Биология | Үй өсімдіктері адам өмірінде

 Биология | Үй өсімдіктері адам өмірінде

Ғылыми жобаның мақсаты
Үй өсімдіктер түрлерімен танысу, теориялық білім алып қана қоймай олардың адам ағзасына тигізер әсерін зерттеу.

• Ғылыми жобаның міндеттері: Үй өсімдіктер туралы ақпарат жинау;
• Интернеттерден дерек көздерін қарастыру;
• Жинаған ақпаратты сараптау, нақтылау;
• Үй өсімдіктермен эксперименттік тәжірибе жұмыстарын жүргізу;
• Зерттеу жұмыстары арқылы жоспарланған нәтижеге жету;

Ғылыми жобаның өзектілігі
Қазіргі арпалыс уақытта адамдардың жүйке - жүйесі жұқарып, денсаулығы нашарлауына байланысты, олардың көңіл – күйін жақсарту факторларын зерттеп анықтау.

Ғылыми жобаның болжамы:
Егер “Үй өсімдіктер - адам өмірінде” туралы толық мағлұмат алып, эксперимент түрінде дәлел тапсам, онда алған білімді күнделікте қолданып, өз отбасына қажетті үй өсімдіктерді өсіре аламын
Күтілетін нәтиже:
• үй өсімдіктер түрлері туралы деректі көздер жинақталады
• интернеттен қажетті сайттарды анықтау, ақпаратты алу машығым артады.
• эксперименттік жұмыстар жүргізу қабілетім қалыптасады.
• сараптамалық, зерттеушілік мәдениетім дамиды

Қоршаған ортаның адамға тигізетін әсері орасан зор екендігі белгілі. Әсіресе өсімдік әлеміне қандай көзқараспен қарасаңыз, олда сізге солай «жауап» береді.
● Сіз кейбір адамдардың гүлдерге су құйған кезде олармен сөйлескенін көрдіңіз бе? Гүлдер де адамзат сияқты оларды жақсы көргенін сезеді. Адамның көңіл күйіне байланысты өсіп, жетіледі. Егер үй ішінде ұрыс - керіс, жан - жал, келеңсіз жағдайлар жиі болып тұрса, олар да өздігінен солып, сарғайып ауруға шалдығуы мүмкін.

Биохимия маманы, доцент Дина Балясова көп жылдар бойы адам мен өсімдіктердің қарам - қатынасы туралы зерттеулер жүргізген.

Гүлді құмырасымен біреу сыйға тартса, сіз ол адамға сол гүл үшін аз болса да ақы төлеуіңіз керек екен. Себебі, құмырадағы гүл «мені бағалады» деп «риза» болып, одан әрі жайқалып өсе түседі екен. Ал, өсімдіктерге дұрыс қарамаса, уақытында суарып тұрмаса «ренжіп», адам ағзасына зиянды улы химиялық заттар бөліп шығаратын көрінеді

Зерттеулер бойынша бөлме өсімдіктері адамға әр түрлі жақтан әсер етеді. Оның ішінде лалагүлі (лилия), қазтабан гүлі (гусиные лапки) ауаны ластанудың бірнеше түрінен, соның ішінде формальдегидтен тазартады.
Кейбір өсімдіктер өз қожайынын басқа бір адамнан қызғанатын көрінеді. Ол фикус

Ағылшын физиологы С. Мейсонның бөлмесінде көп жылдар бойы фикус өсіп тұрған. Ғалым үйленгеннен кейін оның әйелі сырқаттанып қалады. Сөйтсе, фикус өз қожайынын әйелінен қызғанып, химиялық қоспа заттар бөле бастаған, ол зат Мейсонның өзіне ешқандай әсер етпеген.
Ал бегония мен фикус гүлдері үйіңізге келген адамдардың жағымсыз пиғылдарын өз бойларына сіңіріп, сіздерге тек оң энергия жібереді.

Әрине, өсімдіктердің барлығы тек зиянды екен деуге болмайды. Мысалы, фиалка (шегіркүл) өз қожайынын жақсы көретіні соншалық, ол басқа жаққа сапарға кетсе, сағынады екен. Ертеде адамдар зығыр (лен) еккен кезде, жалаңаштанып егеді екен. Әйтпесе, мол өнім болмайды деп есептеген. «Көрдің бе, сен (зығыр) өнім бермесең, мен жалаңаш қаламын» деп айтады екен. Адамдар киімді зығырдан жасап, кигені белгілі ғой.
● Балалар бөлмесіне шегіргүлдерді (фиалка) орналастырсаңыз, олардың жеткіншектің өсіп - жетілу уақытындағы көңіл күйін бір қалыптылыққа бейімдейді.

● Ең жағымды гүлдердің бірі қазтамақ деп есептелінеді. Қазтамақ тұрған бөлмеде ұрыс - керіс те болмайды, ал бола қалған жағдайда өсімдік адамның жүйке жүйесіне әсер ететін зат бөле бастайды. Содан ұрысып қалғандар тез татуласып кетеді екен. Сондықтан болар, бұл гүлді бұрындары әр үй өсірген. Ал қазтамақ (герань) бірінші суармаса, кәдімгідей «ренжитін» көрінеді. Өзінің ренішін ол көпке дейін гүл ашпай тұру арқылы білдіреді.

● Ұсақ жапырақты бұрыштар мен хризантемалар отбасындағы, жұмыс орнындағы адамдардың бір - біріне деген жақсы қарым - қатынастың қалыптасуына әсер етеді.
● Бөлмеңізге гүл жапырақтарының жалпақ, домалақ тәріздес түрлерін көп өсіргеніңіз жөн. Олар сіздің үйіңізге табыс, ақша келуіне әсер етеді.

Мысалы кактусқа «түу, түрі құрсын, қандай сүйкімсіз» деп айтқан сәтте - ақ құрамында алкогольдік қоспалар бар улы зат бөліп шығарады екен. Бұл зат адамды ішімдікке итермелейтін көрінеді. Содан адам ішімдікке әуестеніп кететін кездері болғанын ғалымдар анықтаған.

● Кактус ауада жиналған радиацияны жақсы өзіне сіңіреді, сол себептен оны компьютер т. б. Электр құралдары бар бөлмеде өсіреді. Ауасы таза, аурасы жақсы бөлмеде кактус гүлдейді.
Қорытынды
Өсімдіктер көп өсірілген жерде сіз оңай тыныс алуға болатынын байқадыңыз ба? Олар өз бойларынан бізге оттегі шығарып қана қоймай, адам айналасындағы қоршаған ортаның биоаумағын тазартады. Үй ішінде әдемі өсімдіктер көп болса, сіздің көңіл күйіңіз әрқашан жадыраңқы жүреді.
Гүлдің қасында 15 минуттай отырсаңыз да жеткілікті. Сіз өзіңіздің жаңа күш жинап, демалғаныңызды сезесіз. Өйткені өсімдік эфир майларын бөліп шығарады. Сіздің ағзаңыздағы зат алмасу процесі ұлғая түседі.
ҰСЫНЫС
1. Әр сыныпта “Өсімдік әлемі” бұрышын құру
2. Сыныптар арасында ең әдемі гүлденген кабинет сайысын өткізу
3. Жоғары сынып оқушылары мектеп ішінде “Экологиялық бұрышын” құру.
4. Мектеп айналасына тал ағаштар, гүлдер егу.....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?