Мәдениет | Ұлытау аспан асты мұражай
Өткен күн, кеше, тарих
Келер күн, ертең сыр
Ал бүгінгі күн - үлкен сый
«Ұлытау аймағы аспан астындағы алып мұражай»
Ұлытау – ұлт ұясы, ұлы даламыздағы талай тарихтың куәсі болған қасиетті мекен. «Қазақ халқының бесігі», «көшпелі халық мәдениетінің, дала өркениетінің алтын кіндігі» аталған бұл өлкенің бүккен шежіресі көп. Сондықтан да қазақ үшін қасиетті бұл мекеннің төрінде Елбасының тарих жайлы ой - толғауының өзі үлкен мағынаға ие.
Ұлытау – өте қасиетті жер. Ұлытау деп аталуының өзінің тарихи мәні бар деп жалпыны Ұлытауға қатысты тарихымыздан ұлағатты тағылым алуға шақырған Елбасы қазақтардың «кеше ғана пайда бола салмаған» халық екенін айтады. Ел тарихының түпкі бастауы сонау ғұндардан, одан кейін Алтын Орда дәуірі, артынша Қазақ хандығының өмір сүруімен байланысатынын, бұның барлығы қазіргі таңдағы егеменді ел болып отырған Қазақстанның тәуелсіздігіне ұласқанын Елбасы тарихшылардан артық айтпаса кем айтқан жоқ. Мұның өзі Мемлекет басшысының белді саясаткер ғана емес, халқының тарихына қанық, ұлтының болашағын ойлаған тұлға ретінде де бейнесін аша түседі. Ал тәуелсіздігіміздің қаншалықты қадірлі екенін Нұрсұлтан Назарбаев «¬Қазақ халқы сан ғасырлар бойы өзінің егемендігі мен тәуелсіздігі үшін күресіп келді. Өзінің ең жақсы қасиеттерінің: қатер төнген сәтте бірігіп, ұйымдаса білуінің, сондай-ақ, басқа халықтармен бейбітшілік, келісім мен тату көршілік жағдайында тұруға деген ынта - ықыласының арқасында ол тарих тасқынының астында қалып қоймай, өзінің мемлекеттігін қалпына келтіре алды», деп бұрындары да айтқан болатын.
Ұлытаудың қасиеті осындай. Кең байтақ жерде қазіргідей ұшақ, теміржол, автокөлік жоқ. Бір - біріне барып көмектескенше не заман? Әрқайсысы өзін өзі сақтап қалу керек болды. Сондай замандар өткен. Мысалы, Отан деген үлкен ұғым. Отанды қорғау дегенде, әрине, адам баласы алды өзінің шаңырағын ойлайды. Әкеңді, шешеңді, бауырларыңды, балаларыңды, немерелеріңді ойлайсың. Сол жүрекпен, сол тілекпен Отаныңды қорғайсың. Сондықтан тарихыңды білген жөн болады. Тарихын білмеген ұлттың болашағы да бұлыңғыр. Мысалы, керемет үлкен еменнің тамыры терең болмаса, ол дауылға шыдап тұра алмайды. Сондықтан тарихымызды таныту үшін қазір көп нәрсе жасап жатырмыз. Сондай тарихтың куәгері – Ұлытау. Оны білуіміз керек.
