Мәңгілік еліміздің мәңгілік тілі

 Мәңгілік еліміздің мәңгілік тілі

Атырау облысы

Исатай ауданы

Исатай селосы

Исатай орта мектебінің

10 сынып оқушысы: Қайыржанова Асылай Бекзатқызы

Ұстазы: Ғұмарова Ағзия Зұлхарнайқызы

Қазақ тілі мен әдебиетінің жоғары санатты мұғалімі
Ана тілім - аруақ қойған ар тілім,

Тілімменен өркен жаяр қарқыным.

Тілім барда атағы да өшпейді

Қазақ деген қасиетті халқымның,-

деп С.Ыбырайқызы жырлағандай, Тіл - тіршіліктің бастауы.Тіл- қастерлі де қасиетті ұғым. Ол әрбір адамға анасындай қымбат, өйткені өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуге басты себепкер - ана тілі.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілін құрметтеу, оны білу- біздің әрқайсымыздың асыл парызымыз. «Ана тіліне салғырт қарау - өз халқының өткеніне,бүгініне, болашағына немқұрайлы қарау» деген пікірді Бауыржан Момышұлы өткен ғасырда-ақ айтып кеткен.Мемлекеттік тілдің қолдану аясын барған сайын кеңейтіп, оны шын мәнінде қоғамдық қарым-қатынас тілі ету бүгінгі күннің талабы екені баршамызға мәлім.

Тәуелсіздікке қол жеткізген сәттен бастап өз елін жарқын болашаққа бастап келе жатқан Нұрсұлтан Назарбаев сынды ұлт көшбасшысы бар Қазақ елі аз уақыт ішінде бұрын-соңды болмаған табыстарға қол жеткізді. Елбасы өз жолдауында: «Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі, оны ұстап тұру әлдеқайда қиын. Бұл - әлем кеңістігіндегі ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткен тарихи шындық. Өзара алауыздық пен жан-жаққа тартқан берекесіздік талай елдің тағдырын құрдымға жіберген. Біз өзгенің қателігінен сабақ алуымыз керек. Ол сабақтың түйіні біреу ғана - Мәңгілік ел болу. Бұл біздің өз қолымызда»деп атап көрсеткен. Елбасы жолдауында айтылған осы сөздер әрбір саналы азаматтың жанын тербері сөзсіз.

Ел мен Тіл – егіз ұғым. «Мәңгілік» сөзі бабалардан мирас болып келе жатқан мәңгілік өлмейтін асыл қазынамыздың бірі – Ана тілімен де тығыз байланысты. Олай болса, Мәңгілік елдің онымен қатар жасап,бірге дамитын Мәңгілік тілі болуы шарт. Ол жұмыр жерден ойып тұрып орын алған, ұлан ғайыр даласы бар, Астанадай қаласы бар, Нұрсұлтандай данасы бар қазақ елінің мемлекеттік тілі - Қазақ тілі. Елбасы өз жолдауында мемлекеттік тіл саласында жеткен жетістіктерімізге тоқтала келіп, « енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар! Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болады. Оны даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн» деп ой түйді.

Олай болса, «Ана тілімізді – Мәңгілік тіл ету өз қолымызда» деген сезім менің кішкене жүрегіме орасан қуаныш пен мақтаныш сезімін сыйлап, болашаққа сенім мен адастырмас арманның Темірқазығын нұсқап тұрғандай.

Менің болашақ арманым, жүрек қалауым – кішкене кезден журналист болу. Ол үшін алғашқы қадамды жасап та үлгердім. Мектептен, ұстаздан алған білімімді ізденіспен ұштастыра отырып қасиетті шаңырақ – журналистиканың «есігін қақтым». Алғашқы мақалам – «Атамнан қалған із» атты мақалам аудандық газетке шыққандағы менің қуанышымды айтып жеткізу мүмкін емес еді. Міне содан бері «Ана тілім-қазынам», «Арманыма жол сілтеуші», «Жүзіңнен шуақ кетпесін», «Болашақ бүгіннен басталады», «Ұстаздық жүгі - ауыр жүк», «Тәуелсіздік жетістіктері», «Ерлік - ұрпаққа үлгі», «Сағындым мектебімді», «Гүлдәурен - ХХІ ғасыр көшбасшысы», «Тәуелсіздік – баға жетпес байлығым», «Ұлттың рухы, жаны әрі таусылмас байлығы» атты мақалаларым баспасөз беттеріне жарық көрді. Аудандық мәнерлеп оқу, шығармалар сайысынан, тілдер мерекесіне арналған жыр мүшайрасынан, қазақ тілі мен әдебиетінің пәнік олимпиадасынан, облыстықық «Ақберен» сайыстарынан алған жүлделі орындарым – бұл менің тілімнің мәртебесін көтеруге қосқан үлесім деп білемін!

Көкіректе бір- ақ арманым бар, ол - шырайлы да шұрайлы, әуенді де әуезді, шешен де шебер Ана тіліміздің мәртебесін көтеру, өз аспанында қырандай қалықтап, әлемдік кеңістікте өзге тілдермен теңдей шарықтап тұрғанын көру. Біз ол күнге де жетеміз, менің оған сенімім кәміл!

Өткен оқу жылында оңтүстік астанмыз - Алматыда болдым. Мені сұлу да көркем, әсем қала Алматыға жетелеп алып келген де сол Ана тілге деген махаббатым. «Келдім! Көрдім! Жеңдім!» деп Ю. Цезер айтпақшы, өзін- өзі тану пәнінің олимпиадасынан І орын алып, Атырау облысының байрағын желбіретіп қайтқанымда төбем көкке бір елі жетпеді. Мені алға жетелеген, мені көкке көтерген, мені жеңіске жеткізген – Ана тілім, дана тілім! Тіл ұшына оралған мына бір шумақтар сол сәттердегі көңіл күйімнің өрнегі еді:

Болашағымды, келешегімді

Жолыңа сенің арнаймын.

Қаламы жүйрік, арманы биік

Журналист болу – арманым.

Анамның тілі – бабамның тілі,

Барымды саған беремін.

Мәңгілік елдің Мәңгілік тілі

Боларыңа мен сенемін!

Ес жиып, қазық қағып, кереге жайып, ел болғанымыздың 550 жылдық мерейтойын барша әлемге жар салып, түркі тектес елдердің елбасыларымен Астанның төрінде айдай әлемге паш еткеніміз күні кеше ғана. Бұл күндері Қазақстан – көп ұлтты, тату-тәтті, біртұтас мемлекет ретінде жұмыр жердің бетінде тамырын тереңге жайған алып «Өмір ағашына» айналғалы қашан! Ол ағаштың бұтағына ұя салған 150-ге тарта ұлт пен ұлыстың өз тілінде сайрап, өз ұлттың мәдениеті мен әдебиетін, өз әдет-ғұрпын сақтап, өзара ұлтаралық келісім мен жарасымын тапқан, ынтымағы жарасқан ел болуы Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасы болса, бейбіт те тыныш «қой үстіне бозторғай ұя салған» бақытты тіршілік құруы – сабырлы да салмақты, кең пейіл қазақ халқының өмірлік ұстанымының арқасы.

Қазіргі қазақстандықтар үшін үш тілді білу – өмір талабы. Өзі өмір сүріп отырған елдің мемлекеттік тілін білу – парыз. Сондықтан Елбасының «Қазақ тілі - Мәңгілік Елдің Мәңгілік тілі болады» деген сөзінің шындыққа айналарына сенемін.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 284



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?