Мен елімнің патриотымын
Жумажанова Сабина
8 сынып, КММ № 92 гимназия
Қарағанды қаласы
Жетекшісі: Жаркеева Гулназ Бекетовна
8 сынып, КММ № 92 гимназия
Қарағанды қаласы
Жетекшісі: Жаркеева Гулназ Бекетовна
XXI ғасыр білім мен ғылым, технология заманы екенін барлығы жақсы біледі. Бірақ бар күшімізді білім мен ғылымға салып, тәрбиені елеусіз қалдырсақ, ұтарымыздан ұтыларымыз көп болар. Менің ойымша, бала тәрбиесі әр ата-ана үшін бірінші орында. Отбасы тәрбиесі- бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. "Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз" дегендей, отбасындағы тәрбие арқылы ғана бала елінің нағыз патриоты, елі мен жерін сүйер азаматы болып қалыптасады. Менің пікірім бойынша, баланың болашағына толғанар және ойланар отбасы көп болса, еліміздің болашағы зор болмақ. «Тәрбие басы - тал бесік» деп бабаларымыз тауып айтқан болса, заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов: «Ел болам десең, бесігіңді түзе»,- деп отбасы тәрбиесінің маңыздылығын ескерткен.
Ұрпақ кеудесінде намысы бар, білімді, туған елін, жерін сүйетін өнегелі болып өссін десе, бар назар келешек ұрпақ тәрбиесіне аударылуы керек. Әсіресе, патриоттық тәрбиеге көңіл бөлген дұрыс деп ойлаймын. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің халыққа жолдауларында маңызды орынды патриоттық тәрбиеге береді. Қазақстан Республикасы бүкіл әлемге тәуелсіз мемлекет екендігін дәлелдеді. Осыған орай патриоттық тәрбие мәселесі адамзат тарихының өн бойындағы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлы мақсаты болғандықтан, біздің елді мекендеген барлық халықтар отаншылдық рухта тәрбиеленуі дұрыс деп ойлаймын. Патриоттық тәрбиені ұрпақ бойына сіңіру үшін қазақ халқының басынан өткен қилы замандарды ұрпаққа айтып, түсіндіру өте маңызды. Адамзат қоғамы өзінен бұрынғы ата – бабаларының ақыл-ойын, тәрбиелік тәжірбиесін пайдаланбай өмір сүрген емес. Қай ел, қай халық болмасын, озық тәжірибиені жатсынбай қабылдайды. Өзге емес, өзіміздің ата-бабалырымыз, батырларымыз арғысы Абылай, Бөгенбай, Қабанбай, Наурызбай, Сұраншы, Саурық, Өтеген, Баян батырлар, бергісі Бауыржан Момышұлы, Әлия, Мәншүк апаларымыз, Төлеген Тоқтаров, қанды желтоқсандағы Қайрат ағаларымыз және тағы да басқа қазақ қаһармандарының елі мен жерін қорғаудағы көрсеткен ерліктері жас ұрпақтың патриоттық тәрбиесіне зор үлесін қосады. Қазақ жастарын патриоттық сезімде тәрбиелеу үшін, желтоқсан оқиғасының маңызын, біз, өсіп келе жатқан жас буын санамызға сіңдіруіміз керек, түсіне білуіміз керек. Қазақ халқының батыр екендігін, тәуелсіздікке ұмтылған ұрпақ екендігін көрсетуіміз керек. Сол арқылы біз мемлекеттің болашағын тәрбиелейміз деп ойлаймын.
Ұлттың тілі - ұлттық тәрбиенің басты құралы. Тіл мәселесі ешкімге де құпия емес. «Ұлттың тілінің кеми бастауы-оның құри бастағанын көрсетеді. Бір ұлттың тілінде сол ұлттың жері, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай ашық көрініп тұрады. Қазақ тілінде қазақтың сары сайран даласы, біресе желсіз түндей тымық, біресе құйындай екпінді тарихы, сары далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын мінезі көрініп тұр», - деп Мағжан атамыз қазақ тілінің қасиетін қастерлеп көрсетіпті. Шынымен де тілін, туған елін, жерін қадірлеген әр жеткіншек нағыз патриот болып өседі. Бауыржан атамыз айтқандай: «Жау қолында кеткен жеріңді қайтарып алуға болады, ал тіліңді ешқашан қайтара алмассың». Сондықтан да ұрпаққа берер тәрбие – ана тілге деген құрметтен басталуы заңдылық. Өркениеттің ұлы көшінен кеш қалмайық десек, ұрпағымызға қазақы тәрбие беру құралы болған ұлтымыздың тілін қастерлейік!
Қорыта айтсам, мен ынтымағы жарасқан Қазақстанда дүниеге келіп, өмір сүріп жатқанымды мақтан тұтамын. Еліміздің болашағына зор үмітпен қараймын. Еліме, Отаныма адал қызмет етіп, «дүниенің бір кірпіші болып қаланып», үлесімді қосқым келеді. «Болашаққа жоспар құрсаң, баланы тәрбиеле» - деп шығыс нақылында айтылғандай, жас ұрпақты барынша жақсы тәрбиелесе, егеменді еліміздің көк байрағы көк аспанда мәңгі желбіремек.
Мен сияқты бүгінгі бүлдіршін ертеңгі еліміздің аптал азаматы болатынына сеніңіздер!

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Шығармалар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?