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар! Ана тіліміз мәңгілік елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды» деп атап көрсетті. Қазақстан туралы айтатын жетістіктер өте көп.
Біз, қазақ елінің болашақ жастары елімізді одан әрі өркендетіп , көкке көтеру үшін тәрбиелі, білімді, саналы, бойында ар - ұяты бар , намысты ту етіп көтеретін , патриот ұл - қыз болып өсуге міндеттіміз. Алдағы уақытта осындай мақсатқа жету үшін бүгіннен бастап сабағымызды ізденіп оқып, алға қарай ұмтылуымыз қажет. Мен бүгін оқушы болғанмен, ертең болашақ маманмын. Еліміздің өсіп, өркендеуіне мен де өз үлесімді қосамын деп зор сеніммен, мақтанышпен айта аламын.
Қорыта келе, шығармамды ақын Несіпбек Айтұлының мына өлең шумақтарымен аяқтаймын:
Бақыт құсы қонарда, Мәңгілік Ел боларда, Періштенің қасына сайтан сірә жолар ма? Мәңгілік Ел белгісі - аспандаған Бәйтерек, Жайнап тұрған Астана, жарқыраған Ақорда! Жақсы - жайсаң кеңесіп , төрт құбыла теңесіп, Арман болмас айналсақ алынбайтын қамалға!


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?