Тәуелсіз елімді сүйемін

 Тәуелсіз елімді сүйемін

Ақтөбе қаласы, Пригород орта мектебінің
9 «А» класс оқушысы Абуов Нұрбақыт
Ел-елдің бәрі жақсы,

Өз елің бәрінен жақсы.

Жоспар

I. Кіріспе бөлім
1. Тарих беттеріне саяхат
II. Негізгі бөлім
1. Отан - отбасынан басталады
2. Туған жер - алтын бесік.
III. Қорытынды бөлім
1. Тәуелсіз елімді сүйемін.

"Біз қазақ деген-мал баққан елміз,
Бірақ ешкімге соқтықпай,жай жатқан елміз.
Елімізден құт-береке қашпасын деп,
Жеріміздің шетін жау баспасын деп,
Найзаға үкі таққан елміз.
Досымызды сақтай білген елміз,
Дәм-тұзды ақтай білген елміз."

Міне, біздер, қазақтар - осындай қонақжай, мейірбан әрі бауырмал елміз. Бірақ біздің басымыздан не өтпеді. Қазақ халқының өткен тарихы, ата - бабаларымыздың бостандық пен болашақ бақыты жолындағы ұзақ та ауыр күресінің тарихы. Қазақ хандығын құрған Керей және Жәнібек бабаларымыздың қазақ елінің бостандығын алып, гүлденіп көркеюіне қосқан үлесі шексіз. "Отан - оттан да ыстық" тұған жері мен елі үшін қанша қан төгіліп, қанша өмір қырышынан қиылды десеңші. Әйтеке, Қазыбек, Төле билердің халық ішінде теңдік, елдік орнатуымен сіңірген еңбектері зор. "Отан үшін отқа түс, жанбайсың, суға түс, батпайсың"-дейді ғой дана халық. Сол отаны үшін маңдай тері мен өмірін қиған ерекше жандар қаншама?! Халқымыздың ана сүтімен қанына сіңген ерлік, намыскерлік қасиеттері Ұлы Отан соғысында ерекше көзге түсті. "Ер - туған жерінде, ит -тойған жерінде" деген сияқты халқымыздың туған жерін қорғап, атын шығарған батыр ұл-қыздары аз емес. Сонау сұрапыл соғыс кезінде ерлігімен көзге түскен батыр Әлия мен Мәншүк апалармыздың есімі мәңгі сақталады соғыстан кейінгі жылдарда енді бас көтеріп аяғынан тұра бастағанда қазақ жастарының желтоқсан көтерілісі бұрқ етті. Қайрат, Сабира, Ләззат секілді апа - ағаларымыздың қаһармандығының арқасында бүгінгі күні мәртебеге, қуаныш пен еркіндікке қол жеткіздік. Сондықтан да бізге азаттық сыйлаған, бізді бүгінгі күнге жеткізген ата - бабаларымызға, аға - апаларымызға мың да бір рахмет дегім келеді.

Туған жердей жат жердің болмайтыны - ақиқат,
Оған көңілімнің толмайтыны - ақиқат,
Алтын торда алтын құс өсірсең де, бұлбұл құс
Өскен бағы болмаса, қонбайтыны - ақиқат,-деп шығыстың ұлы ақыны Физулидің жырлағанындай, жеке мен үшін Қазақстаннан артық жер жоқ. "Отан- отбасынан басталады" дегендей адам баласының бойында Отанға деген сүйіспеншілікті ояту, Отаннын сүйіп, қастерлеп, қадірлей білуді алдымен ата-бабаларымыз үйретіп, бойымызға дарытқан. Қазақ халқы Отанды адамның ең қасиеттісі де қастерлісі - анасына балайды. Анасын сыйлағын адаманың Отан - анасын сыйламауы мүмкін емес."Опасызда Отан жоқ" деген мақалдан қазақ халқының опасыз сатқындарға деген көзқарасы анық байқалады. Отан дегенде, ойыма туған жерім ғана емес сондай- ақ ата-анам, туған шаңырағым, достарым мен ағайын туыстарым және солармен бірге көрген қызықты сәттерім еске түседі.

