Жері байдың елі бай

 Жері байдың елі бай

Адамзаттың жер-анаға деген ықыласы ерекше. Топырақтан жаралған болмысымыздан ба әлде аталарымыздың жер үшін аянбай күресе білгендігінен бе, білмеймін, қазақ үшін жер мен ел ұғымы егіз. Әлем картасында жерінің үлкендігі жағынан тоғызыншы орынды иемдеген Отанымыз бар. Алайда басында баспанасы мен өзіне тиесілі бір телім жері жоқ қандастарымыздың толып жүргенін қалай түсіндіреміз? Өзінің меншікті жері жоқ адам, ерім деп еркелетпеген еліне қорған бола ала ма?

Әр жерде иесі бар деп қоршалып, қорғалған, бірақ бір түп ағаш егілмей, бір лашық салынбай созылып жатқан жерлер бар. Ол жерлерді өзі алмай, өзгеге де бермейтіндердің не ойлағаны бар? Жер күтіп, баптағанды, топырағын шаң қылып бүлдіршіндердің жүгіргенін, әйтеуір тірі адамға қалқан болуды қалайды. Ал қоқысқа толып, тынысы тарылған, егілмей жетімге айналған жер де ауа жұта алмай қиналған адаммен бірдей. Бірде бір адам қоқысқа толып, әбден азып-тозған жерін сатуды жөн көреді. Сатып алушы жерді қоқыстан тазалап жүріп, бұлақтың көзін тауып алады. Әртүрлі жүзім, анар, алма ағаштарын егіп, басына үй салады. Уақыт өте сол маңнан жердің бұрынғы иесі өтіп бара жатып, жайқалған бақты көріп, мен қандай жерден айырылып қалғанмын деп өкініпті - дейді аңыздарда.

Жер баптағанға, күте білгенге азық, бағалай білгенге баспана, аялай білгенге сая бола алады. Бірақ оның қадірін түсіне білу үшін де жерге жете алмай тіршілігі мұңға айналған бауырларымыздың күйін бастан өткізу керек пе? Бізге жер беріңдер деп ашынған қазақтардың жанайқайы жылда естілетін жырға айналып барады. Кезінде «Шаңырақ», «Бақай» деп бір дүрліккен қазақтың жылауы неге қайталана береді? Еңбекпен тапсын, жерді сатып алсын дейді біреулер. Ал біреулер неге өз ауылында отырмайды, қалада нелері бар деп сөгері анық. Мүмкін біреулер ауылдағы жеріне егін ексін, соны өсіріп, азық қылсын деп ақыл айтар. Бірақ кімнің жақсы өмір сүргісі келмейді дейсін. Қала маңына шоғырланып жинала бастаған жандардың болашағым-балам қалада оқысын, тіршілік жасап, отбасымды асырайын деп ниеттенгендері анық. Кеше ғана жер беріңдер деп бейбіт мақсатта жиылған топтың өз бауырымыз, өз қандастарымыз екенін естен шығармайық. Қалай десек те бұл мәселені шешудің жолдарын іздеу керек. Өз елім өзекке теппес деп шырылдаған олардың жанайқайын бүгін естімесек, ертең ар алдында да, Алла алдында да жауап беретінімізді ұмытпаған жөн шығар.

Құрметпен, «Тіл» журналының бас редакторы Нұргүл Қарағойшина


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?