Су тіршілік көзі


Ғылыми жоба
Тақырыбы: Су тіршілік көзі.
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі:
Кейбір адамдар қоршаған табиғатты танып білуі, оны қорғауы төмен деңгейде, оны пайдаланады, бірақ қорғамайды, суды ластаудан жұқпалы ауру тарайтынын түсіне бермейді.
Ғылыми жобаның мақсаты мен міндеті:
Ғылыми жобаның басты мақсаты – судың адам өмірі үшін маңызы мен қажеттілігі, пайдасы туралы түсінік бере отырып, суды үнемдеуге, қорғауға үйрету. «Сусыз тіршілік жоқ» ұғымын практикалық жұмыстар арқылы дәлелдеу.
Мақсатқа жету жолында төмендегі міндеттерді шешуді алға қойдық:
 ► Өздігінен әдеби кітаптарды ақтарып іздену.
 ► Осы жобаны іске асыру, тәжірибеге енгізудің міндеттерін белгілеу.
 ► Суды қорғау – баршамыздың парызымыз.

Ғылыми жобаның нысаны ретінде журналдар, түрлі әдебиеттер, фотолар, энциклопедия, қосымша оқулықтар, интернет желісінен алынды.
Тақырыптың теориялық және практикалық маңызы:
Жобаның негізгі тұжырымдамаларын, арнайы сабақтарда, сыныптан тыс сабақтарда тақырыпқа сәйкес пайдалануға болады.
Жобаның құрылымы:
Ғылыми жоба кіріспеден, қорытынды мен үш тараудан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Жобаның құндылығы: дүниетану сабағында пайдалануға болады.
Жобаның ұсыну формасы: зерттеушілік.
Жобаның нысаны: экологиялық жағдай.

1. Суды маңызы
Су – тіршілік көзі. Барлық тірі ағзалардың 75 пайызы судан тұратыны бәріңізге мәлім. Таза сусыз адам өмір сүре алмайды. Су үнемі теңіз, ауа мен құрылық арасындағы айналымды жүзеге асырады.

Жер шарында жыл сайын 400 мың км3 шамасында су буға айналып, жоғары көтеріледі екен. Қазақстандағы су ресурстарының негізі - өзен сулары болып есептеледі, орташа жылдық мөлшері - 100км3, 43 пайызы Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресеймемлекеттеріне келеді. Республикамызда таза ауыз сумен қамтамасыз ету мардымсыз. Жоспарланған жөндеу, қалпына келтіру жұмыстары жүргізілмейді. Көптеген ауылдық су өткізгіштерінде су залалсыздандырылмайды.
Қазіргі кезде Республикамыздағы барлық ірі өзендер – Іле, Сырдария, Жайық, Ертіс, Шу, Талас ластанған. Теңіз бен мұхиттар мұнаймен ластануда. Бұл қоршаған ортаға өте қауіпті. Судағы балықтар қырылып, қалу қаупі жылдан жылға өсіп келеді.

Ауыл шаруашылығында қолданылатын минералды тыңайтқыштардың артық мөлшері топырақтан шайылып, өзен, көлдерге, теңізге түсуде. Бұл судағы оттекті азайтады. Сонымен бірге бұл балық өндірісіне қатты әсерін тигізіп, балық аулау азайып кеткенін айтылып жүр. Біз осы жағдайларды саралай келе, адам күніне қанша литр су жұмсайды және оны үнемдеу, таза ұстауға бола ма деген мәселені айтқым келіп тұр. Мысалы, тісті екі мезгіл тазалау кезінде 4 литрден 8 литр су кетеді екен, тамақ әзірлеуге 3 мезгілде бас - аяғы 10 литр су кетеді екен. Суға түссең орта есеппен 10 - 15 литр су жұмсайсың. Сонда күніне 33 л – 38 л - дей су кетеді екен. Бұл бір балаға кететін бір күндік су мөлшері. Осыны жылға шақсаң қанша болады? 13870 литр су жұмсайсың?

Қазақстан жер аумағы жағынан үлкен мемлекет, бірақ сол жердің көпшілігі құрғақ шөлейт жерлер. Дегенмен, оның бір ерекшелігі жер асты суларына бай. Республика аймағында түрлі мақсаттарға сай ашылып, зерттелінген 633 жер асты су қоры бар, олардың пайдалану қуаты тәулігіне 43384 мың текше метр. Бұл Ертістің Обь өзеніне құяр сағасындағы су көлемімен пара – пар.

Осындай табиғи байлықтың иесі болған еліміздің алдында оны үлкен жауапкершілікпен тиімді пайдалану мақсаты тұр. Өйткені, республиканың Солтүстік, Батыс және Орталық аймақтарында су жетіпеушілігі бар. Сөйте тұрса да, зерттеліп, дайындалған жер асты су қорларын халық шаруашылығының қажетіне игеру өте төменгі деңгейде болып келсе, кейінгі жылдарда тіпті тоқтап қалып отыр. Ауыз су және шаруашылық мұқтаждығы үшін зерттеліп пайдаланған көптеген жер асты су көздері 10 - 15% жылдар бойы игерілмей келеді, кей жерлерде мұндай кешеуілдеу уақыты су көзінің жалпы пайдалану мерзіміне (25 - 30жыл) таяп қалып отыр. Бұл деген жер асты суларының қорын пайдаланбай жатып оны пайдалану құқын қайта қарап, бекіту керек деген сөз.

 Республикамызда тау - кен өндірістері мен шикі зат өндеу саласының дамуына байланысты қоршаған табиғи ортаға зиянды салмақ өте түсуде, оның ішінде жер асты суларының сапасына нақтылы қауіп төне бастады. Ақтөбе - Алға, Павлодар - Екібастұз, Қарағанды - Теміртау, Жамбыл - Қаратау, Өскемен - Лениногор - Зыряновск сияқты үлкен аймақтық - өндірістік кешендердің маңына табиғатқа зиянды ошақтар орын тепті. Республикамызда 710 - ға жуық қатерлі ошақтар барлығы анықталса, олардың басым көпшілігі Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан. 70 елді мекендердің су мұқтаждығына пайдаланылатын 113 жер асты су көзінің, 41 су қабылдағышының тазалығына қауіп төнгендігі байқалуда.
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу
Пікірлер 1
  1. Ирода
    Ирода 20.01.2021 23:46
    1 + 0 -
    Өте керемет жазылған.