балабақшамен қоштасуға арналған мерекелік ертеңгілігі
(«Ер Төстік»ортаңғы тобының балабақшамен
қоштасуға арналған мерекелік ертеңгілігі)
Дайындаған:
2021жыл
Мақсаты:
Балалардың балабқшада болған кездегі қызықты күндерін еске салу арқылы, осы жылдар ішінде жиған тәрбиесін, үйренген білімін ашып көрсету. Мерекелік көңіл – күй сыйлау.
Армысыздар, қонақтар, ата – ана, ұстаз!
Оқусыз еш өмірдің мәні болмас.
Бақшамыздан талпынып қанат қақты,
Бес жаста тәрбие алған әдепті жас.
Алдарыңда сан тарау, жолдары тұр,
Түлектерің жақсы оқушы болғалы тұр,
Мектеп – өмір есігін ашпақ, міне.
Келген қауым қол соғып қолда бүгін
1.
Қарапайым, алғыр, өнерлі сонымен қатар мың бұралған биші, жан-жақты аруларымыздың бірі.
2.
Өнерлі, тәртіпті, ұқыпты, қарапайым. Спорт, би дегенде алдына жан салмайтын ұлдарымыздың бірі.
3.
Ұқыпты,ақылды айтқанды тез ұғып алатын тобымыздағы нәзік қызымыздың бірі.
4.
Тәртіпті, ұқыпты, қарапайым. Спортты, биді өте жақсы көретін ұлдарымыздың бірі.
5..Алғыр көрікті, сымбатты,тақпақ жаттаудан алдына жан салмайтын пысық қызымыз.Болашағынан зор үміт күтетін кішкентай бүлдіршініміз.
6. Ақылды жан-жақты айтқанды тез ұғатын өте ұқыпты өнерлі ұлдарымыздың бірі.
7. Өте ақылды жан-жақты, жылдам қабылдағыш, әнші биші ару қызымыз.
8. Жайлы, тіл алғыш айтқанды тез ұғып алатын өнерлі де, ұяң қызымыз.
9. келген.Алғыр, тіл алғыш, ақылды, тапқыр, өнерлі, биші тобымыздағы ең белсенді, ағылшын тіліне бейім аруларымыздың бірі.
10. келген.Ақылды көрікті,инабатты тіл алғыш, мың бұралған биші ару қызымыз.
:
11..Жайлы, көрікті,инабатты тіл алғыш, спортқа икемді ару қызымыз.
12.. Тіл алғыш, қарапайым, ибалы, ұқыпты, тапқыр, өнерлі, қызымыздың бірі.
13. дүниеге келген. Жайлы тіл алғыш, достарының арасында өте, қарапайым ұлдарымыздың бірі.
14.
дүниеге келген. Өзі сондай ақылды, өнерлі, ән айтып, би билегенде алдына жан салмайтын тобымыздың ең кішкентай ару қызы.
15. келген.Ұқыпты, ақылды айтқанды тез ұғып алатын, өнерлі тобымыздағы нәзік қызы.
16.– дүниеге келген.Пысық, алғыр спортқа икемді, тіл алғыш ұлдарымыздың бірі.
17. Жайлы, ұқыпты, жылдам қабылдағыш,бигеде ынталы аруымыз.
18. .Өте пысық, алғыр, қазақ тілін жетік меңгерген, ақкөңіл достарының алдында беделді балдарымыздың бірі.
19. , көрікті, инабатты тіл алғыш, мың бұралған биші ару қызымыз.
20.– дүниеге келген.Тобымыздың намысы.Тақпақты тез жаттап алатын ұқыпты өз ісіне сенімді, аудандық сайыстарда топ жарып жүрген ұлымыз.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалсын!
Би: «Түлектер биі» вальс
Қымбатты ата – аналар,қонақтар, балабақша қызметкерлері қонақтар.Бүгін біздің бірнеше жыл мәпелеп, күтіп , тәрбиелеп өсірген бүлдіршіндерімізді мектеп табалдырығына шығарып салғалы отырмыз. Таяуда ғана алдымыздағы бүлдіршіндер осы өмірге тәй-тәй басып, ылдырлап келіп еді. Жақында ғана біздің балабақшаның есігін ашқан еді. Бірақ уақыт зымырап өтеді- балаларымыз өсіп қалды, Балабақшада сендер бір- бірімен достасып, бір топқа барып едіндер.
Ал, ертеннен бастап сендердің жолдары жан-жаққа бөлінеді.Бұлар көк байрағын желбіретіп, әнұранын асқақтататын еліміздің ертеңі мен келешегі. Бұлар ел бірлігін ойлайтын, өз Отанын қорғайтын біздің болашағымыз. Бүгінгі күн ұмтылмастай әрбір жүректе қалары сөзсіз.
Әрине бұл да үлкен той,
Екеуі бірге:Тойларыңыз құтты болсын!
Мектеп деген білім кені, жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені,
Мектеп деген тәрбиеші адамға,
Мектеп деген даналардың мекені, - дегендей түлектердің орындауында
Ән: «Біз мектепке барамыз»
Мектеп ана шақырады бізді алдан
Алдымызда әлі талай сан арман
Қоштассақта балабақшам сенімен
Санамызда өзің берген өнегең – деп қоштасқалы тұрған түлектеріміздің лебіздерін тыңдалық.
Тақпақтар:
Даяна :
Күтеді алдан Мектеп ана біздерді
Басамыз бізде аға-апа салған іздері
Қоштассақта әсем балабақшамен
Ұмытпаймыз апайларым сіздерді
Әмірхан:
Всем, кто рядом с нами был,
Нас воспитывал, растил,
Проявлял о нас заботу,
Делал разную работу.
Всем, кто каждую минуту
Беспокоился о нас –
Поклонимся мы сейчас!
Әйгерім:
Біздер үшін еңбек еткен шаршамай
Баршаңызға рахмет апайлар
Балабақша көркі болсын әрқашан
Кейінгі біздің бүлдіршін балғын балалар
Бейбарыс:
Біз бақытты баламыз,Жетіліп ой санамыз.Бақшамызбен қоштасып,
Мектепке кетіп барамыз.
К.Дильназ:
Балауса балабақшам балалықтың куәсі
Бар балаға мейіріміңмен нұр шашшы
Бейбіт өмір аясында балалар
Өткізсін бірге қуанышты әр күнде
Марғұлан:
Балабақша есігін бөбек болып ашқанбыз
Достарыммен бірге күліп шаттандым
Өтті талай қызық бал күндер
Ержетіп міне қоштасып сенен аттандым
Бота:
Үлкендердей тап- таза,
Жазамыз бормен тақтаға.
Үлгілі бала боламыз,
Жүретіндей мақтана.
Балалар, егер алдына өздеріңнің мақсаттарын қойсандар, барлық армандарын, тілектерін орындалады. Сол кезде бір ғажайып болады, сендер ғажайыпқа сенесіңдер ме? Менімше бір арманымыз орындауға жақын сияқты... (Әуен естіледі, залға Білім Ханшайымы кіреді)
Ханшайым: Мен бәрібір мектепке барамын. Мына алтын керек жоқ маған, мен оқығым келеді. (Айналасына таңырқай қарап)Қанша бала, қанша халық! Сәлеметсіңдер ме, құрметті қонақтар!
- Ханшайым сен бізге қайдан келдің?
Ханшайым:Ертегілер әлемінен.
- Сен кіммен келдің?
Ханшайым:Ханмен
Музыка әуенімен Хан кіреді.
Хан:Мектепте білім алу қиын жұмыс.
Хан тақсыр мектепте бәрін үйретеді.
Біздің балалар мектепке дайын.Тапсырмаларды орындау қиын емес. Аздап ойлансаң,жауабы дайын. Қазір мен логикалық жұмбақтар оқимын. Ал, сіз балалардың жауабын тыңдаңыз.
Жұмбақтар
1.Төрт баланың неше қолы бар?
2.Көгалда 5 қоян отыр.Аңшы атқанда олар қашып кетті.Көгалда неше қоян қалды?
3.Қақпаның арғы жағында 4 құлақ көрініп тұр.Неше мысық тығылған?
4.2 аюдың неше аяғы бар?
5.1 қоянның құлағы нешеу?
-Хан тақсыр көрдіңіз бе?Біздің балалар қандай ақылды.
Хан:Сонда менің қызым қазынамдағы ақшамды санай алады ғой?
- Әрине.
Хан: Балалар айтыңдаршы менде 5 қап алтын бар. Ал қызымда 5 қап алтын бар.Сонда барлығы қанша қап алтын болады?
Хан:Тамаша, бәрекелді осылай менің қызым қазынамды санап отырса, онда қандай керемет болады еді!
-Сонымен қызыңды мектепке беретін болдыңыз ба?
