1 Желтоқсан - Тұңғыш Президент күні (Бір Ел, бір Елбасы)

 1 Желтоқсан - Тұңғыш Президент күні (Бір Ел, бір Елбасы)

Қашанда қарыздармын, елім, саған,
Анамсың алыс жүрсем көп аңсаған.
Жүректің арнап ыстық махабатын,
Туған ел, берерім көп менің саған.



Менің туып, өскен жерім – Қазақстан Республикасы. Қазақ халқында «Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас» деген дана сөз бар. Ұлтым өзбек болса да, мен өзімді қазақ қызындай сезінемін. Менің жаным да, тәнім де Қазақстан елінде. Қазақстан көп ұлтты, тәуелсіз мемлекет. «Бұтағы көп ағашқа құс қонар» - деген сөз менің еліме арнайы айтылғандай. Себебі Қазақстан жерінде қаншама ұлт өкілдері бір-бірін бауырлас біліп тату – тәтті өмір сүреді. Бір-біріміздің салт – дәстүріміз, әдет – ғұрпымызды құрметтеп, шын бақыттың дәмін тартудамыз. Бұл жерді менің ата-бабаларым да мекендеген. Олар бастарына қандай қиындық туса да мойымай, өз елін қорғап қалуға ат салысқан.
Еліміздің қай жерін, қай тұсын, қандай өлкесін алсақ та көрген жанның көңілін марқайтып, көзін жадырататын көктем табиғатымен ерекшеленген жерлер.
Қазақстан – бүкіл қазақ халқының ата мекені, кіндік қаны тамған, киелі жер. Ол менің елім. Тұратын жеріміз Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан. Туған жерді ауызға алғанда ең алғаш ойыңа түсетіні – ыстық туған ауылың елестемей ме? Ия, расында да солай, менің кіндік қаным тамған ауылым – Манкент ауылы.
Ауылымыз шағын болғанымен, біз үшін жанымызға жақын, ең ыстық, ең сұлу өлке. Тұған ел мағынасы терең де жатыр. Оның жұпар атқан жусаны, кеудеңе құйылған мөлдір ауасы, жотаға өрмеген жалғыз аяқ жолдары. Осының бәрі – туған елдің бір бөлшегі.
Балғын балалық шақ, күлдір – күлдір кісінеген, айнала шапқылаған алаяқты құлыншақ! Сәуірде бүршік атқан, қылтиып күн көзіне көрінген балауса көк шөп. өзін үстінде үйіріліп ұшқан шағала! Кемеріне өркелей соққан көгілдір көл! Күннің қызғылт шапағына бөлінген үйлер, осының бәрі – тұтас туған ел!
Біз планетамыздың осындай сұлу, бай өлкесінде тұрамыз. Ол біздің – Отанымыз.
Қазақ жерін шығыс пен батысты жалғастырған алтын көпір дейді. Осы жерден Ұлы Жібек жолы өткен. Республикамыз пайдалы қазбалар қоймасы. Қазақстанда 15 миллионға жуық адам тұрады. Астанасы Арқанның төрінде орналасқан Астана қаласы. 1991 жылдың 16 желтоқсаннан бастап еліміз тәуелсіздік тун көтерді. Н.Ә.Назарбаев еліміздің тұңғш Президенті болып сайланды. Қазақстан - әр түрлі халық өкілдері бейбіт тұрып жатқан ел. Қазір еліміздің Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, жаңа Ана заңы, ұлттық валютасы бар
Тәуелсіз мемлекет болып жарияланғаннан бері Қазақстанды әлемнің жүзден астам елі таныды. Біздің еліміз аса беделді бірқатар халықаралық ұйымдарға мүше болып қабылданды.
Қазақстанның табиғаты тамаша. Мұнда Іле Алатауы, Ертіс, Сырдария, Әмудария өзендері, шетсіз, шексіз ұлы дала жатыр. Еліміздің ұлан – байтақ даласында мол байлық бар.
Еліміздің даңқты да, дәулетті өмір сүріп жатқаны қасықтай қаны қалғанша күрескен ата – бабаларымыздың арқасы. Алланың өзі сыйлаған бостандық – қазақ халқының мерейін өсіре түсті. Дербес, тәуілсіз ел ретінде туымызды жария етуге мүмкіндік берді. Алайда бостандық бұлттан кейін шыққан күндей жарқ ете қалған жоқ. Қазақ халқы кең далада еркін өскен ерке бұландай. Халқымыз бостнадықты бәрінен қымбат санаған. Бостандық үшін ел мен жердің жел жағына шығып, қар жастанып, мұз төсене жүріп жаумен шайқасқан. Бостандық жолында күрескен Жәнібек, Кенесары сияқты батырларымыздың аттары тарихта мәңгі қалады. Талай ғасырлар бойы ата – бабаларымыз еркіндік пен тәуелсіздік таңын аңсап өтті.
1997 жылы Елбасының республика халқына арнаған «Қазақстан 2030» жолдауы жарияланды.
Бұл бағдарламаның негізі мақсатымен міндеті – Қазақстан халқының тұрмысын өркендету, гүлдендіру және тыныштығын қорғау.
Ұзақ сапарға аттанған кемеге компас қандай қажет болса, бұл бағдарлама халқымызх үшін сондай маңызды. Бағдарламада белгіленген міндеттерді жүзеге асыру жолында, Қазақстандықтар үшін келешекке деген нық сенім керек, өйткені, бәрі өз қолымызда, халық қолында!
Еліміздің Конституциясында «Қазақ тілі Қазақстан Республикасынң мемлекеттік тілі» - деп жазылған. Қазақстан Республикасының тіл туралы алғашқы заңы 1989 жылы 22 қыркүйекте қабылданды. Біздің елімізде тұратын барлық ұлт өкілдері қазақ тілін оқып үйренуде. Қазаақ тіоі - өті бай тіл. Қазақ тілін үйреніп жүрген шетел азаматтары да аз емес.
1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заң қабылданды. Осы сәттен бастап Қазақстан халқы тәуелсіз, демократиялық құқықтық мемлекет құру жолына заңды түрде түсті деп есептелінеді. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы – тәуелміз, егеменді, бақыт жолындағы еркін мемлекет. Күн сайын өміріміз жақсарып, жарқын болашаққа зор үмітпен қараймз. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Еліміздің болашағы бүгінгі күннен басталады «қазақстанның болашағы, балалар, сіздердің қолдарыңызды» деген сөзі бізге, жас ұрпаққа, жас әулетке үлкен жауапкершілік артады. Менің және құрбы достарымның қосар ұлесіміз – терең білім алып, мемлекеттік тілді жетік меңгеру. Ұрпағы өз тілінде, мемлекеттік тілде сөйлеген ұлттың рухы биік.
Тарап кеткен бабаларыңды бауырыңа, ақ қолыңмен тарта аларсың, сен тілім! – деп Мағжан атамыз жырлағандай, еліміздің егемендігін танытатын – қазақ тілі болашақта толық күшіне енеді. Тек қазақ жастары ғана емес, еліміздегі барлық ұлт өкілдері мемлекеттік тілді жетік меңгеріп, Қазақстанды дүние жүзіне танытады. «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» - деп елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, ХХІ ғасыр білімді, қазақ тілінде еркін сөйлейтін азаматтарды қажет етеді.
Тілі бөлек, тілегі бір, жаны бөлек, жүрегі бір сан қилы қан кешуден сабырмен өткен сарабдал халқымыз қай қиындықта да тату бірлігін, тамаша тірлігін жалғастыра бермек. Мемлекеттік тәуелсіздікті төрт аяғынан тең тұрғыза алған Н.Ә.Назарбаев еліміздің алда тұрған бірнеше он жылдығына жүйелеп жоспар құрып, халқына қамқорлық жасаудан тайынбайтынын өзі әлднше рет дәлелдеді. Елбасымыздың сарабдал саясатына қолдау көрсету – халықтың еншісінде. Тәуелсіздігіміздің, болашағымыздың негізі рухани тірегі, кепілі – байырғы халқымыз. Ақ пейіл де, ақжарқын халқыма әрқашан Алла жар бола бергей!
