Мен елімнің патриотымын!

 Мен елімнің патриотымын!

Елбасы Қазақстан халқына жолдауында «Біздің балаларымыз бен немерелеріміз сырт елден гөрі Отанында өмір сүргенді артық көретіндей, өйткені өз жерінде өзін жақсы сезінетіндей болуға тиіс. Біздің еліміздің әрбір азаматы өзін өз жерінің қожасы ретінде сезінуге тиіс» – деп атап өткен болатын. Ел Президентінің бұл сөзі жастарға серпіліс беріп және оларға үлкен сенім артатынының дәлелі. Елім, жерім, тілім, дінім деген әрбір қазақты патриот дейміз. Алайда бүгінгі өсіп келе жатқан жаңа буын, ертеңгі ел тізгінің ұстайтын азаматтарымыз патриот ұғымын қалай түсінер екен? Назарларыңызға шағын түрде жүргізілген сауалнаманы ұсынамыз.
Патриоттық ұғымды қазіргі уақытта қалай ұғынасыз? Сіз өзіңізді патриотпын деп айта аласыз ба?

Гүлмира, Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина университетінің студенті:
Менің ұғымымдағы патриоттыққа келер болсақ, біріншіден, мен өзімді патриотпын деп есептеймін. Менің бұған дәлелім, кез келген жерде кез келген уақытта тек қазақ тілінде сөйлеймін. Егер маған қазақ тілінде ақпарат бере алмайтын орта болса, ана тілімізде жауап қатуды талап етемін. Менің бұл өз тіліме деген үлкен құрметім. Патриоттық ұғымымызда еліне, туған жеріне деген ғана сүйіспеншілікпен ғана шектеліп қоймайды, ол қазақ халқына тән барлық құндылықтарды құрметтеу болып табылады.

Айнұр, Қазақ Ұлттық Университетінің магистранты:
Әрбір қазақпын деген азамат, ол өз елінің патриоты болуы тиіс деп ойлаймын. Сол секілді мен де өзімді патриотпын деп толық айта аламын. «Отан от басынан басталды» демекші. Кішкентай күнімнен ата-анам мені мектепке бермей тұрып-ақ маған әнұранды жаттатқызып, рәміздер дегеніміз не екенін, олардың мемлекет үшін маңызы қандай екенін ұғындырып өсірді. Осылай менің туған Отаным деген алғашқы патриоттық сезім қалыптасты. Қазірде халқымыздың өткен тарихы мені қатты қызықтырады, ол туралы оқудан, танып-білуден жалыққан емеспін. Бұның барлығы менің ұлтыма деген сүйіспеншілік, оны сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Сондықтан да қазіргі уақытта өзіміз секілді жастар бойында бірінші орында тіліне, еліне, жалпы айтқанда өзінің ұлттық құндылықтарына деген құрметі тұруы басты міндет деп есептеймін.

Ерлан, Мәскеу университеттерінің бірінде оқитын аспирант:
Мен әрине, өзімді патриотпын деп санаймын. Қазір мен елімнен жырақта, көрші мемлекетте білім алып жатырмын. Менің бөлмемде көк туым мен қазақтың қара домбырасын қоспағанда көрпе-жастығымнан бастап, жамылатын жапқышыма дейін қазақтың ұлттық ою-өрнектерімен өрнектелген. Қара шайды да арнайы қазақтың оюы салынған кесемен ішемін. Қол дорбам да, қалта әмияным да қазақтың нақыштарымен жасалып, тігілген. Мен бұның барлығын арнайы іздеп жүріп сатып алғанмын, кейбірін тапсырыспен жасаттым. Өз еліңде жүрген уақытта аса білінбейді екен. Ал өзге елде жүргенде туған жерге деген сағынышты айтып жеткізу мүмкін емес. Қазақстанға қатысты қандай бір жаңалықтар болып жатса, бәрін жиып қойып тыңдаймын. Қасымда Африкадан, Түркиядан, Индиядан бірге оқитын достарым бар. Олар біздің дәстүрімізге, мәдениетімізге үлкен қызығушылар танытады. Бұл мен үшін мақтаныш. Өзімді қазақ екенімді, қазақ болып туғанымды мақтан етемін. Патриоттық, меніңше, білгелі бір уақытқа, кезеңге бөлінбейді. Ол әрқашанда өзінің ұлтына деген ыстық сезімнен тұрады.

Аида, Қазақ Ұлттық Университетінің магистранты:
Өзімді патриотпын деп ойлаймын. Әрбір қазаққа қатысты дүние болса, оған бей-жай қала алмаймын. Қолымнан келгенше көмегімде ұсынуға дайын тұрамын. Бұл ұлтыма деген ыстық ықыласымнан деп білемін. Өз бойымдағы патриоттық сезімді сөзбен жеткізіп айту қиын, әрине. Былтыр Лондонда өткен жазғы Олимпиада ойындарында еліміздің әрбір спортшысына жанкүйер болдым. Әсіресе спортшыларымыз алтыннан алқа тағып, көк туымыз көкте желбіреп, әнұранымыз шырқалып жатқан уақытта көзіме еріксіз жас келді. Бұл бір қазақ ұлтына деген ұлы махаббаттан деп айта алар едім. Қазіргі уақытта патриоттыққа келер болсақ... Мін сізге мынандай бір мысал келтірейін, бірде таңертең үйден шығып аялдамаға қарай бара жатсам, жасы 3-4 шамасындағы түріктің баласы қолын жүрек тұсына қойып, айқайлап қазақтың әнұраның айтып келе жатыр. Әнұран біткен соң екінші қайтара тағы айтты. Қасында жетектеп келе жатқан әкесіне сен де бірге қосылып айт деп қолқа салып қояды. Байқап келе жатқан мен, оған қызыға, таңдана қарадым. Міне, Отанды сүю отбасынан басталады деген осы. Күнде таңертең сол жолмен кетіп бара жатқанда қаншама қазақтың кішкентай баласын көремін. Бірі мектепке, бірі балабақшаға асығып бара жатқан. Бірақ ешқайсының осылай әнұран айтып кетіп бара жатқанын осы уақытқа дейін байқамаппын. Айтпағым қазақтың әрбір баласын кішкентайынан осындай тәрбиеге баули білсек, шынымен еліне, ұлтына жаны ашитын ұрпақтың саны көп болар еді.

Мәулен, студент:
Әрине, патриотпын деп айта аламын. Оған толық негіз бар. Өткенде білесіз, Шахтер мен Селтик арасындағы ойынды. Қаншама қазақ жанкүйер болды. Соның ішінде мен де бармын. Менің футболға аса қызығушылығым жоқ. Алайда өз елімнің командасы ойнап жатқанда, бей-жай отыра алмадым. Шын жанкүйер болдым. Ойынды дәл стадионға барып көрмесек те, достарымызбен жиналып үйде қарадық. Көк туымыз қолымызда, голдар соғылып жатқандағы қуанышты сәтті айтып жеткізу мүмкін емес. Осының барлығы елге деген сүйіспеншіліктен. Егер патриот болмасақ, мұндай қуанышты сәтте жүзімізге қуаныш та күлкі де ұяламас еді. Керісінше, ой, қойшы бұлар бәрібір ұтылып қалады, ойнай алмайды деп қолды бір сілтеуге де болар еді. Қазіргі уақытта патриоттық деген, меніңше, бірінші орында елге, сосын тілге құрметтен басталды. Патриотпын деген жастар ең бірінші сол – ана тілімізге деген құрметтен бастаса екен.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу

Ілмектер: мен патриотпын шығарма, мен өз отанымның патриотымын эссе, мен қазақ елінің патриотымын шығарма, патриот туралы шығарма, патриотизм туралы шыгарма, сочинение на казахском языке о патриотизме, патриоттық шығарма, патриоттык шыгармалар, патриот, шыгарма, шығарма, сочинение на казахском языке, о патриотизме, сочинение, на казахском языке, мен патриотпын, мен, патриотпын, елім деп соғар жүрегім шығарма, елім деп соғар жүрегім эссе жазу, елим деп согар журегим шыгарма, мен қазақстан патриотымын шығарма, мен қазақстанның патриотымын эссе, мен қазақстанның патриотымын реферат, мен казакстан патриотымын шыгарма, мен елімнің патриотымын шығарма, мен елимнин патриотымын шыгарма, мен патриотпын шығарма жоспар, мен өз отанымның патриотымын эссе жоспар, мен қазақ елінің патриотымын шығарма жоспар, патриот туралы шығарма жоспар, патриотизм туралы шыгарма жоспар, сочинение на казахском языке о патриотизме жоспар, патриоттық шығарма жоспар, патриоттык шыгармалар жоспар, патриот жоспар, шыгарма жоспар, шығарма жоспар, сочинение на казахском языке жоспар, о патриотизме жоспар, сочинение жоспар, на казахском языке жоспар, мен патриотпын жоспар, мен жоспар, патриотпын жоспар, елім деп соғар жүрегім шығарма жоспар, елім деп соғар жүрегім эссе жазу жоспар, елим деп согар журегим шыгарма жоспар, мен қазақстан патриотымын шығарма жоспар, мен қазақстанның патриотымын эссе жоспар, мен қазақстанның патриотымын реферат жоспар, men patriotpyn shyғarma, men өz otanymnyң patriotymyn esse, men қazaқ eliniң patriotymyn shyғarma, patriot turaly shyғarma, patriotizm turaly shygarma, sochinenie na kazahskom yazyke o patriotizme, patriottyқ shyғarma, patriottyk shygarmalar, patriot, shygarma, shyғarma, sochinenie na kazahskom yazyke, o patriotizme, sochinenie, na kazahskom yazyke, men patriotpyn, men, patriotpyn, elim dep soғar zhүregim shyғarma, elim dep soғar zhүregim esse zhazu, elim dep sogar zhuregim shygarma, men қazaқstan patriotymyn shyғarma, men қazaқstannyң patriotymyn esse, men қazaқstannyң patriotymyn referat, men kazakstan patriotymyn shygarma, men elimniң patriotymyn shyғarma, men elimnin patriotymyn shygarma, men patriotpyn shyғarma zhospar, men өz otanymnyң patriotymyn esse zhospar, men қazaқ eliniң patriotymyn shyғarma zhospar, patriot turaly shyғarma zhospar, patriotizm turaly shygarma zhospar, sochinenie na kazahskom yazyke o patriotizme zhospar, patriottyқ shyғarma zhospar, patriottyk shygarmalar zhospar, patriot zhospar, shygarma zhospar, shyғarma zhospar, sochinenie na kazahskom yazyke zhospar, o patriotizme zhospar, sochinenie zhospar, na kazahskom yazyke zhospar, men patriotpyn zhospar, men zhospar, patriotpyn zhospar, elim dep soғar zhүregim shyғarma zhospar, elim dep soғar zhүregim esse zhazu zhospar, elim dep sogar zhuregim shygarma zhospar, men қazaқstan patriotymyn shyғarma zhospar, men қazaқstannyң patriotymyn esse zhospar, men қazaқstannyң patriotymyn referat zhospar, өз, отанымның, патриотымын, эссе, қазақ, елінің, туралы, патриотизм, на, казахском, языке, о, патриотизме, патриоттық, патриоттык, шыгармалар, елім, деп, соғар, жүрегім, жазу, елим, согар, журегим, қазақстан, қазақстанның, реферат, казакстан, елімнің, елимнин, жоспар, өz, otanymnyң, patriotymyn, esse, қazaқ, eliniң, turaly, patriotizm, na, kazahskom, yazyke, o, patriotizme, patriottyқ, patriottyk, shygarmalar, elim, dep, soғar, zhүregim, zhazu, sogar, zhuregim, қazaқstan, қazaқstannyң, referat, kazakstan, elimniң, elimnin, zhospar