Ұлытау арқылы Ұлы Жібек жолының «Сарысу» немесе «мысжол» аталған негізгі тармақтарының бірі өткен. Оның дәлелі – керуен жолы бойында орналасқан ондаған керуен - сарайлар, бекініс - қоныстар, феодалдық қорғандар, қарауыл мұнаралар. Бұл қоныстар далалық мәдениет, қолөнері, сауда - саттық дамығанын Басқамыр, Жошы - орда, Аяққамыр, Орда - базар қалашықтарына жүргізілген археологиялық зерттеулер нәтижесі дәлелдеді. Ғалымдар болжауынша, бұл сайда жолы Ұлы Жібек жолына дейін пайда болып, біздің ғасырдың отызыншы жылдарына дейін сақталды, осы өлкенің мәдениетінің дамуына үлес қосты. Табиғаттың өзі бұл жерге қисапсыз қазына сыйлаған. Фирдауси өз поэма - эпосы «Шахнамада» Ұлытау өңірін әдемі суреттеген. Ұлытаудың ғажайып көріністерін VI ғасырда араб саяхатшысы Әл - Идриси өз қолжазбаларында суреттеген. Ұлытау жөнінде қазақ халқының ертегісі «Ер Төстікте» де айтылады. Әйгілі Асанқайғы Сарыарқаның көптеген түкпірін аралап, елге құт жерұйық іздегенде, көзіне Ұлытау түскен. Академик Қаныш Сатпаев Ұлытау даласын Қазақстанның қазынасы атаған. Өйткені, Менделеев кестесі элементтерінің көбі Ұлытау аймағының қойнауынан табылған. Ғасырдың заманалық мәні бар оқиғасы – адамның ғарышқа ұшуы да Ұлытаумен – ғарыш аймағы Байқоңырмен байланысты.
Жер жүзіндегі қай халықтың болмасын қадір тұтып, қасиет санайтын киелі мекені болары анық. Сондай қойнауы қазына, тасына тарих тұнған жер қазақ халқында да бар. Ол Кешегі көшпенді қазақтың көшесіз астанасы атанған, жерінің асты алтын, үсті ырысты өңір – Ұлытау екені баршаңа аян. Содан да болар, Ұлытау десе елең етпейтін қазақ жоқ. Ұлытау есімі естілсе әр қазақтың бойындағы қаны ойнап, жүрегін бір мақтаныш сезім кернейді. Солай болуы заңды да. Неге десеңіз қазақ деген халықтың ұлт болып, ел болып қалыптасуы, мемлекет болып аталуы дәл осы Ұлытау атымен тығыз байланысты. Исі қазақ үшін Ұлытау ерліктің, елдіктің туын тіккен, тасына ғасырлар тарихы тұнған, бірлік пен бәтуаның мерейлі мекені болып табылады. Бұл өмірдің де, тарихтың да таразысына салынып, небір ғұламалар айтып, дәлелдеп кеткен шындық екені даусыз. Солай болған, солай болып келеді де. Әйтпесе, түп - түркі шап - шағын Арқа төсіндегі осы бір тауға аспанмен таласқан ақбасты Алатауы, қойнауы қазыналы Қаратауы, көрікті кербез Көкшетауы, әсем Алтай таулары бар қазекем ұлы деген есімді жайдан - жай Ұлытауға бере салмаса керек. Өзінің бітім болмысымен басқа тауларға ұқсамас өзгешелігімен дараланған әр тасы тарихтан тіл тартып, шежіреден сый шерткен шымыр таудың тұрқы да, тұлғасы өзге тауларға ұқсамайтын ғажайып қасиетімен ұлылығты үнсіз ұғындырып, еріксіз мойындатып тұрғандай.
Ұлытау жайлы сонау ерте, бағзы замандардағы көне тарихтарда да тайға таңба басқандай айқын да, нақты берілген. Тарихтың атасы аталатын Геродоттың жазбаларында «Тұран ойпатындағы тау» деп аталатын дала төсіндегі алып тау да осы Ұлытау болып саналады. Дүниені дүр сілкіндіріп, атының тұяғы бүкіл әлемді басып өткен Шыңғыс ханның сұрапыл жорықтарына да осы тау куә. Асан қайғының тамсанып, таңданып, ат сауырына бөктеріп алып кете алмай, қимаған жерұйығы Ұлытау болғанын бүгінгі ұрпақ мақтанышпен еске алады. Жошының ордасының керегесі де тау бөктеріндегі кең далада керіліпті. Алтын Орданың одан кейінгі билеушілері болған Тоқтамыс пен Едігенің де шабысып жүріп мәңгілікке табысқан мекені осы таудың төбесі.