Қазақстан қысқа мерзім ішінде нарықтық экономикаға бет бұрды. Елімізде кәсіпкерлікті дамыту жүзеге асырылуда. Аз ғана жыл ішінде Қазақстанда 200 мыңдай шағын және орта бизнес кәсіпорындары пайда болды. Елімізде тағы басқа демократиялық істер жүзеге асырылды.
Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамыуның стратегиясы» атты кітабында көрсетілген міндеттер жүзеге асырылуда. Еліміздің «Қазақстан 2030» атты ұзақ мерзімді бағдарламасында алдағы дамуы айқандалды.
Қазақстан әр бір ұлт өкілдерінің өздерінің мәдени орталықтары ашылған. Еліміздің болашағы халықтьардың келісімі мен бірлігіне байланысты. Қазақстаннның еі зор байлығы – оның халықтары, олардың өзара татулығы. Қазақстанды мекендейтін әр текті ұлттар бір – біріне көмектесіп, тату турады. Қазақ халқы – қайырымды халық. Ол әрқашан мейірімді, қонақжай. Қазақ халқының бай тарихы бар. Оның тарихында аса ірі тарихи тұлғалар мол.
Халық туралы білу үшін, алдымен, оның тілін, салтын, тарихын, дәстүрін, ұлы адамдарын білу керек. Тарихи тұлғалардың өмірін, ойларын, ісін білсең, қазақ туралы да білгенің. «Бірлік болмай, тірлік болмайды»-дейді қазақ мақалы. Шынында да солай. Бізге бірлік керек. «Біз ешкімге тиіспей жатқан елміз» - деп Қазыбек би айтқандай, елімізде тұратын барлық ұлттар татулық пен тыныштықты тілейді.
Отаным – менің мақтанышым, абыройым. Еліміздің ұлан байтақ жері. Бейбіт сүйгіш халқы бүкіл әлемге танымал. Бар әлем біздің жеріміздің кеңдігіне, жер қойнауының байлығына, асу бермес заңғар тауларға, кең жайлаулар, шалқыған көлдер мен мың бұрала аққан күміс күлкілі өзендерге қызыға да, қызғана да қарайды. Жеріміздің әсем табиғаты, сылдырлаған мөлдір бұлақтары, тып-тынық, таза көлдері, сарқыраған өзендрі, көк тіреген алып таулары, барлығы мейірбан халықтарымыздың байлығы. Осындай бай халықтың ұлы жетістіктерге жетуі – біздің қолымызда! Ел тәуелсіздігі ұрпақтар қолында. Біз елбасының бағдарламасын яғни жолдауын қолдаймыз. Елдің, жердің тазалығын сақтайтындарда – біз. Президентіміздің жолдауында жастарды салауатты өмірге үйрету туралы айтылған. Қазақстанның экологиясы нашар аймақтарына Қызылорда, Семей жатады. Өркениетті ел болу үшін экономикамызды, мәдениетімізді, тілімізді дамытуымыз керек. Туған жерді қадірлеу, оны көз қарашығындай қорғау, әр азаматтың игі міндеті!
Қазақ халқы «»Елдің даңқын ер шығарады, ердің даңқын ел шығарады» деп бекер айтпаған. Елдің елдігін, адамгершілік асыл қасиетін айтып, халқымыз ойдай әлемге жар салуда. Жас буын бізде үлес қосайық.
Туған жер, ел туралы тебіренбейтін қазақ жоқ. Мен де еліме тамшыдай болса да өз үлесімді қосқым келеді. Оны тарихын білу – ізгі ниетті адамдарын еске алу, күлшесі мен сүзбенің дәмін құрметтеу, жусанының иісін сезіну мен үшін тым ыстық Отанымыздың қадір – қасиетін қастерлеп, еліміздің көркеюіне атсалысайық.
Бізге жол сілтеуші жұлдыз елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың бейбіт сүйгіш саясаты. Мен өз президентіме сенемін. Отанымның жарқын болашағына сенемін!

Автор: В.Х.Қошанова


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?