Хан: Иә,әрине берем.
Ханшайым:
-Жарайсыздар, сіздерге көп – көп рахмет балалар!Мектепке баруға көмек көрсеткендеріңз үшін.Ендеше, сіздер мектепке не үшін барасыздар? - Оқып білім алу үшін - Еліме еңбек ету үшін- Білімді азамат болу үшін- Ер жетіп Отанымды қорғау үшін
Ханшайым: Дұрыс айтасыңдар, сендер мектепке оқуға барасыңдар, сабақтарыңды жақсы оқып, тек қана 5 деген бағамен біздерді қуанта беріңіздер.
Балаларымыздың біліміне тәнті бол, қане кел, жайғасыңыздар Ханшайым.
Міне, балалар, сендерге көптен күткен қимастығы мен қуанышы бірдей мереке де келіп жетті. Сендер осы балабақшада тек ойнап қана қойған жоқсындар, сонымен қатар білім де алдыңдар. Ал, балалар, нені үйрендіңдер, нені білдіңдер?Қане, білімімізді Білім Ханшайымына көрсетейік
Біз байқамай отырған бір әнші бар,
Өнеріне өзгелер тәнті шығар.
Даянаны шақырайық біз ортаға,
Жүректі тербеп алар, әнді шырқар.
Ән: «Балабақша бағында»
Алдыңдағы балалар,
Мектепке кетіп барады.
Тақпақ айтып бір – бірден,
Қимай кетіп барады – балаларымызды ортаға шақырайық:
Анель:
Бақша біздің панамыз,Мектеп біздің анамыз.Ұлағатты ұстаздан,Оқып білім аламыз.
Диас:
Не забудешь годы эти
Детский садик не грусти
Пожелай нам всем удачи,
И счастливого пути.
Т.Дильназ:
Тәрбие берген ұямыз,
Тәртіпті бала боламыз.
Қоштасып балабақшамен,
Даярлыққа барамыз.
Мақсат:
Қоштасып мен бүгін балалықпен
Қоштасамын сиқырлы балабақпен
Танысып Мектеп деген әлемменен
Достасамын біліммен, даналықпен
Айлина:
Балабақша бақыт нұрын төгеді
Біз боламыз болашақтың ертеңі
Жайнай берсін,жайнай берсін әрқашан
Бөбектегі балалардың ертеңі
Иван:
Прощай, наш детский сад! Тебя с любовью
Еще мы будем долго вспоминать.
Все впереди у нас, но только малышами
Нам больше никогда уже не стать!
Ханшайымы:
-Балалар қандай өнерлісіңдер!Ендеше, сендердің әнді де, тақпақты да жақсы айтатындарыңа көзім жетті. Енді мен сендерге ойын алып келдім.
Ойын «Тез тұратын сандар»Шарты: Жерде текшеде 1-ден 5 –ке дейінгі сандар жатады, әуенмен соларды айналады. Әуен тоқтаған кезде сандарды алып, сапталып 1-ден 5 –ке дейін тұрулары қажет
Бұйрық береді: 1 саны алға шық, 3 санынын көршілері ортаға шығыңдар деп, 5 саны ортаға шық, 1-ден 5-ке дейін үш тілде сана деп, ағылшынша сандардың түстерін сұрау және т.б.
Балаларымыз көңілдіШақырамыз ортағаТойымызға сән беріп
Би билейік тамаша Кешіміздің одан әрі жалғастырып, биге кезек берейік
Би: «Танец с мамами»
Ханшайым:
-Жарайсыздар, сіздерге риза болып отырмын. Әрқашан балаларыңызды қолдап жүріңіздер.
Міне балалар, сендер көптен күткен қимастыға мен қуанышы бірдей мерекелерің басталып та кетті. Сендерді осы күндеріңмен құттықтауды тобының балалары келіп тұр екен. Бәріміз ду қол шапалақтап оларды қарсы алайық. Залға көңілді музыка әуенімен кіші тобының балалары кіреді. Аруна:
Сендермен бірге өстік біз, Көп жақсы нәрсе үйрендік. Шығарып сап мектепке Құттықтауға біз келдік Амира:
Амал қанша бұл анық, Қоштасатын кез келді, Ойыншықтар мұңайып Іздейді-ау енді сендерді. Эмир:
Өздеріңді олар да, Сағынады біліңдер Бізбен бірге ойнауға, Келіп-кетіп жүріңдер Айнара
Мықты ағатайлар.
Сүп-сүйкімді балапандар,
Бізде сізді қимаймыз,
Дегенмен де құттықтаймыз.
Соңында түлек қызымыз С.Дильназ өзінің тақпағын арнайды.
Бірге ойнап, бір жүрген Күндеріңді қимаймыз Естелік болсын біздерден Ойыншықтар сыйлаймыз -деп, сыйлықтарын береді. Ризашылықтарын білдіріп, залдан шығып кетеді.
:
Гүл сыйладық, жыр сыйладық Құрметтейміз сіздерді. Әсем әуен ән сыйлаймыз Ұмытпаңдар біздерді!
Ән: «До свидания, детский сад»
Бүгін қызық, бүгін той,
Біздер үшін біліп қой.
Ән де салып, би билеп,
Жалғастырсын ойды ой - деп келесі кезекті әдемі бір биге берсек.
Би: «Не детская время»
Ханшайым:
-Балабақша түлектері мен сіздерге риза болдым, өнерлеріңізді көрдік. Сендерді осындай қылып тәрбиелеген ата-аналарынмен тәрбиешілеріңе алғысым шексіз.Мектепке енді барыңдар,Үлгілі бала болыңдар,Жақсы оқып сабақты,Кілең «бестік» алыңдар!Көк жүзінде самғаңдарТауды бұзып, тас жарып.Мұхиттарды жалғаңдар!Күллі әлемді шарлаңдарҒарышқа да самғаңдарО, жараңдар, жараңдар,Қане мұнда қараңдар!Олай болса, балалар, тентек болмауға, сабақты жақсы оқып, әдепті болуға ант етіңдер!
Бәрі бірге: АНТ ЕТЕМІЗ! АНТ ЕТЕМІЗ! АНТ ЕТЕМІЗ!
Хан: Ендеше мына білім кілтін қабыл алыңыздар. (Қорапшаның ішін ашып, кілтті алып, балалардың мойындарына тағады)
Мен енді Ханшайымды сендер секілді мектепке дайындайын, қош сау болыңыздар. (Хан мен Ханшайым қоштасып шығып кетеді)
Талаптарыңа нұр жаусын! Өте жақсы балалар екенсіңдер, біздің елбасымыз Н. Ә. Назарбаев өз жолдауында «Білім беруді балабақшадан бастау керек» деп атап кеткен болатын, әрине осы сөз текке айтылмаған, мінекей Елбасымыздың қолдауымен жасаған «Балапан» бағдарламасы арқасында сендер мектеп табалдырығын нық аттап бара жатырсыңдар.
Балабақшам – бесік тұлға байсалды,
Құшақ жайып өзің мені қарсы алдың,
Қуанышты, жарқын тілек білдіріп,
Құттықтаймыз педагогтар, баршаңды!
Балалардың тақпақтары:
Даяна :
Күліп бізді қарсы алған,Меңгеруші апай жақсы адам.Сондықтанда біз үшін,Артық өзі басқадан.Бізде мұнда әр дайым
Бәрі-бәрі дап-дайын
Қамымызды ойлаған
Меңгеруші апайым
мың алғыс.
Әйгерім:
Үйреткен еңбекке,
Үйреткен білімге.
Үйрететін әдепке.
Тәртіпті боп жүруге,
Бақшамыздың әдіскері
мың алғыс!
К.Дильназ:
Көңілді әркез жүретін
Бізбен ойнап күлетін
Ағылшын тілін үйреткен
ақ сенімді ақтаймыз!
Алихан:
Дене шынықтыру әрекетін
Асыға күтіп тұрамыз,
Қыста шаңғы шанасын,
Жазда доп пен велосын,
Үйрететін әрдайым,
,
Айтамыз сізге мың алғыс.
Марғұлан:
Ақпараттық жүйені
Жетік бізге меңгерткен,
Барлық әлем сырларын,
Тілін біл деп үйреткен.
Айтамыз біз мың алғыс!
Ақниет:
Бал татиды әніміз
Мың бұралған биіміз
Үйреткен оны апайға
мың алғыс!
Анель:
Түрлі - түсті қарындашпен,
Түрлі- түсті бояумен,
Ақ қағаздың бетіне,
Сурет салуды үйреткен
Айтамыз мың алғыс!
Сезім:
Ақ төсекке жатқызған
Дәмді тамақ әкелген
Бала болып ойнаған
Күтуші апам сағынам
мың алғыс.
