Қазақстан - Отаным менің!
Базарқұлова Іңкәр 8 сынып
Б. Атыханұлы атындағы №36 гимназиясы
Б. Атыханұлы атындағы №36 гимназиясы
Ұясыз құс болмайтындай, Отансыз адам болмайды. Менің Отаным, атамекенім, туған жерім – Қазақстан. Қазақстан деген сөзді естісем көзіме бірден асқар-асқар таулар, шалқыған жайлау, түтіні бұрқыраған ауыл, сайраған құстар, жазық дала, сарқыраған өзен, қарасаң көзің тоймайтын табиғат елестейді. Әр адамға өз Отаны қымбат. Қазақстан мен үшін ыстық, киелі, қымбат, еш жерде қайталанбас, қасиетті өлке. Менің Қазақстанға деген сүйіспеншілігім анама деген махаббатпен тең.
Отан... Бұл бәрінің жүрегіне жылы тиер, әрбірінің жанына ең жақын сөз. Атамекенім – алтын ұям. Егерде адам жыраққа шықса, өзінің туған жерін сағынатын белгілі.
Туған жерге арналған ақын-жазушыларымыздың өлең жырлары қаншама десеңші?! Туған өлкені ештеңемен айырбастауға болмайды.
«Туған өлкең – шежірең» демекші, әр адам өзінің елінің тарихын білуі тиіс. Қазақстан - бабаларымыздың ұрпаққа қалдырған иелігі, ең қымбат мұрасы. Тәуелсіздікті ата – бабаларымыз қанша аңсады десеңші?! Тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді? Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыс та өтті. Еліміздің батырлары Отан үшін өмірлерін қатерге тігіп, ерлікпен соғысып, ерлікпен өмірден кетті. Жерді дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасы әрбіріміздің есімізде ең ауыр күн ретінде қалды.Ресейдің отарлығына қарсы шеруге шығып, егемендікті армандаған жастарымыз қыршынынан қиылды. Қанша қиыншылық келсе де, біз оларды ұмытпаймыз, айыптамаймыз да.
Себебі, бұл – тарих. «Өткенімізді ұмытсақ, болашақ бізді кешірмейді» деген ұлы даналықты жадымызда ұстайық!
Қазір Қазақстан – дербес, егеменді мемлекет. Соңғы 21 жылда Қазақстан үлкен жетістіктерге жетіп, жаңа белестерге көтерілуде. Мұқағали ағамыз айтқандай:
«Сендердікі қоғам, өмір, заман да, Сен түзеген қалаңменен, далаң да,
Болашақ та, барлығы да сендердікі, жас ұрпақ, Сендерге аманат етіп табыстаймыз, қабыл алыңдар!»
Біз – еліміздің үміт артарымыз, елімізді көркейтетін де біздер – жастар. Қазақстан, сен кеңсің, заңғар биіксің, ұлы мемлекетсің. Мен сені мақтаныш тұтамын, қадірлеймін, ардақтаймын. Отаным менің! Мен сенің атыңды бүкіл әлемге танытатын перзентіңмін, тәуелсіздікті мықтап қолда ұстайтын балаңмын!

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Шығармалар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?