КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР
КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР
Кәсіпкерлік қызмет – өндірістің ерекшелік факторы, ол қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға және кәсіпкердің жеке пайдасын немемсе кірісін алуға жағдай жасайды. Кәсіпкерлік – бұл өндірістің ерекше факторы, өйткені арнаулы білімді, шеберліктер мен дағдыларды талап етеді. Кәсіпкерлік кірісті барынша арттыру мақсатымен еңбекті капитал мен табиғи ресурстарды неғұрлым тиімді арақатынастарда біріктіруді жүзеге асырады.
Кәсіпкерлік – бұл шаруашылық жүргізу әдісі және экономикалық ойлаудың ерекше үлгісі.
Кәсіпкер меңгеруі тиіс қасиеттер:
* қабылданған шешімдер үшін жауапкершілік;
* коммерциялық табыс жетістігіне қарай бағытталу;
* жаңашылдық, іскерлік, икемділік, тәуекелге бару қабілеттілігі.
Жеке кәсіпкерлер – бұл заңнамада белгіленген тәртіппен, кәсіпкерлік қызметті заңды тұлға құрмастан жүзеге асыратын тұлғалар. Жеке кәсіпкерлер барлық міндеттемелер бойынша толық мүліктік жауапкершілігімен сипатталады.
Заңды тұлға – бұл жеке мүлікті иеленген, өз атынан азаматтық құқықтар мен міндеттерді иеленетін, арбитраждық сотта талапкер және жауапкер болып әрекет ететін ұйым.
Барлық заңды тұлғалар коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарға бөлінеді.
Коммерциялық ұйымдар қызметі пайда алуға және алынған пайданы қатысушылардың арасында бөлуге негізделген кәсіпорындар болып табылады. Ал пайда алудың мұндай мақсаты жоқ ұйымдар коммерциялық емес ұйымдар болып табылады. Коммерциялық емес ұйымдарға тұтынушылық кооперативтер, мекемелер, қоғамдық ұйымдар, діни ұйымдар мен бірлестіктер, қайырымдылық және басқа қорлар жатады.
Кәсіпкерлік қызметтің объектілері дайындалған өнім, орындалған жұмыс немесе көрсетілген қызмет, яғни қандай да бір қажеттілікті қанағаттандыра алатын және нарықта сатып алу, пайдалану және тұтыну үшін ұсынылатын нәрселер болып табылады.
Заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасындағы коммерциялық кәсіпорындар мынадай ұйымдық-құқықтық формаларда қызмет етеді:
* шаруашылық серіктестіктері;
* акционерлік қоғам;
* өндірістік кооперативтер;
* мемлекеттік кәсіпорындар.
Осы Кодексте әкімшілік жауаптылық көзделген жеке тұлғаның құқыққа қарсы, кінәлі (қасақана немесе абайсызда) әрекеті не әрекетсіздігі немесе заңды тұлғаның құқыққа қарсы әрекеті не әрекетсіздігі әкімшілік құқық бұзушылық деп танылады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс оның жасалған жері бойынша істі, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы және істің басқа да материалдарын қарауға құқығы бар орган (лауазымды адам) алған күннен бастап он бес тәулік ішінде қаралады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарағаннан кейін судья, орган (лауазымды адам) мынадай қаулылардың бірін шығарады:
*әкімшілік жаза қолдану туралы;
*іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы.
Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кезде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексте мынадай жазалар көзделген:
салынатын әкімшілік айыппұлдың орнына ескерту түріндегі әкімшілік жаза;
адам әкімшілік құқық бұзушылық фактісімен келіскен жағдайда айыппұл төлеу және айыппұл төлеуге дайын болу(таеы басқалары)
Жалпы ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР
Қазақстан Республикасының « Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінде «Кәсіпкерлік қызмет саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық» деп аталатын арнайы тарау ( 14 – тарау) бар.
151 – бап. « Шикізатті, азық-түлік және өнеркәсіп тауарларын Казақстан Республикасының шегінен тыс жерге әкету немесе жөнелту қағидаларын бұзу»; 153 бап. «Заңсыз кәсіпкерлік»; 155 бап. «Заңсыз банктік қызмет»; 157бап. «Көрінеу жалған жарнама»; және тағы басқалар.
Мысалы, 153– бапта сәйкес, заңсыз кәсіпкелікпен айналысқан жағдайда жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға- келтірілген зиян сомасының, алынған табыс сомасының және заңсыз кәсіпкерлік нәтижесінде алынған акцизделетін тауарлар құнының отыз пайыз мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілірі болып табылатын заңды тұлғаларға ету пайызы мөлшерінде айыппұл әкеп соғады.
Әкімшілік жауапкершілікті сипаттау кезінде оған тән келесідей ерекшеліктерді атап көрсетуге болады:
•1. Әкімшілік жауапкершілік қоғамдық қауіпсіздіктің жоғары дәрежесіне жатқызылмайтын құқық бұзушылық үшін қолданылады;
•2. Әкімшілік құқық бойынша жауапкершілік әрқашан жеке немесе заңды тұлғаның заңға қайшы әрекетінің ( әрекетсіздігінің) нәтижесі білдіреді;
3.Әкімшілік жауапкершілік жеке-құқықтық мүддедегі емес,жалпы мемлекеттік сферадағы құқық бұзушылық салдарынан туындайды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы
Қазақстан Республикасының Кодексі 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ.
2.Интернет желілер: https://kk.m.wikipedia.org/wiki/Кәсіпкерлік
https://adilet.zan.kz/rus
3. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі
Қазақстан Республикасының Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ.
Кенжеғали Сағадиев атындағы Халықаралық Бизнес Университетінің 2 курс студенті Айтен Ерлан
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?