Сенен артық адам жоқ...
Павлодар облысы Ақсу қаласы №1 қазақ орта мектебінің
9 «ә» сынып оқушысы Сагитова Азель
Мұғалімі: Кайсина Ляйля Кулумхановна
9 «ә» сынып оқушысы Сагитова Азель
Мұғалімі: Кайсина Ляйля Кулумхановна
Ана - әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы. Өмірге келгеннен бастап жанымыздан табылатын мейірімді жан - ана. Дүниеде анадан жақын кім бар балаға? Өзінің жағдайына қарамаса да, баласына бәйек болады. Өз аузынан жырып бар тәтті - дәмдісін, жылы жұмсағын баласына қояды. Сәл нәрсеге қабағың түссе, ең әуелі көріп қоятын, не болды деп, үрейі ұшып, тыным таппай жаныңнан табылатын - да сол ғазиз жан. Анаға теңеу жетпейтіні де сондықтан. Абай атамыз: «Бес нәрседен қашық бол, бес нәрсеге асық бол»- деп ескерткенін ұқтыратын ана бізді бес нәрседен қашық, бес нәрсеге асық болсын деп бейнеттенеді. Үлгі көрсетіп өнерге, жақсыға баулиды. Әр ана өз баласын тісімен тістеп жүріп, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай, арлы, намысты болып өсуге қолынан келгенін аямайды. Бар ана баласымен мақтанып, баласымен мың жасауды армандайды. Ана - біздің сарқылмайтын бұлағымыз. Ол біздерге мөп - мөлдір, тұнық күйінде үлгі өнегесімен сусындатуға жаралған ерекше жаратылыс иесі.
Ана- барлық өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге әкеледі, оны тәрбиелейді, өсіреді. Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана - ұлы адам, Ана - құдіретті жан.
Мына жарық дүниеге әкелген ана алдында бәріміз де бас иеміз.
«Әйел, бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді»- деген халқымыз. Қандай нақтылы айтқан ой десеңші. Шындығында аналарсыз, мына әлемді елестету мүмкін емес.
Біздің бойымызға ең жақсы қасиеттер алдымен анадан тарайды. Ананың нәзік үні, жұмсақ аялы алақаны, жан жылуымен аялауы бізді әлдилеп жұбатады. Ана-үйдің берекесі, қыз баланың өнегесі, шаруаның несібесі.
Әрбір ана сәбиінің дені сау болып, жақсы азамат болып өскенін қалайды. Ана шынында да өмірдің гүлі, күннің нұры екен. Түн ұйқысын төрт бөліп оянатын ананың сенімін ақтау қажет. Ол үшін біз жақсы оқып, үлгілі тәртібімізбен, спорттағы, өнердегі жетістіктерімізбен көзге түсуіміз керек .
Ана - туралы ойды айтып жеткізу мүмкін емес. Әркімнің өз анасы бар, және де барлығы өз аналарың жақсы көреді. Дәл сол адамдардың қатарында менде бармын. Ана – мен үшін осы жалған өмірдегі ең асыл адам. Анам маған өмір сыйлағаны үшін ол кісіге өмір бойы алғыс айтып өтетін боламын. Ана – осы үш әріпті, бір сөздің астарында көптеген ыстық сезім жатыр. Ана – ол қастерлі де, мағыналы да, адам жанына жақын сөз болып табылады.
Ана!Осы сөзді естігенде-ақ бойыңды бір жылылық баурап алатын тәрізді.Ана – ұлылардың ұлысы,махаббаттың бастауы.Кең дүниені шарлап,жер бетін араласам да анадан қасиетті,ұлы жанды таба алмас ем?! Неге екенін білмеймін «ең ыстық жан кім?» десе көзіме ана елестейді.Отбасының шамшырағы,ерінің асыл жары,баланың өмірі ол – Ана.Рас , ана бір қолымен бесікті тербетсе,бір қолымен әлемді тербетеді. Аналар адамды бесігінен бастап баулиды…Өмірдің ірге тасы да солардың қолымен қаланады.Шіркін-ай ,ана деген сөзді айтып жеткізудің өзі мүмкін емес шығар, сірә?!
Әрбір адам анасын сыйлап өтуі тиіс. «Әке – асқар тау, ана – мөлдір бұлақ» - деп ұлы халқымыз қалай айтқан десеңші?!Биік тауға жақындаған сайын ауа тазара түседі,жұпар ауаны жұтып,жанымыз да рахаттанады.Дәл сол секілді ардақты әкеміздің арқасында еркін өмір сүреміз.Ал, «ана – мөлдір бұлақ» дегенге келсек, бұлаққа жуынып, серігіп қалатынымыз секілді, аяулы анамыздың махаббатынан да нәр алып өсеміз. Анамыз біздің тамағымыз дәмді болу үшін,киімдеріміз таза болуы үшін күнде тыным таппайды.Әке - анамыздың күн сайын айналып сүйгені, мейірімді құшағы, жылы сөздері – бәрі - бәрі біз үшін рухани азық. Ана деген сөзді естігенде елең етпейтін жан жоқ шығар,сірә?!Ана баласының бақытын,қуанышын аңсайтын жан.Сәбиді өмірге әкелгеннен бастап,түн ұйқысын төрт бөліп,дамылсыз қамын жасап жүреді. Баласының тезірек аяққа тұрып,адам болып кеткенін тілейді.Ал,біз осыншама бақытқа баулып жүрген ананы сыйлап жүрміз бе?
Кейбір жасөспірім балалар анасыз шетел жағалап жүргені өтірік емес.Ананың жылы алақанына зәру.Ал , ананың жылы алақанына бөленіп, аяғына тұрған соң, кейбір адамдар анасын тыңдамай, енді бірі анасын бағуға шамасы келмей қарттар үйіне жіберіп жатыр.Бұл не сұмдық.Кезінде , ана, шамасы келмеседе, өсіріп, баққан еді ғой.Ал, біз кімбіз сонда?
«Ана» дегенде толқымайтын жүрек, толғанбайтын жан жоқ. Осы үш қана әріптен тұратын «ана» сөзінің астарында ұшан теңіз ой жатыр. Ана - әрбір адам баласы үшін ең ыстық, жанға жақын, мағыналы да қастерлі сөз. Адамның аузынан шығатын ең алғаш сөзі де – «ана». Міржақып Дулатов ағамыз айтқандай, бізді сүйетұғын, күйетұғын, әрқашан қамымызды ойлап жүретұғын абзал жанды адам, бұл – ана. Алдыңа қойған мақсатыңа жетуің үшін ана жанын қиюға да дайын. Ананың махаббатына, құдіретіне тамсанған талай ақын әнін арнап, жырын жазып, талай жазушы қалам тербеген.
«Анаңды меккеге үш арқалап барсаң да, қарызын өтей алмайсың» деген дана қазақ халқы. Шынында да, осыншама қиналып, көз жасын төге жүріп, бізді өсірген анаңа қолыңнан келгеніңнің бәрін істесең де, оның бәрі анаңның түн ұйқысын төрт бөлген бір күніндей ғана. Өз парызыңды өтеу, бұл – ана алдындағы парызды өтеу.Қаншама байлық иесі болсаң да, әлемге әйгілі адам болсаң да, анаңды, оның саған жасаған жақсылығын ұмытпау - сенің өмір бойындағы борышың. Қай адам қолынан келген сый - құрметін жасамады десеңші, шіркін! Бірақ соның бәрі анаңның бір ауыз жылы сөзіне де жетпейді. Дүниенің нұры, өмірдің гүлі, қызықтың қызығы -ананың қолында. Ана бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді.
Өмірдің иесі сен, ғазиз Ана,
Келтірген дүниеге нелер дана.
Анасыз батыр да жоқ, ақын да жоқ,
Өмірдің алтын кілті сонда ғана, -
дегендей көктем табиғатымен жымдасқан жылылық, шексіз мейірімділік, дүниеге жаңа келген тіршілік иесіне нұрын шашып, келешекке ақ жол, адал ниет нұсқап өмір себуші асқақ құдірет иесі, адам сәулетшісі – ол Ана.
Адам баласының бәрі де анадан туады. Адам “адам” болғысы келсе, алдымен ананы қастерлей білуі керек. Мұхаммед пайғамбарымыздың хадистерінде де ең алдымен ананы құрметтеу парыз екені айтылады. “Әуелі анаңа, тағы да анаңа, содан соң әкеңе жақсылық жаса” делінген онда.
Ата - анаға не істесең, алдыңа сол қайтады. Дүние кезек. Сен өмір бойы жас болып тұрмайсың. Сен ата - анаңды сыйласаң, сенің балаларың да қартайғанда өзіңді аялап күтіп, бағып - қағатын болады.
Ата - анаға қатыгездік жасаған адам дүниедегі ең күнәсі көп, адамдық ардан безген жан болып саналады. Қазақ халқында ондай пенделер қатаң жазаға, қатты қарғысқа ұшыраған.
Алайда, «Ананың көңілі – балада, баланың көңілі – далада», - демекші, өзінің перзенттік борышын түсінбеген, сөйтіп, ата - анасын жерге қаратып, көкіректерін қарс айырғандар бұрын да болған, қазір де жоқ емес.
Иә, ана бойындағы махаббат пен алып күшті еш нәрсемен салыстыруға келмейді.Ана сияқты бала да өз анасын жақсы көреді. Мен үшін дүниеде анадан қымбат, анадан артық ештеңе жоқ. Қай кезде болмасын қасымнан табылып, үнемі ақыл-кеңес айтып отырады. Менің болашақта білімді, тәрбиелі, үлкен азамат болғанымды қалайды. Мен де анамды қатты жақсы көремін, ешқашан ренжітпеуге тырысамын. Анамның ақ сүтін ақтау-парызым. Сол парызымды орындаймын.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Шығармалар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?