Мемлекеттік рәміздер - елдігіміздің белгісі
Тай Әсем
8 сынып, "Шолаққорған" жалпы орта мектеп
Сузак ауданы, Чулаккорган қаласы
Жетекшісі: Қозыбақова А.

Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін алған болатын. Қазіргі кезде тыныш әрі бейбіт өмір сүрудеміз. Сонымен қатар, ел тәуелсіздігінің белгісі - мемлекеттік рәміздер халық жүрегінің төрінен орын алуда. Біздің елде өмір сүріп жатқан әр адам мемлекеттік рәміздерді құрмет тұтып, сыйлайды. Мемлекеттік рәміздерге елтаңба, ту және әнұранымыз жатады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы - дөңгелек пішінді және ортасында көгілдір түс аясындағы шаңырақ бейнеленген. Шаңырақ - елтаңбаның жүрегі. Ол - кун тәрізді . Шаңырақ - отбасының белгісі және көшпелі түркілердің ұғымы бойынша үйдің, ошақтың және бірліктің белгісі. Сонымен қатар, айналған Күн шеңберінің қозғалыстағы суреті іспетті. Етаңбаның сол және оң жағында қанатты тұлпар бейнеленген. Тұлпар - дала дүлділі, ер-азаматтың сенімді серігі, ешқашан налымайтын, тек алға ұмтылатын жануар бейнесі. Ал қанатты тұлпар - аңыз-әңгімелердегі және қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол уақыт пен кеңістікті білдіреді.
Қанатты тұлпар - асқақ мақсаттың, асыл арманның, ұшқыр ойдың белгісі. Елтаңбаның жоғарғы бөлігінде бес бұрышты жұлдыз бейнеленген. Ол елдің жарқырап, жоғарыдан көрініп тұрғанын көрсетеді. Еліміздің арман-мақсатынан, асқақ рухына хабар беретін ұлттық елтаңбамыздың авторлары - Жандарбек Мәлібеков және Шотаман Уәлиханов.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы - көгілдір тусті тік бұрышты кездеме. Оның ортасында нұрын шашқан, арайлы күн орналасқан. Күн - бейбітшіліктің, тәуелсіздік пен еркіндіктің, өмірдің белгісі. Сондай-ақ, күн бейнесі уақыт пен мәңгілік қозғалыстың, жаңарып өсу мен дамудың, батыс пен шығыстың , сол күннің ұр шұғылалы алтын түсі - байлық пен берекенің, тыныштықтың нышаны. Күннің астында қанатын жайған қыран құс бейнеленген. Қыран құс - қазақ халқының жан-дүниесінің кеңдігін паш етеді, еркіндік сүйгіш асқақ рухын көрсетеді. Мемелекеттік тудың ағаш сабына бекітілген тұсында - қазақтың ою-өрнектерімен кестеленген тік жолақ өрнектелген. Ою-өрнек - еліміздің салт-дәстүрін, рухани байлығын, мәдениетін көрсетеді. Күн, арай, қыран және ою-өрнек алтын түспе бейнеленген. Ежелгі түркі халқы көк тусті аспан сөзіне байланыстырған. Бірыңғай көгілдір түске қарап бұлтсыз аспанды көруге болады . Бұлтсыз аспан - ынтымақ пен бірліктің, адалдық пен сенімділіктің, еркіндік пен тәуелсізділіктің белгісі. Мемлекеттік тудағы көгілдір түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттілікке ұмтылған ниет-тілегінің тазалығын, асқақтығын көрсетеді. Көк түс біздің ата-бабаларымыз үшін қасиетті ұғым. Геральдика тілінде - көк түс және оның турлі реңкі адалдық , сенімділік, үміт сияқты адамгершілік қасиеттерге сай келеді. Ел көгінде желбіреген көк туымыз суретші Шәкен Ниязбековтың төл туындысы.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны - халқымызды бірлікке, ынтымақтастыққа шақырады. Әнұранды әрбір қазақ қолын журегіне қойып, жан-тәнімен ынталана шырқайды. Мемлекеттік әнұранның сөзін жазған Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев және әнін жазған Шәмші Қалдаяқов.
Мемлекеттік Рәміздер - әр елдің тәуелсіздігін білдіретін, өзіндік ерекшелігін аңғартатын басты белгі болып саналады. Біз, қазақ елінің халқы - мемлекеттік рәміздерімізді сыйлап, құрмет тұтамыз. Еліміздің көк байрағы көгімізде желбіреп, әнұраны әр қазақтың жүрегінде шырқалып, елтаңбасы елдіктің, бірліктің белгісіндей болып, жүректерінің тұсына бекітілген.
Қасиетті де қастерлі саналатын рухани байлығымыз мемлекеттік рәміздер - елдігіміздің, тәуелсіздігіміздің басты белгісі болып саналады. Ел рәміздерін құрмет тұтып, қастерлеу - еліміздің Отансуйгіш әрбір азаматы үшін міндет әрі үлкен мәртебе.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Шығармалар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?