Лагердің ашылуына бағдарлама


 

«Балдәурен» мектепішілік мектеп жанындағы  жазғы демалыс лагерінің ашылуына  арналған

 «Жазды қуанышқа толтырайық»   тақырыбындағы салтанатты жиын.

Мақсаты:  Балалардың жазғы демалысын тиімді пайдалану,денсаулықтарын нығайтуға және шынықтыра білуге үйрету.

Жүргізуші: 

Қайырлы таң,қадірменді ұстаздар,ата- аналар,бүлдіршін балалар! ............атындағы  орта  мектебі  жанынан  ашылғалы  отырған «Сәлем, лагерь» тақырыбындағы жазғы мектепішілік «Балдәурен» лагерінің ашылуына арналған салтанатты  жиынымызды тамашалауға қош келдіңіздер! 

Қазақстан тәуелсіз ел екенбіз, 

Жоғалмасын ешқашан берекеміз.

Шын ниетпен сендерді құттықтаймыз,

Құтты болсын,балалар мерекеміз! 

 

Жүргізуші :Жиын! Сап түзе! Тік тұр! «Балдәурен» жазғы   лагерінің  ашылу  салтанатына  орай  ҚР  Мемлекеттік  Әнұран орындалсын!

(Әнұран орындалады.)


-: «Балдәурен» лагерінің ашылуына құттықтау сөзі:

1 Мектеп директоры- .................. беріледі

  1. Қонақтар-
  2. Ата-аналар кеңесінің төрағасы- .....................

Топ  басшы  хабарлама  беруге дайындал!
( топтың аты, ұраны,)

1.Топтың аты: «Балдәурен» тобы.  Жетекшісі ............................

Топтың ұраны:

Рапорт

Аға  тәлімгер,  «Балдәурен»  жазғы  лагерінің ашылу салтанатына  ..................... атындағы орта  мектебінің  «Балдәурен»» тобы  дайын.  Хабарлама беруші ——————————

2.Топтың аты: «Шағала» тобы.  Жетекшісі ..............................

Топтың ұраны:

Рапорт

3.Топтың аты: «Балапан» тобы.  Жетекшісі .......................

Топтың ұраны:

Рапорт

4.Топтың аты: «Гүлдер» тобы.  ........................

Топтың ұраны:

Рапорт

5.Топтың аты: «Балдәурен» тобы.  ...............................бекқызы

Топтың ұраны:

Рапорт

Аға тәлімгер: Лагерь сап түзел! Тік тұр!
Аға тәлімгер: Хабарлама қабылданды.Еркін тұр!
Аға тә лімгер: Еркін тұрындар!

Жүргізуші: Асқақ арман жетелеп ақ таңдарға,

Жас өнерім өнерден бақ табар ма?

Руханияты елімнің сарқылмасын,

Ұялатар ұлағатын санаңа!

Өмір- өнер, өнер-өмір мектебі ме,

Сәуле төккен жас ұрпақ зердесіне?!

Құшағында лагердің тербелеміз,

Рухани шуақты өмір бесігінде.

Ұлттық өнеріміз бен мәдениетімізді құрметтеп, «Бұлақ көрсең, көзін аш» демекші жазғы  лагерде  балалардың рухани дүниесін кеңейтіп, таланттарын шыңдап, өнермен қанаттанып қайтуына барынша күш саламыз деп уәде береміз.

Таудай асқақ бойы бар,

Бойына сай ойы бар.

Қызметі де кем емес,

Тәртіпке салар бәрін тез!- демекші «Балдәурен» жазғы лагерінің ашылуына орай  құттықтау сөз кезегін  ата-аналар кеңесінің төрағасы Багиров Мамед ағайға   беріледі.

Қабыл алшы өнерлерін баланың,
Тілектері орындалсын ананың.
Кешегі өткен арамыздан жыр төгіп,
Өздеріңсің жалғастырар бабамның.
 

Біз өнерсіз баламыз ба?!
Көрсін аға апалар
Көрсін әке, анамызда
Ырза болсын балалар

 

Мереке бүгін, береке бүгін
Қуанып, шалқып тасыған
От боп жүр жастар,
Шоқ боп жүр жастар


Көңіл жоқ шешек атпаған – дей келе   мектебіміздің өнерпазы Ұлданайдың орындауында       «Маған  ұқсайды »  әнімен қарсы алыңыздар!

 Бүгінгі еліміздің қырмызымыз, 

Арайлы болашақтың ұл қызымыз.

 Арасын жер мен көктің жалғайтұғын

Қанаты жарқыраған жұлдызымыз. 

Би билейік қосылып,

Сәбилердің бұл күні
Мақтап кетсін осы жұрт
Балалар деп үлгілі

 

Жамандықтан сақтандырып,
Жақсы ісімді мақтан қылып.
Мәпелеген ақ мамамды,
Жүрсем деймін мақтандырып.

Қымбатты балалар! « Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала болар ма? »-деп ұлы ақын А.Құнанбаев айтқандай біз сіздерге  өзіміздің «Балдәурен »  лагерімізде  ойнап,  ән салып, би  билеп, білімдеріңді  шыңдап,  жақсы  дем алуларыңызға тілектеспіз!

Лагерь-біз үшін рухани демалыс орталығына айналып, жас ұрпағымызды өнерге, адал достыққа  үндей  берсін,- демекпіз.

Лагерь сап түзеп! Тік тұр!

Осымен «Балдәурен»  жазғы  лагерінің  ашылу салтанатына арналған «Сәлем, лагерь!»  атты жиынымыз да аяқталды.

келесі  бір көрікті кешінде кездескенше!

Қош, сау болыңыздар!

 

 

 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу