ЖАҢА ФОРМАТТА бастауышпен қоштасу
Тақырыбы: «Қош бол, балалық көктемім!»
Мақсаты: Білім негізі бастауыштан қаланатын оқушылық өмірдің бастапқы баспалдағын аяқтаған бүлдіршіндердің аяулы ұстазымен қоштасу рәсімін жасау. Бастауыш мектептен алған білімдерін, өнерлерін байқату, ортаға салу. Ұстаз еңбегін бағалай білуге, жан-жақты білім алуға, саналы азамат болуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Ұстаз, мектеп,шарлар, Отан туралы даналық сөздер жазылған плакаттар;
Балалар қолөнерлерінің көрмесі, қабырға газеті, буклеттер, шарлар, гүлдер.
Барысы: Көңілді әуен ойналып тұрады.
- Психологиялық ахуал
- Сәлемдесу
- Аукцион ойыны (мектеп, кітап, ұстаз, достар, қалам)
- Сұрақ-жауап ойыны (білімдерін тексеру)
- Вальс
- Ғажайып аквариум (оқу шапшаңдықтарын тексеру)
- Бір ауыз сөз (ата-анамен ойын)
8.Флешмоб (Алға Қазақстан! әні)
ҚР-ның Әнұраны орындалады.
1 жүргізуші: Бүгін бізге қуанышты және өте қимастықпен білім нәрімен сусындатып 42 әріпті танытқан алғашқы ұстазымызбен қоштасатын күн де келген сияқты.Кеше ғана мектеп табалдырығын имене аттаған едік. Бүгін бастауыш сыныпты аяқтап,орта буынға көшкелі отырмыз.Осынау қимаста қуанышты сәтте бізбен бірге болғандарыңызға қуаныштымыз.
2 жүргізуші: Ия, -------------- дұрыс айтасың. Алғашқы ұстаз! Мектеп табалдырығын алғаш аттаған баланы жылы жүзбен қарсы алады.Қолынан жетектеп алып партаға отырғызды.
1 жүргізуші: Достар естеріңе түсіріңдерші.Біз ұстаз- ананың көмегімен қағазға алғашқы әріптерді түсірдік, сан санауға үйрендік.Ол бізге қаламсапты қалай ұстау керек екенін көрсетті.Әріптерден құрастырып жеке сөздерді, онан әрі тұтас сөйлемдерді оқуға машықтандырды. Біз оның көмегімен қарым-қатынас жасау ережелерін игердік. Тіпті, дұрыс амандасып, дұрыс қоштасуды да үйрендік.
2 жүргізуші: Дұрыс айтасың, Мәди.Шынында ұстаз- ана таңқаларлық төзімділікпен бізді жан-жақты үйретті.Әр оқушының қасына келіп, қарындашты қалай ұстау керектігін көрсетті.Содан кейін түсініксіз сөздерді зор ынта қойып ұғындырды.
Оқушы : Ұстаз өзі байқамастан, асқан ерлік жасады.Кенет, біздің алдымызға жаңа, бұрын-соңды естіп, көз көрмеген әлемді жайып салды.Одан біз тап сол кезде Қазақстандай үлкен тәуелсіз мемлекет бар екендігін естідік.
Оқушы: Әлемде ғаламат үлкен теңіздер бар екенін, ол теңіздерде таудай кемелер жүретінін білдік.Кәдімгі базардан әкелетін жермайды жер астынан өндіріп алатынына да көз жеткіздік.
1 жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен ата-аналар жиналған болса , ертеңгілігімізді бастайық.Біздікі не тұрыс?
2 жүргізуші:Дұрыс айтасыңдар, бастайық 4 жыл тынығуды білмей тыным таппаған ,Ұстазымызда бір дем алып біздің өнерлерімізді тамашаласын.
1 жүгізуші: Бастауышымызбен қоштасу сәтін кереметтей өткізейік. Жарайды, олай болса, бастайық. Барлығы бірге тұрып сәлем береді.
1 Сәлемдесу:
Ұлдар:Ассалаумағалейкум, ағайындар!
Қыздар:Армысыздар, аяулы ұстаздар, ақ жаулықты аналар, ардақты әкелер!
Барлығы:Қош келіпсіздер, құрметті қонақтар!
Шашу (Аата-аналар шашу шашады)
Бәрі қосылып бірге:
Мектеп үйім, ұстаздарым, ата-анам.
Сенен өсіп,сенен ғана нәр алам.
Саяң ыстық сен мәуелі бәйтерек.
Тамырланып сан тарапқа тараған.
1- жүргізуші:
Алтын ұя мектептен атамыз да, әжеміз де, әкемізде, анамыз да тәлім алған.
Хор : Аяулы мектебім
2. Аукцион ойыны
2- жүргізуші:
Ернұр, біз мектепте білім ала отырып, мектеп, ұстаз, әке, ана, дос, Отан жайлы ұғымдарды санамызға сіңіріп өстік. Егер әр оқушының жүрегінде ізгілік сәулесі болса, ол - мұғалімнің еңбегі.
1- жүргізуші:
Дұрыс айтасың,--------------! Сол нұрды жеткіншектің жүрегіне сіңіру үшін қаншама тер төкті десейші! Дүниеде адамды тәрбиелеп, азамат атандырғаннан артық абырой мен құрмет жоқ шығар, сірә!
5 оқушы шығады:
Ұ – ұлағатты Балғындарға баянды,
Сырын төккен ұстазым!
С – салмақты Шәкіртіне аяулы,
Нұрын төккен ұстазым!
Т – танымал Есейіп ертең кетсең де,
Шәкіртпін ұстаз алдында.
А – ардақты Білім – ойдың сұлуын
Асу еткен ұстазым.
З – зиялы Жүрегінің жылуын
Шашу еткен ұстазым.
3. Сұрақ жауап ойыны
1-жүргізуші: Алған білімдерімізді саралап көрейік!(балалар ұяшықтарды таңдап, сұрақтарға жауап береді)
Оқушы : Бала десе елеңдеп, шын жүрегімен шәкіртінің озғанын тілеп қамқоршы болған Аяулы Ұстаз!
Оқушы:
Сары үрпек балапандай жапырласып,алғаш біз мектеп келдік.
Күлімдеп өзің сонда қарсы алғансыз Ұстаз!
Еппенен әр жүректің кілтін тауып, мейіріммен баурап алдың өзің Ұстаз!
4. Вальс
Оқушы: Мәпелеуден жалықпадыңыз! Бұзық болған сәттерде жөнге салдың!Болашағын ойладың әр баланың, шаршамаған, талмаған Қымбатты Ұстаз!
Оқушы: Нүр жүзіңіз күлімдеп,Сізді теңерімді білмеймін кімгі?неге?Азамат болдық, ақыл кірді . Есейіп тұрмыз.Білім алдық.Сіздің теккен тер тұлға етіп қаыптастырдыңыз! Рахмет саған Ұстаз!
Ән: Сыныптастар, армандастар
5 Ғажайып аквариум әдісі: (банка, баклажкадағы сөздерді оқып сөйлем құрайды)
2 жүргізуші: Біз ең алғаш мектеп табалдырығын аттаған сәтімізде даярлық сыныбына келдік.Сол кезде басымыздан сипап қалам ұстатып, партаға түзу отыру мен жүріс тұрысымызды үйреткен ---------------- апайға басымызды иеміз.Апай жүз жасаңыз тағы көптеген шәкірттер шығара беріңіз.
Оқушылар ортаға шығады:
1 оқушы: Мектеп сенсің – адалдықты үйреткен Мектеп сенсің – жамандықтан жиренткен
2 оқушы:Мектеп сенсің – жақсылықты ұран ғып Мектеп сенсің – мені жұртқа сыйлы еткен
3 оушыМектеп деген – білім кені, жер кені Мектеп деген – ғылымның ең үлкені
4 оқушы Мектеп деген – тәрбиешіге адамға Мектеп деген – даналардың мекені
Ән: «Ұстазым,менің ұстазым»
1-жүргізуші: : Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген біздің ата-анамыз. Қатарымыздың теңі болып, тамағымыз тоқ, көйлегіміздің көк болып жүруі де сол кісілердің арқасы .Хормен:
Аман болсын,аяулы анамыз,
Асқар таудай әкеміз!