Туған жерді алтын бесікке балайды. Мен үшін туған жердің және тұрып жатқан ауылымның орны ерекше. Отансыз - адам болмайды. Шыбындай жаны бар бұлбұлдың өзі әдемі бау-бақшадан қашып, тастың түбінде өсіп тұрған тікенекке барып қонады. Не дегенмен өзінің мекені, өскен жері - сол болғаны. "Отансыз - адам болмайды, ормансыз бұлбұл болмайды" деген мақал осыдан қалса керек. Бала кезімнен осында өсіп, осында білім нәрімен сусындап келемін. "Пәлен жерде пайда бар, өз жеріңдей қайда бар?" дейді ғой халық. Менің осы өсіп, тәрбиеленген ауылымдай жер жоқ. Оған ешбір жер тең келмейді! Әжемнің айтқан аңыз-әңгімелері, ертегілері, аға-апаларымның әзіл-қалжыңдары бәрі-бәрі "ауыл" дегенде еріксіз ойға оралды. Жат елде жүрген қариялар ата жұртына келіп, көз жұмуды армандайды. Оның да өзіндік сыры бар. Қазақстан - кең байтақ, табиғаты әсем, бай ел. Сол байлығын тиімді пайдаланып, халықты алға жетелейтін мына біздер - жастар. Мен өз Отаныма, еліме мәңгі қарыздар болып өтемін. Қазақстан - өз үйім, өз тағдырым. Қазақстан - қазір қарқындап дамушы әлем елдерінің қатарында. Жалпы, барша халықтың, соның ішінде біздің Пригород ауылының тұрғындары, мұғалімдері мен оқушыларның да еліміздің болашағына қосар үлесі жоқ емес.

Менің Қазақстаным - неткен байтақ, неткен кең едің!- өз балаларыңа күлімдей қарап, құшағыңды айқара ашасың. Небір талантты, батыр ұл - қызды аялап өсірдің!

"Желтоқсанда шындық жырын жырлаймын деп шарқ ұрдың,

Желтоқсанда егеменді ел болам деп талпындың",- деп Мұхтар ағамыз жырлағандай 1986 жылғы жастарымыздың қасық қаны қалғанша күресіп, қол жеткізген тәуелсіздікті бағалай білейік, айғайын! Өз Отаным жан - тәнімен сүю- адамшылықтың асқар шыңы. Мен - өз Отанымды шексіз сүйемін.

"Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас" дегендей ауылымның көркейгенін, жақсарғанын қалаймын. Ауыл жылдарында біздің ауылға да көңіл бөлініп, көркейетініне сенімдемін. "Өз үйім - өлең, төсегім" демекші, бұл ауыл барлық тұрғындар үшін ортақ, үлкен үйіміз десем, артық айтқаным болмас.

"Жерге тер төгіп, халыққа қан төгіп қызмет етуден аянба!" деп батыр бабамыз Бауыржан Момышұлы өсиет қалдырған. Осы өсиетті аяқ асты етпеуге шақырамын. Қазақстан барлық жағынан өте бай ел. Сол байлықты жоғалтпай одан да кемелдендіру үшін еңбек етуіміз керек. Ойымды корыта келіп, біздің қазіргі міндетіміз - алдымен білім алып білікті маман болу.

"Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы
Лаула, лаула желтоқсанның мұзға жаққан алауы!
Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің
Ешқашан да еңкеюге тиісті емес жалауы!"- дегендей барлығымыздың Отанымыз Қазақстанның туының тік тұрып, желбіреуі үшін көркейіп алдыңғы қатарлы ел болуы үшін атсалысайық демекпін ағайын!

Бірлік болмай тірлік болмайтынын, тәуелсіздік - тәу етер жалғыз кие екенін естен шығармайық.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 394



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?