Алаш ардақтысы
Мұхаметжан Бегайым
11 сынып, № 12 орта мектеп
Іле ауданы, Байсерке ауылы
11 сынып, № 12 орта мектеп
Іле ауданы, Байсерке ауылы
Тұтас буынның төлбасы, кешегі Ыбырай, Абай, Шоқан салған ағартушылық, демократтық бағытты ілгері жалғастырушы ірі ғалым-тілші, қазақ тілі емлесінің реформаторы, грамматиканың және қазақ әдебиеті теориясының негізін салушы, аса көрнекті қазақ ақыны Ахмет Байтұрсынов қалдырған тау сілеміндей мол мұра – қазақ халқының басты құндылығы. «Қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер-білім, саясат жолындағы қажымас қайраты – біз ұмытсақ та, тарих ұмытпайтын істер болатын», - деп М.Әуезов айтқандай, Ахаң істері тарих сахнасында мәңгіге сақталмақ. Иә, Ахмет қазағым, «Алашым» деп еңіреп өткен асыл, қазақтың біртуар азаматтарының бірі.
А.Байтұрсынов туралы артығымен білгісі келген жам буын, әрбір қазақ оның өмірін тек қана кітап беттерінен іздемей, Ахаң 1934-1936 жылдары өмір сүрген, қазіргі таңда мұражайға айналған, Алматы қаласындағы үйіне барғаны дұрыс деп санаймын. Ол мұражай есігін аттаған сәттен бастап, Ахмет өміріне кіріп кетесің. Алдымен, оның енгізген әліпбиімен танысудан бастап, «Ғалия» медресесінде оқыған, М.Дулатовпен танысқан жылдарындағы естеліктерін көріп, жары Бәдрисафа (шын аты –Александра) туралы көп мәліметтер білуге болады. Өзі қолданған заттарды көргенде, тіптен, қызыға түсесің. Ахаң өзі:
Қинамайды абақтыға жапқаны, Қиын емес –дарға асқаны, атқаны, Маған ауыр осылардың бәрінен, Өз ауылымның иттері ұрып қапқаны,
- деп күйіне жырлағанда, жалған жала жабылып «Халық жауы» атанып, түрмеде өткен ауыр жылдарынан көп деректер аласыз.
1997 жылы ел Президенті Н.Назарбаевтің шешімімен «Жалпы ұлттық татулық және қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы» деп аталды. Алматы облысы, Талғар ауданы Жаңалық ауылында репрессияға ұшырағандарға арнап ескерткіш орнатылды. Сол ескерткіште аты аталып жазылған әрбәр азамат ерлігі алдында қазақ баласы басын иіп өтеді. Әрине, ең басында Ахмет есімі – ерекше құрметпен аталып тұр.
Міне, мен Ахмет Байтұрсынұлы мұражайынан осыншалық керемет әсер ала алдым, және де сол әсеріммен оқырман қауымымен, өз құрдастарыммен бөлісуді жөн санадым.
Қазақ әліпбиінің реформаторы; қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымының негізін салушы; мысал жанрының бірегей үлгісін салушы және ақын; халық әдеби мұрасын жинаушы, құрастырушы және шығарушы; оқу-ағарту ісінің білгір әдістемешісі, ағартушы-ұстаз; қазақ баспасөзінің негізін қалаушы (1913-1918); қалыптасушы қазақ елінің көшбасшысы (1920-1924); оқу-ағарту ісінің тұңғыш комиссары; қазақ академиялық орталығының төрағасы; қазақ республикасы орталық атқару комитетінің белсенді мүшесі; қазақ республикасының жоғарғы оқу орындарының профессоры Ахмет Байтұрсынұлы еңбегінің алдында бас иемін!

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Шығармалар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?