Бастауыш сыныппен қоштасу кешінің сценарийі
☺
(Бастауыш сыныппен қоштасу кешінің сценарийі)
БАСТАУЫШЫМ БАЛБҰЛАҒЫМ (Бастауыш сыныппен қоштасу кешінің, сценарийі) Мақсаты:
1.Білімнің сара жолы бастауышта басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қалатынына көз жеткізу. 2. Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру, әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт-сапар тілеу. Білім берер ордасы – мектепті ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру.
3.Өз Отанының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.
ФАНФАРЫ ойнайдыМұғалімнің кіріспе сөзі: Қош келіпсіздер, құрметті ата-аналар, қымбатты әріптестер, қадірлі қонақтар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн, оның ерекшелігі сол – 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кіпкішкентай балғындар еді. Енді, міне, бойлары да, ойлары да өсіп, бастауыш білім сатысынан орта буынға ұшқалы отыр. Бесіктегі баланың, күлгенін көрген бір мұрат. Алдына түсіп ананың, жүргенін көрген бір мұрат, - дегендей, бұл да бір қуанышты күн. Мұғалімнің сөзі: Армандасаң да, қиялдасаң да балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Міне бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып бір жылға тағы да есейгелі отыр. Ендеше қызықты да, ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата-аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын. Ендеше осы шәкірттерімізді ортаға шақырайық. Музыка әуенімен оқушылар ортаға шығады
Мұғалім: Той бүгін -кең сарайда шалқып тасқан Той бүгін- жұрт жиналып шашу шашқан, Той бүгін- шат өмірді күйге бөлеп, Би билеп, асқақтатып әнге қосқан. Бұл тойда жан табылмас тасымаған, Ақ сәуле әрбір тұстан шашыраған, Жұпарлы гүлге оранған осы тойдың Иелері- Аяулы шәкірттерім- ұл-қыздарым! 1-оқушы: Армысыздар, ұстаздармен оқушылар, ата-аналар мен ақ жаулықты апалар! 2-оқушы: Бүгінгі «Бастауышым балбұлағым» ертеңгілігіне қош келіпсіздер. Әр жанұяға береке, бірлік, табыс тілей отырып тойымызды бастауға рұқсат етіңіздер. 1-оқушы:
Армысыздар, мұғалімдер - әз жандар Білім іздеп инемен құдық қазғандар. Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді Би билеп, ән де бүгін шырқалар. 2-оқушы:
Қош келдіңіздер ақ жаулықты аналар, Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар Алдарыңда жауқазындай құлпырған Біз алаңсыз балғын шақты балдырған. 3-оқушы:
Қоштасу тойын бастайық, Ән мен биге басайық. Өнерімізді көрсетіп, Құрметіне бұл тойдың. Ән мен шашу шашайық. Ән: 4-оқушы:
Жиналыппыз сәтті күні бәріміз де, Үлкен, кіші жасымыз, кәріміз де. Төрлетіңіз қадірменді конақтар, Гүл-гүл жайнап, бүгінгі сәніңізбен. Шаттанамын мен бүгін шаттанамын, Ғылым сырын түсіндім, мақтанамын. Осы сырды үйреткен бастауышым, Түстей болып, міне бүгін артта қалдың. 5-оқушы:
Білімнің қайнар бұлағы. Өнердің жарық шырағы. Тұрағы өзің, мектебім. Мектебімде шырқалмаған жыр бар ма? Мектебімде айтылмаған сыр бар ма? Мектебімде алаулаған жас жалын. Кетер мәңгі сөнбей талай жылдарға. 6-оқушы:
Өтті оқу, сан сабақ, Бүгін үлкен салтанат. Оқулықпен достасып, Бастауышпен қоштаспақ 7-оқушы:
Қош бол, құтты Бастауыш! Алғыстарым көп менің. Ақыл - білім, тәрбиең, Ой-санама еккенің. 8-оқушы:
Есігіңді ашқан балаңа, Құшақ жайдың мектебім сен қуана. Сол бір сәтті мәңгі ұмыта алам ба, Сенен артық дүниені таба алам ба? Мектебім – мәңгі бапкерім Қарызбыз саған бәріміз Өзіңе деген парызды, Ақтаймыз талай әлі біз. 9-оқушы:
Білім деген байлық бар, Еш байлық оған жетпейді. Жасыңда оқып, жиып ал. Тепкілесең кетпейді. Өртіңе де күймейді, Ұрылар да тимейді Жатып ішер жамбастап, Жалқауды ол сүймейді Мұғалім:
Айдында аққудай сылаңдаған Біреулер күй, біреулер жыр арнаған Шықсын енді ортаға биші қыздар Тал шыбықтай иіліп мың бұралған. Би: 10-оқушы:
Әріптерді үйретіп, Жақын болған кім бізге? Жамандықтан жиреніп, Ақын болған кім бізге? Десек, ол жан - мұғалім Қапастағы елдердің Мұңын айтқан кім бізге? Көрікті сан жерлердің, Сырын айтқан кім бізге? Рахмет, саған мұғалім!
