Қамқор ана

 Қамқор ана

Ана деген құдіретті ат. Анаға ешбір күш, ешбір жан тең келмейді. Дүниедегі бәрінен қымбатты бізді аялап ,өсірген,өмірдегі ең жақын адам – асыл ана.

« О, дүние,төсіңді аш,мен келемін,алынбаған ақым бар сенде менің» деп ақиық ақын Мұқағали Мақатаев айтқандай,барлық адам баласының мына дүниеге келетіні анық. Сол сәтте ерекше мейіріммен жаңа туған сәбиін бауырына басып елжірей қарайтын әрине, ол-жан ана. Ана – теңдесі жоқ құдірет, Төлеген Айбергенов жырлағандай:

Анаң саған керек болса,анаңа да сен керек,
Кезекпенен ауысатын ғұмыр ғой бұл дөңгелек.
Ана керек о, адамдар, ана керек адамға,
Анасыздар аң сияқты күн кешіп жүр ғаламда
Пікірімді ұнатпаған таптық та дер дананы
Даналықтың қажеті жоқ,сыйлау үшін ананы.

Иә,« Ана» деген – құдіретті ұғым, құдіретті күші бар сөз. Кім де болса ананың алдында кішірейеді, әулиең де, небір ғаламды аузына қаратқан билеушілер де ұлы ананың алдында бас иген.

Ана — адамзатқа нұрлы өмір мен таусылмас бақыт сыйлайтын абзал жан.

Асыл да қымбат аналардың орыны әрқашан да бөлек. Бүгінгі жасампаз өміріміздің қай буынынан болса да, әйел-ана, әйел-еңбекқор, ана қайраткер, басшылар да көптеп кездестіруге болады.

Ардақты ана,абзал арулар туралы күн сайын қаншама жаңа жырлар, әсем әндер өмірге келуде.Ана туралы толғанбаған ақын-жазушылар жоқ шығар, қайраткер аналар қатарында Төле бидің келіні Данагүлді, Шыңғыстың анасы Айғанымды бүкіл қазақ елі үлгі тұтқан.

Сонымен қатар, әдебиетте де ана тақырыбына талай қаламгер ой салған. 7-сыныпта өткен Мұқағали Мақатаевтің «Аққулар ұйықтағанда» поэмасындағы «Аналар» бейнесін атсам ,ана тақырыбы ғасырдан-ғасырға сарқылмайтын бұлақ.

Кейбір адамдар өз аналарын қарттар үйіне тастап, ана жүрегіне үлкен қайғы әкеледі. Мұндай адамдар ана қадірін, қасиетін білмейтін адамдар. Адамдар қаншама жақсы істер жасап, анасын қаншама құрметтесе де, ана алдында мәңгі қарыздар бола береді.

Өмірде кездесіп жататын осындай келеңсіз жағдайлардан аулақ болыңыз, аналарыңның өлшеусіз еңбегін бағалап, мәңгілік қамқор болып, өтіңдер дегім келеді. Ана – әлемдегі асыл жан.

Латиф Балжан
ШҚО Жарма ауданы,Үшбиік.
Ақтайлақ би атындағы
мектептің 8-сынып оқушысы


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу

Ілмектер: анама хат шығарма, ана туралы шығарма, Асыл ана казакша шыгарма, ана туралы шыгарма, ана туралы шығарма 4 5 6 7 8 9 сынып, ана туралы шығарма 1 2 3 4 сынып, сочинение на казахском языке про маму, готовые сочинения на казахском языке про маму, скачать сочинения на казахском языке мама, Қазақша шығарма: Асыл ана, Қазақша шығарма, сочинения на казахском языке, Қазақша шығарма: Асыл ана сочинения на казахском, ана туралы шыгарма қазақша, ана туралы шығарма қазақша, ана туралы шығармалар қазақша, сочинение на казахском языке про мою маму, скачать сочинения на казахском языке маму, жан ана казакша шыгарма, Қазақша шығарма: Менің аяулым анам, Ардақты анашым, Қазақша шығарма: Ардақты анашым, ана туралы шыгарма казакша, ана туралы шыгарма жоспарымен, Қамқор ана, сочинение на казахском языке моя мама