Әдебиет | Ғабиден Мұстафин тіліндегі мақал мәтелдік қолданыстар мен нақыл сөздер

 Әдебиет | Ғабиден Мұстафин тіліндегі мақал мәтелдік қолданыстар мен нақыл сөздер

Бәрі де «Шығанақтан» басталды... 9 сыныпта оқып жүрген кезде, біз қазақ әдебиетінде Ғабиден Мұстафиннің өмірі мен шығармашылығымен таныстық. Оқулықта берілген «Шығанақтың» үзіндісін оқыдық. Шығарманы оқи отырып, автордың еңбек жолымен, шығармашылығымен жақынырақ таныссақ деген ой туды. Ғабиден Мұстафиннің шығармаларымен 11 сыныпта әлі де танысамыз, сол себепті шығармада кездесетін қазақ халқының халық ауыз әдебиетіне байланысты материал жинақтап, зерттеу жұмысын жүргізсек деген ой туды. Жұмысты бастамас бұрын алдымызға мақсат қойдық: жазушының шығармашылығымен танысып, шығармадағы суреттеу тілі мен сөз саптауын, сөз қолдану ерекшелігін зерттеу, таразылау.
Жобамыздан күтілетін нәтиже: осы жобадағы материал сөздік қорының алтын қазына екенін нақты дәлелдей отырып, мектеп мұғалімдері сабақ барысында қосымша материал ретінде пайдалануы. Зерттеудің мақсаты: Жазушының шығармашылық шеберлігіне терең бойлау, шығарма шырайын келтірер суреттеу тілі мен сөз саптауын, сөз қолдану ерекшелігін тану, таразылау.
Зерттеу барысы: Ғ. Мұстафиннің өмір жолы иірімдеріне мейілінше, үңілу; шығармаларымен жақын танысу, оқу, талдау.
Зерттеу әдісі: Қаламгер туындылармен тұрмыс – тіршілігімізге сай дәстүрлі ұғымдарды, әдебіміз бен әдетімізге, салтымыз бен қарапайым болмысымызға сай қолданылған мақал – мәтелдер мен нақыл сөздерді іздестіру, жинақтау және жүйелеу.
Зерттеудің жаңалығы: Жазушының халық ауыз әдебиеті қорына қосқан сүбелі үлесі, мақал – мәтелдерді зерделеу, оның мән – маңызын айқындау. Қолданылуы өрісін саралау.
Жұмыстың нәтижесі: Жазушы халықтың сөздік қорының байлығын танытып қана қоймайды, оны уақыт озған сайын құны артпаса алтын қазына екенін нақты дәлелдейді. Өйткені қазақтың мақал – мәтелдерінің айтары - өсиет, ұлағат, тәлім, парасат, ізгілік.
Қорытындылардың практикалық қолданылуы:
• Мақал – мәтелдер – тіліміздегі сөздің көркі;
• Күнделікті өмірде орынды қолдана білуі;
• Сол арқылы өз бойымызда патриоттық, азаматтық, еңбекқорлық қасиеттерің қалыптастыру Мұстафин Ғабиден (1902 - 1985) - қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының корреспондент мүшесі. Қазақстанның халық жазушысы, Абай атындағы Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
1. Өмір жолы. Ғабиден Мұстафин 1902 жылы қазіргі Қарағанды облысының Бұхар жырау ауданында ішер асқа зәрулігі жоқ күйлі отбасыңда туған.
1985 жылы 20 қаңтарда дүниеден кетті.
Уақыт аз болғандықтан өмірбаянына тоқталмай, біржолата зерттеу бөліміне көшейік.
2. Сондай себеппен 1916 жылы 14 жасар Ғабиден де Спасск зауытына барып, бір жыл орысша оқып, содан кейін орысша - қазақша мектептің 4 - сыныбына түседі де, оны 1918 жылы бітіріп шығады.
3. Одан ары оқуға мүмкіндігі болмаған ол 1918 — 1925 жылдарда ауылдағы кеңес жұмысына қатысады. ......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?