Бастауышпен қоштасу сценарий


Музыка ойнап тұрады. (Күй немесе әдемі оқушыларға тән әннің әуені)

: Салем ауа райы қандай тамаша иә?!

:Иә Мирас ,

: Ал, сен неге көңілсізсің?

: Жүрегім қобалжып біртүрлі болып тұрғаным Есіңде ме осыдан дәл 6 жыл бұрын біз де Гүлбаршын мұғалімнен білім алып, 4сыныппен қоштасып жоғарғы сыныпқа қимай –қимай аттанып едик қой

: Иә уақыт деген зымырап өте шығады екен әне міне дегенше біз де мектепті бітіріп жан-жаққа тарап кетеміз ғой

:Иәәә , Ой ойға шомып тұрып кешігіп қала жаздадық қой ! Жүр тез бізді мұғалім тосып қалған шығар

: сен жүргізуші боласын ал,мен барлық музыкаға жауаптымын келістік пе?

:Иә келістік!

: Кеттік онда Тезірек барып концертті бастайық!

Музыка ойнайды

1.:

Бұл салтанат қуаныш баршамызға,

Мұндай күй болған сірә қаншаңызда.

Қол соғып, қошеметтеп шақырайық,

4 «А» сыныбын ортамызға.

(Оқушылар ортаға шығады)

2. Вальс

3.Сапқа тұру

4.Мұғалім: Бүгін міне жақсы күн жарқыраған,

Көңілдер қуаныштан сарқыраған.

Қоштасатын күн келді бастауышпен,

Қиындау болып тұр-ау бүгін маған.

Кеше ғана алдыма келген еді,

Именіп ұлы ұяға енген еді.

4 жыл бойы сусындап біліммен,

Ұшатын қанат қағып келді кезі.

Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп мектеп табалдырығын қуана аттаған ұл-қыздарымыз ойлары толып, бойлары өсіп бастауыш сатысымен қоштасқалы отыр.

Олай болса 4 «» сыныбының «Бастауышым балбұлағым» атты бастауышпен қоштасу салтанатына қош келдіңіздер.

Мен үшін бәрің бірдей қарақтарым,

Орындалсын арман тілек талаптарың.

Ақ парақтай келдіңдер сәби болып,

Ұғындым, әрбіріңді парақтадым.

Өткіздік талай күнді, талай айды,

Уақыт сырғып артқа қарамайды.

4 жыл бойы сендермен бірге болдым,

Өткіздік талай қызық, талай жайды.

Ірге тасын қаладым, білім бердім,

Саналы ұл-қыздарым бүгін менің.

Ортада тұрған осы шәкірттердің,

Көрейік тамашалап өнерлерін.

5

Армысыздар жас достар

Болашаққа жол бастар

Білім деген ғажаптың

Келешегі қазақтың

Басталады сендерден

Қоштасу тойын бастайық

Ән мен биге басайық

Өнерімізді көрсетіп,

Құрметіне бұл тойдың

Ән мен шашу шашайық!

6. Ән: Мерекем Қабыл алыныздар! Орындайтын:

7. Сапқа тұру

8.

(Анашымды оырғызып жаныңа,

Той берейін салып алақаныма.

Тек әкелер сендер ғана ылайықсың,

Хан сарайы, патша тағына

–деп жырлағандай қазіргі орындалатын ән әкелерге арналады

9. Әкесінің ерке қызы қарсы алыңыздар!

10. Кім сендерді балалар , сүйетұғын

Қуанышыңа қуанып ,қайғына күйетұғын?

Түн ұйқысын төрт бөліп,кірпік қақпай,

Шешең байңұс дамылсыз жүретұғын.

11. Алдарыңызда Әке- ана әнімен қарсы алыңыздар!

12.Ұшырса да бұл өмірдің сан құсын

Ұстаз-ғалым толастамас мәңгі ісін

Тыншымайтын асыл жандар аяулы

Тыңдаңыздар шәкірттердің алғысын

13.

Бала шақ болашақты жырлатып

Шәкірттерге қымбатты!ой түзеткен сымбатты

Күн нұрындай сәуле құйған көңілге

Армысыздар,ұстаздарым қымбатты!

(Ұстаздарға арнау)

14. :

Ізбасарым кейінгі

Боласындар өздерің

Ойын алға жетелер

Келді міне кездерің- демекші мына біздердің ізімізді қуып , кқңілді тапқырлар клубында енді ғана жапырақ жайып келе жатқан жас өнерпаздарымызды қарсы алайық!

15.Флешмоб

16. Көрініс

17. минятюра''Айран ''

'' Құрбылардың әңгімесі''

''Тілші мен әнші ''

18. Мектеп туралы тақпақтар

19.Қарсы алыңыздар ''Мектеп''әнімен

20.Бастауышпен қоштасу (тақпақтар)

21. хормен: Рахмет саған бастауыш

Сенімдерді ақтаймыз

22.Би: Мама

23.Диалог:

-Қыздар уақыт зымырап өтіп барады иә,

--Иә енді біз кішкентай емеспіз

-Бастауышта барі қызық

Мен мұғалімімді сағынамын гой

Мұғалім: Иә балалар міне өздерің сезіп тұрғандай уақытта зыр ете қалды , енді сендердің еркеліктерің басылып, естерің кіріп үлкен жолға аттанғалы тұрсыңдар! Мен сендердің болашақтарыңнан үлкен үміт күтемін ! Сондықтан сабақтарыңды жақсы оқып көптеген жетістіктерге жетіп, менің мерейімді үстем ете біліңдер!- деген тілекпен Алдарыңдағы көпірден ешқашан сүрінбей мақсатқа жетулерің үшін Ақ жол тоседім !

Алла жар болып аман есен жүріп, ата аналарыңды қуантыңдар!

орындауында Ұстазым әні

: Кешіміздің құттықтау сөз кезегін :

Мектебіміздің директоры

Оқу ісінің меңгерушісі:

Тәрбие ісінің меңгерушісі : беріледі



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу