Абылайдың ақырғы батыры кім?

 Абылайдың ақырғы батыры кім?

Қазақтың құты да, ырысы да, айбыны да асқан шақ – Абылай ханның тұсы еді. Батыры мен биін сайлай білген көреген басшының тұсында қазақ үшін қасық қаны қалғанша күрескен қаншама азаматтар болды. Абылай тұсында ата жауымыздың өзі есіктен сығалап, елесін де көрсетпеді. Осының барлығы қазақтың маңдайына біткен есіл ерлерінің арқасы еді. Абылай ханның ұстанған қағидасы: қазақ жері жаудан босады ма, сол жерді бір күн де бос қоймай, дереу ел қондырып отырған. Мәселен, Жоңғар қақпасы атанған Барлық пен Тоқта тауы аралығына қолбасы Қабанбайдың өзін қондырса, Алтай мен Барқытбелге Көкжал Барақ, ер Жәнібек бастаған Керей мен Найман көшін аттандырды. Осы тұста қырғыздан босаған Мерке мен Қордайды қорғайтын бас сардар ретінде Бердіқожа батыр түтінін қолайлаған.

Абылайдың қол астында қызмет еткен батырлар көп. Алайда, Бердіқожа орны бір төбе болып қала берері сөзсіз. Бердіқожа батыр кім? Бізге жеткен деректер бар ма?! Бүгінгі таңда батыр жөнінде деректер өте көп. Оған дәлел ретінде Мұхтар Мағауиннің «Аласапыран» дилогиясындағы Шанышқылы батырдың прототипі дәл осы Бердіқожа батыр екенін автор өз аузымен айтты. Одан бөлек, Қабдеш Жұмаділовтің «Дарабоз» дилогиясында да Қабанбайдың алдына көлденеңінен өз тұлпарын қойып, жауға шабарда жанашырлық танытатын бейнесін көре аламыз. Шанышқылы Бердіқожаның Абылаймен бірге Қытайға елшілікке барғаны жөнінде де тарих беттерінде біршама деректер бар. Абылайдың ақырғы батыры қырғыз Есенгелдінің қолынан қаза тапқаны жөнінде де деректер бар. Бұл жөнінде Қабдеш Жұмаділовтің «Абылайдың ақырғы батыры» атты көлемді мақаласынан оқи аламыз. Мақала соңы мынадай түйінмен аяқталады:

«Бердіқожа батырдың қазасынан кейін Арқадағы шанышқылы ауылдарынан береке тайды. Қазақ елін жайлаған быт-шыт бытыраңқылық бұларға да жетіп, балапан басына, тұрымтай тұсына тарайтын заман туды. Алайда, жан-жаққа бытырап, көшер алдында шанышқылылар бір игілікті іс тындырып кетті. Олар Дағанделге жерленген Бердіқожаның басына қыл араласқан кірпіштен күмбез соқты. Сөйтіп, Бердіқожа батырдың асыл сүйегі мен өшпес рухы өзі аңсаған Арқада қалды. Міне, екі ғасырдан асты, не Қарағанды облысына, не Семей облысына қарайтыны белгісіз құла түзде жел мен жауынға төтеп беріп, жартылай құлаған шошақ бейіт тұр. Бостандық үшін басын берген Абылайдың ең соңғы батыры қазақ елінің ендігі тағдырын күзетіп тұрған секілді...»

Дайындаған: Әсел Жутаева, дереккөзі


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?