11-оқушы:
Отанның ұланын, Баулыған мұғалім. Өзіңсің ағытқан, Білімнің бұлағын. Мен сенің көктемің Нұрыңмен көктедім. Сол үшін өзіңе, Алғысым көп менің! 12-оқушы:
Анамдай сүйем мен, Шеберін ғылымның. Ұстаздан үйренем, Өнерін білімнің, Үйретіп іс сазын, Мың жаса ұстазым! 13-оқушы:
Сүйікті мұғалім, Бес алсам ұнадым, Екі алсам сынадың, Алдыңда әрқашан, Бас иіп тұрамын, Сүйікті мұғалім! Би: Оқушы: Құрметті ұстаздар, қонақтар келесі бөлім «Алғыс білдіру» деп аталады. Шексіз алғысымызды айта отырып, жеке құндылықтарыңызды бағалай әр түрлі номинацияларда Сіздерді дипломдармен марапаттаймыз. Оқушы:
Анамдай мейірімді құшақ ашып,Тұрасыз Маржан апай амандасып.Әр уақыт жылы сөзіңіз шабыт беріп,Барамыз болашаққа қадам басып.
«Қамқор және мейірімді» номинациясымен оқу ісінің меңгерушісі
Балхашева Маржан Абуғалиқызы марапатталады. Кемшілікті кезіндеКесіп айтар өзіңе.Өнеге мол өзінде,Өсиет көп сөзінде.Көңіліңнің хошын - ай,Көп шәкірттің досындай,Ақ ниетті кең пейілБіздің Асем апай осындай.«Тапқыр ұйымдастырушы» номинациясымен ұстаз - ұйымдастырушы
Мусаева Асем Иманғажықызы марапатталады. Читать и писать на руском Нас научила она Это наша царица Валентина Дмитриевнавна «Самая справедливая и обаятельная» номинациясымен орыс тілі пәнінің мұғалімі
Жуйкова Валентина Дмитриевна марапатталады.
*** *** ***
Әдемі ғой ән сабағы мектептің,
Жүректерге әсемдікті сепкен кім?
Бибигүл апай, бас иеміз сізге де,
Ән мен сазды талмай бізге үйреткен.
«Күміс көмей» номинациясымен ән-күй пәнінің мұғалімі
Уразымбетова Бибигүл Зулпухарқызы марапатталады. *** *** ***
Білімнің байыбына барып терең, Асель апай бастап еді әліппеден. Жаны асыл ұстазымызға мың бір алғыс, Бастаған тәрбиесін алып келеміз«Ардақты ұстаз» номинациясымен сынып жетекшіміз
Оразымбетова Асель Жұманқызы марапатталады. *** *** ***
Спорттан талай шәкірт даярлады,
Шәкіртіне бәрін берді, аямады, Әзілі бірге жүрер өзімен Серік ағай қашып кетсек аямады. «Тәні саудың, дені сау» номинациясымен дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
Иманбаев Серік Ерхатұлы марапатталады. *** *** ***
Адамға деген мейірімнің өзінен Бойыңыздан толған жылылық лебін сезінем. Ақ халатты, абзал жан Ляйля апай, Мың алғыс жолдап сізге тоқтамай
«Қадірлі емші» номинациясымен мектеп медбикесі
Мусанова Ляйля Байжанқызы марапатталады. Оқушы: «Шөлдеген адамға бір жұтым су берген адам жұмаққа барады» деген сөз бар. Мұғалім жеткіншек ұрпаққа берген мол білімі, тәлім-тәрбиесі, үлкен жүрегі, мейірімі, уыстап жұтқызған өмір шербеті - тіршілік зәмзәмі. Оқушы: Құрметті ұстаздар! Біздің бойымызға сіңірген ерен еңбектеріңізге оқушылар атынан мың бір алғысымызды білдіреміз. Ән: Біздің қуанышымыз бен жеңісімізге ортақ болған, бізбен бірге уайымдаған — ата - ана. Олар бізге дүниедегі ең жақын қадірлі адамдар. Құрметті ата - аналар, біз сіздерге алғысымызды білдіре отырып келесі өлең шумақтарын жолдаймыз.
1-оқушы: Ыстық - ау кім - кімге де әке деген,Суыққа шалындырмай, мәпелеген.Өмірдің соқпағымен өрге тартып,Алдымен адам бол деп жетелеген - дегендей әкенің орны бөлек ау.2-оқушы: Дүниеге әкелген, ол да сенің анашың,Ақ сүт беріп өсірген, ол да сенің анашың.Тіл алмасаң кешірген, ол да сенің анашың,Мәпелеген баласын, аман болсын анашым!3-оқушы: Әкешім тілеуімді тілеп жүрген,Аумайсың жарығы мол ашық күннен.Шаршайсың жұмыс істеп біздер үшін.Ақылды балаларың оны білген.4-оқушы: Кеудемнен сезім селі ақтарылсын,Болармын күні ертең - ақ мақтанышың.Білім алып, тер төгем, еңбек етем,Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін!5-оқушы: Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттымСәбиді әлдилеумен түн қаттың.Ақ сүтіңмен тал бойыма нәр бердіңКең құшағың, аясындай гүл бақтың.6-оқушы: Аман болсын, аяулы анамыз,Асқар таудай әкеміз!Ата - анаға мың да бір рахмет!Ән: «Анашым қартаймашы»
Мұғалім: Ата - аналар атынан сөз кезегі беріледі.(ата - аналардың ыстық лебіздері)
14-оқушы: Бастауышым - балбұлағым, Лаулап жансың шам-шырағың. Өзің берген біліміңмен. Самғап ұшты тау қыраның. 15-оқушы:
Өтті сенде қызық шағым. Бастауышым - балбұлағым. Қоштасар күн жетті міне, Қимастықпен қол бұлғаймыз! Қош бол, қош бол, бәрі Сүйікті бастауышым! Ән: Мұғалім: Ал енді 4 «А» сынып түлектерінің орындауында «Қоштасу» вальсін тамашалаңыздар. Мұғалім :
Бүгінгі кеш әр үйдің той басы деп саналар, Балалардың есімі әулеттерге таралар Ырым етіп сондықтан ертеңгілік соңында, Ақ тілекпен баршаға тілек айтар қонақтар- деп , келесі сөзді қонақтарымызға берейік. Мұғалім: Осымен «Бастауышым - балбұлағым» атты кешіміз аяқталды. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін шексіз алғысымызды білдіреміз. Мұғалім:Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда,Жол табар қараңғыда адасқанда .Мал озбас біле білсең білім озар,Ақыры керек болар бір сасқанда – деп Міржақып ақын айтпақшы , тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміздің ұйымдастыруымен өткізілгелі отырған « Қош бол, бастауыш» мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер!Қош келіпсіздер , құрметті ата – аналар, қымбатты әріптестер, оқушылар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр. Бесіктегі баланың,Күлгенін көрген - бір мұрат.Алдына түсіп ананың.Жүргенін көрген- бір мұрат – дегендей, бастауыш сыныпты бітіруші түлектерімізді ортаға шақырайық!Толқимыз , толқып тұрсыз баршаңыз да Мұндай күй болған сірә қаншаңызда Қол соғып, қошеметтеп шақырайық4- сыныптарды ортамызға!Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға келеді.Мұғалім: Сіздердің алдарыңызда тұрған 4- сынып оқушылары осыдан 4 жыл бұрын 6 жасар бала болса, бүгін міне , ес біліп, етек жиған шәкірт. Мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап»Әліппемен қоштасу», дәстүрлі Наурыз тойлары , «Әдепті бала» , «Әнші , биші балапан», «Кішкентай күз аруы», «Наурыз аруы», «Кішкентай жігіт сұлтаны»,Мәнерлеп оқу сайыстары мен әртүрлі тақырыпта ұйымдастырылған көрмелер,сыныпаралық спорттық жарыстар, ашық сабақтар мен тәрбие сағаттары балалардың есінде ұзақ сақталары сөзсіз.Армандасаң да , қиялдасаңда балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Міне , бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі отыр.Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған , білім нәрімен сусындатқан ,өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына,ата- аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын.Олай болса жүргізушілерімізді ортаға шақырайық! Есен : Бала шаққа болашақты жырлатып,Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты .Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,Армысыздар , ұстаздарым қымбатты!Гаухар: Армысыздар әжелер мен аналарҰрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабаларТұралбек: Армысыздар өр тұлғалы әкелер!Қыран құстай балапанын мәпелер.Бүгін міне бастауышпен қоштасады,Азамат боп , кешегі сәби- еркелер!Айнұр:Армысың сен , алтын ұя мектебім Саған айтар жыр- алғысым көп менің Жүректерге жаққан білім шырағын ,Мектебіме арналады бұл әнім!Есен : Дұрыс айтасың Айнұр ! Бұл мектептен қаншама адам тәлім алған десеңші.Менің атам да, әжем де , әкем де, анам да , енді мен де мектептен тәлім алудамын.Айнұр : Олай болса Есен алтын ұя мектебімізге арнапБота Бисенова апамыздың «Мектебім» әнін шырқайық!Ән: Мектебім.Слайд: «Мектептегі мерекелер»Тұралбек : Иә мектебімізге қандай жыр арнасаң да жарасады. Ендеше сыныптастарымыздың мектепке арнаған жырларын тыңдайық 1 оқушы : Мектеп деген білім кені , жыр кені,Мектеп деген ғылымның ең үлкені.Мектеп деген тәрбиеші адамға.Мектеп деген даналардың мекені.2 оқушы: Мектебім- білім берер алтын ұям.Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.Баулыған 4жыл бойы ата- анамдай.Әрқашан қасиетті атың маған.Арада өтсе дағы дүркіреп жыл ,Әр күні балалықтай бір жүрек бұл.Өзіңе борыштармын өмір бойы Есейген шәкіртіңнің серті деп біл. 3 оқушы:Армысың сен алтын ұя мектебім,Саған айтар жыр алғысым көп менің.Жүректерге жаққан білім шырағын,Мақтан етем сені мәңгі мектебім.4 оқушы:Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,Алтын ұя, ақ босаға киелі.Қанат қаққан білім алып өзіңнен,Күллі шәкірт саған басын иеді.5 оқушы:Мектебім , алтын ұям , нұрың жарық,Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,Тұрады құлағымда сыңғыр қағып. 6 оқушы: Мектеп – үйім , ұстазым менің – ата- анам,Сеннен өсіп, сеннен ғана нәр алам.Саяң ыстық , сен мәуелі бәйтерек.Тамырланып , сан тарапқа тараған.7 оқушы: Мектебім- сүйікті мектебім,Бауырыңда түлеймін , көктеймін.Сен – бұлақ, мен- қайың бүр ашқан,Өзіңнен нәр алып көктедім.8 оқушы: Мектеп – кеме , білім – теңіз,Барар жерге тез жетеміз.Төрт жыл алған білім нәрін ,Азық етіп ер жетеміз.Ән : «Үйретеді мектепте»Гаухар: « Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға»,-деп Абай атамыз айтқандай , алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып, 42 әріпті танытып , білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз- ұстаз екені бәрімізге мәлім. Балалардың ұстазға арнаған ән -жырларын айтпас бұрын, ұстаз туралы не айтар едің Айнұр?Айнұр :Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға , жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз. «Мұғалім – мектептің жүрегі» - деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.Тұралбек:Дұрыс айтасың Айнұр,ғылым иесі ғалым да , ел қорғаған батыр да , тілінен бал тамған ақын да , тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, көкті шарлаған ғарышкер де, бәрі- бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған.Есен : Иә ,бұл туралы батыр Бауыржан атамыз: «Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді»деген екен. Олай болса келесі жырларымызды ұстаздарымызға арнаймыз!9 оқушы:Алғашқы ұстазымыз анамызбен тең келеді,Бар асылын бізге жиып , мол береді.Қанатымен су себелеп асыл жан,Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді.10 оқушы:Тек үйреттің әділдікті , адалдықты,Жирендік , ажыраттық жамандықты.Жалғастырар ақ жолың сенің салған,Бар деп ұққын әрқашан балаң мықты.11 оқушы: Жарық күннен жылы жүзің елестер,Құлағымда өзің берген кеңестер.Жанарымда алыс тартқан қара жол, Көз жұмсам да көре тұғын белестер.12 оқушы:Қоңыр үнді даусың әсем таңдардай ,Ұстазымның жүзіндегі нұр қандай?Мейірлене қарап қойып біздерге,Күн астынан сабақ беріп тұрғандай13 оқушы: Ұстазым! Ұстазым өзің едің асқақ әнім,,Басталған ақ батаңнан жас талабым.Ұғындым ұлылықтың, даналықтың,Ұстаздың ұлағатынан басталарын.14 оқушы: Мұғалім ұстазысың балалардың,Болашақ ғалымдардың , даналардың .Өмірде сенің алар орыныңа ,Бірі де жеткізе алмас бағалардың.15 оқушы: Кеп- кешегі жабырқау қайда қалған,Шықпаушы едік бір елі айналаңнан.Мейірің ба , ұстаздық жүрегің бе?Жан дүниесін баланың жаулап алған.16 оқушы:Нұр құйған санасына зейіндінің.Нұрлы шам сәулесіндей мейірімің.Дарыттың адамдықты шәкіртіңе,Дамыттың дарын отын бейімдінің.17 оқушы:Алғашқы ұстаз, ерекше тұлға дара шың,Ұмытылмастай көңілде мәңгі қалатын.Сағына әркез суреттерді парақтап.Шәкірттерін жиі еске алатын.18 оқушы:Жаралған жақсы үмітпен мұраттардан ,Жансыз ғой әлдилеген шуақты арман.Жатталады жан жүректе есіміңіз,Адамның аяулы үні сияқтанған.19 оқушы:Шәкірттер сіздерді айтып мақтанамыз,Бейнеңіз жүректерде сақталады.Біз әлі биіктерден көрінеміз,Үміт пен сеніміңіз ақталады .Бәрі : Мың алғыс сізге біздей түлектерден,Мың алғысмына отты жүректерден!Ән:Б.Бисенова «Ұстазға мың тағзым» Есен: Иә осыдан 4 жыл бұрын , біз 6 жастағы сәби -балалар сөмкемізді зорға көтеріп,мектеп табалдырығын жасқана аттаған едік.Тұралбек: Енді міне сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш мектеппен қоштасып, орта буын қатарына қосылғалы тұрмыз.Айнұр: Иә, міне сағымдай өте шыққан 4жыл ішінде біздің ұстаз анамыз сауатты, тәрбиелі, өнегелі азамат етіп шығарды.Гаухар: Ендеше бастауыш сыныбымыз туралы неге айтпасқа !20оқушы : Жасқана кіріп жарық сыныпқа біз.Әр бетін Әліппенің күле ашқанбыз.Мұғалім сабақ өтіп жатқан кезде,Қайталап атымызды сұрасқанбыз.21 оқушы: Әр үйдің ерке өскен тентегі едік,Ақылға келе алмадық ерте көніп.Бойымыз бірте- бірте үйренісіп. Мектептің ережесін үйрендік кеп.22 оқушы: Өмірдегі жолымды бір өзіңнен бастадым,«А»әрпін алғаш сеннен бастадым.Ұстазым естен кетпес мәңгілікке,Мейіріммен жауырынымнан қаққаның.23 оқушы:Бірдей біздің ойымыз да , сырымыз,Бір мектептің ұлы менен қызымыз.Бірдей өстік оқуда да еңбекте,Күліп – ойнап біріміз бен біріміз.24 оқушы:Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма?Бастауышта айтылмаған сыр бар ма?Бастауышта алған білім, жырларым,Азық болар , мәңгі талай жылдарға.25 оқушы:Бастауышым- бал бұлағым ,Алдым сеннен балдың дәмін.Әріп танып, білім алып Рахметімді жаудырамын.26 оқушы : бастауышым- балбұлағымЛаулап жанған шам шырағым.Өзің берген біліміңмен,Самғап ұшар тау қыраның.27 оқушы :Өтті сенде қызық шағым,Бастауышым- бал бұлағым.Қоштасар күн жетті міне,Қимастықпен қол бұлғаймын.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?