Қазақ мемлекеттігінің негізін қалаған Керей мен Жәнібектің ордасы орнығып, туы желбіреп, Жарғысы бекіп, елді бірлікке бастаған мекен де осы Ұлытаудың етегі екенін тарих бізге дәлелдеп бергендей. Мемлекеттіктің барлық шарттарын ұстап, ордасын көтеріп, алыс - жақын елдерге қазақ атын жеткізген, білгізген жердің мәйегі де Ұлытау болғанын бүгінде біреу білсе, біреу білмес. Бірақ тау түбіндегі ат шаптырым жазықта Хан ордасының орыны сонадайдан көзге көрініп, көне тарихтың бүгінге жалғасқанын жария еткендей.
Ұрпақтар бірінің жолын бірі жалғайды. Бірақ ата - бабамыздың жері осылай керемет болып қала береді. Осындай әулиелі жерден қуат алған халқымыз ата - бабалар жолымен жүреді деп санаймын. Ол жол – сара жол, Мәңгілік Елдің жолы.
Ұлытау – құт - береке дарыған, бауыры байлыққа табиғаты тарихқа толы, ешбір ұлт пен ұлыстың ортағы жоқ қазақтың қасиетті қара шаңырағы. Бұл жер – ортақ қазан оттан түспей, елдің ырысы үзіліссіз қайнаған, халқымыздың киелі мекені. Жерінің үсті ғана емес, асты да қазына.
Ұлытаудың ғажайып қасиетті жер екенін, осы жерді тіршілігінде мекен еткен, өлгенде торқадай топырағын жамылып, ел бастаған даналарымыз, алыпты тапқан аналарымыздың, қол бастаған баһадүр батырларымыздың жатуының өзі - ақ дәлелдеп тұрғандай. Соларға салынған мыңдаған тарихи ескерткіштер тұр. Кешегі жаугершілік заманда ұлтымыздың саяси астанасы болған, жаудан қорғанар баспанасы, ашыққандардың тойынар асханасы болған жер. Тарыдай бытырап, сынаптай сырғанап, бөлек - бөлек көшіп - қонып жүрген ұлтымыздың ұйысқан жері де осы Көктөбе. Сөйтіп, белдеуден атымыз, белбеуден қаруымыз түспеген, алдымыздағы асымызды түзу ішкізбей, қара бұлттай қаптаған, Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаға ұшыратқан қалмақтарға қарсы алғашқы рет Бұланты өзенінің бойында күйрете соққы берген сарбаздар да осы жерден аттанған. Бұл соққы түпкілікті жеңісіміздің басы болғаны да белгілі.
Ұлытау – қазақ үшін Отан ұғымының шығар шыңы. Қазақ жерінің кіндігі болғандықтан, бүгінде аңызға айналған талай оқиғаның дені осы жерден өткен. Соның дәлеліндей, Ұлытауда Алаша, Жошы мен Тоқтамыс хандардың, Едіге ердің, өзге де тарихи тұлғалар жерленген. Еліне жайлы қоныс іздеген Асан қайғы да Жерұйығын осы жерден тапқан.
Елбасы ерекше қастерлейтін, барша қазақ қасиетті санайтын Әулиеатада халқымыздың жеті тарихи тұлғасы жерленген. Ол маңға Ақсақ Темірдің жорықтағы ордасы орналасқан.
Міне, Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың осындай қасиетті орында, қазақтың кең даласының ортасында еркін сұхбат беруі – халқымызды бірлікке шақыруы, Отан сүюге үндеу. Сонау 1992 жылы әлем қазақтарының бірінші Құрылтайына келгендер де осы Ұлытауға тағзым етіп еді. Бұл да жер бетіне тарыдай шашылған барша қазақтың түп қазығының осында екендігінің белгісі......

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?