Ата-анаға мың да бір рахмет
6. Бір ауыз сөз........ (ата аналармен ойын)
2-жүргізуші:
4-жыл білім беріп, алғаш білім ұясын жүрексіне аттаған кезімізде. құшақ жая қарсы алып, әрбір қателігімізді кешіре білген,жүзі жылы, құшағы кең , ойлылық пен парасаттылыққа жетелеген.әрбір балдырғанды тура жолды таңдай білсе ,бақытым сол деп қуанған –ұстазым, жанашырым -----------------апайды қошаметтеп ортаға шақырамыз.
2-оқушы шығып бір құшақ гүл беріп ортаға алып шығады.
Ұстаз сөзі:
Құрметті ұстаздар, ата-аналар, алғаш мектеп табалдырығын осыдан
4 жыл бұрын жүрексіне аттаған бүлдіршін балаларым!
Міне 4 жыл кеше ғана сияқты еді.Осы 4 жылда бойларың өсіп, ойларың толып білім деген кеменің жел қайығына еріп кетіп бара жатырсыңдар.Сендерге тілерім әрдайым ақылмен іс істеп, сабақтарыңды жақсы оқып, орта буындада мені ұятқа қалдырмай, әдепті, ұстамды болыңдар! Айта берсем әрқайсысыңның мен үшін орның бөлек.Әр ұл мен қыздың есте қаларлық сәттері де болды. Мен сендерді ешқашан ұмытпаймын. Сендерге сәттілік тілеймін!
Хормен:
Берген білім. Ерен күш.
Ұстазыма мың алғыс!
1-жүргізуші:
Осымен «Бастауышым - балбұлағым» атты кешіміз аяқталды. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін шексіз алғысымызды білдіреміз.
7.Флешмоб
Құттықтау сөз: мектеп басшыларына,ата- аналарға
Марапаттау: винетка, грамоталар,сыйлықтар
Үлгі ата анаға Алғыс хат берем десеңіз
ҚҰРМЕТТІ АТА- АНА!!!
Сіздерге мектеп ішіндегі қоғамдық жұмыстарға
белсене қатысқандарыңызға және
балаңызға ұлағатты тәрбие мен үлгілі өнеге
көрсеткендеріңіз үшін шексіз алғысымызды білдіреміз
Мектеп директоры:
Сынып жетекшісі:
«Сыныптастар, құрдастар»
( Армандастар әнінің әуенімен)
1.Бүгін міне бастауышпен қоштасамыз
Ұстаздар-ау жақсы істі қоштасаңыз
Үлкен сынып балалармен достасамыз,
Сыныптастар, құрдастар.
Қайырмасы:
Бір дәуірдің мөлдіреген аспаны едік.
Бәріміз де өмір жолын бастап едік.
Білімменен алға, білімменен алға.
Ұмтылайық, ұмтылайық біз достар
2.Білімменен көрсетелік біздер қызмет
Білім берген ұстазыма көп-көп рахмет.
Көрсетпесін өмір өзен еш тауқымет.
Балалық босағада қалды тұрып.
Сыныптастар, құрдастар.
3.Толқындай жатқан жаңа жағаны ұрып,
Ойыны балалардың қалды тынып,
Қоштасып сеніменен ақырғы рет,
Балалық босағада қалды тұрып.
Сыныптастар, құрдастар
- Психологиялық ахуал
- Сәлемдесу
- Аукцион ойыны (мектеп, кітап, ұстаз, достар, қалам суреттер көрсетіледі экраннан, оқушылар параққа сол суреттерге сөйлем құрап жазады немесе жарнама жазады )
- Сұрақ-жауап ойыны (білімдерін тексеру, ұяшықтарды таңдау арқылы )
- Вальс
- Ғажайып аквариум ( банка, баклажкадағы сөздерді оқу шапшаңдықтарын тексеру)
- Бір ауыз сөз (ата-анамен ойын)
8.Флешмоб (Алға Қазақстан! әні) мұғалім бірге билейсіз
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?