Т.Дильназ: Томпиған дәмді бауырсақ
Бізге арнап пісірген
Тәтті тамақ пісіретін, Айран сүтін ішкізетін,
Шебер қолды аспазшы
Апайлар есте қалады.
Айтамыз біз мың алғыс
Мақсат:
Қайнаған су әкеліп Іш деп дәрі береді Жылтындатып инесін Түршіктірер дененді Витамин жеп қолынан
Өскен сәби баламыз
Денсаулығы болаттай
Ауруды жолатпай
Күнде әбігер болады
мың алғыс
Айым:
Үйретіп әнді, билерді Тақпақтар мен күйлерді Өткізуді кештерді Дайындайтын біздерді,
Айтамыз біз мың алғыс!
Бейбарыс:
Қызықты сабақ,тренингтер өткізген
Үйрендік талай жақсы істер біз сізден
Психолог апай жайдары
Қабылдасын бүгін алғыс біздерден
мың алғыс
С.Дильназ:
Баулап-баптап өсірдіңіз
Бұзықтық етсек кешірдіңіз
Ұмытпаймыз сөзіңізді
Ұмытпаймыз өзіңізді
Сүйген өз ұл-қызындай
Бөбегім деп аянбай
Балабақша өз үйім,
Тәрбиеші апамдай
Аялаған анадай
Мәпелеген біздерді
Тәрбиеші апайлар
Ұмытпаймыз сіздерді
Апайларға мың алғыс!
Бота:
Күні-түні бақша қамын ойлап жүрген
Біз үшін бәрін іздеп тауып берген
Бақшамыздың бар кілтімен меңгеретін
Шаруашылық меңгерушісі
мың алғыс
Карина:
Қасық ұстап үйреткен,Ертегілер оқыған.Санамақты жаттатып,Санауды бізге үйреткен.Жақсы болсақ қуанған,Қате болсақ кешірген.
айтамыз біз мың алғыс!
Аружан:
Төсек орын тап таза
Әппақ жуған сүлгісі
Кір жуатын апайлар
Тазалықтың үлгісі!
мың алғыс!
Иван:
«Спасибо вам за знания, умения, За свет улыбки, ласковое слово, За труд ваш, за любовь и за терпение!» -Мы благодарно повторяем снова.
спасибо вам!
Айлина:
Ойыншық та, кесе де, Шанышқы мен тәрелке Орындық, шкаф, төсекте Бәрі өзі келе ме? Соның бәрін табатын Шаршамайтын күлетін Зыр жүгіріп жүретін, мың алғыс!
Ал казір мен ата-аналармен «иә, иә», «жоқ, жоқ» ойынын ойнағым келіп тұр.
1.Балаңызға әрқашан тірексіз бе?
2.Сабақ оқып,есепке сіз жүйріксіз бе?
3.Тамағын уақыттылы бересіз бе?
4.Төзімділікке әрқашан төзесіз бе?
5.Сериал көріп жатасыз ба?
6.Ұрып,нұқып үйретуге барасыз ба?
7.Оқыту мұғалімнің жұмысы деген сөзді айтасыз ба?
Тәрбие берген ұямыз,
Мектепке кетіп барамыз,
«Қош бол!» әлі демейміз,
Қоштасу биін билейміз.
Би «Қоштасу вальсі»
Ажырамай балабақшадан бір елі сіз,
Мейірімділікке жаралған жүрегіңіз.
Сөз берелік,
өзіңізге,
Түлектерге арналсын тілегіңіз!
Сөз кезегі балабақшамыздың меңгерушісі беріледі
(Балалар мен ата – аналарға алғыс хаттар табыс етіледі.)
Түнгі ұйқынды сәби шағым ұрлаған,
Үйден өзге іске мойның бұрмаған
Қандай жақсы сенің балам болғаным
Жарығым-ау дегеніне нұрланам.
Құрметті, біздің «Ер Төстік» ортаңғы тобының ата – аналары, балабақша өміріне белсене қатысып, барлық күш – жігерлеріңізді балалармен бірге жұмыстануға бөлгендеріңіз үшін көп – көп рахмет! Салтанатты түрде алғыс хаттармен марапаттауға рұқсат етіңіздер. Ата-аналарға Алғыс хат табысталады
Бізге сыйлап сыңғырлаған күлкіңді,
Сәбилерім жүздеріңде нұр тұнды.
Бізден ұшып, қанат қағып есейдіңдер,
Өздеріңмен қоштасатын күн туды.
Бізден ұшып талмай қанат қағыңдар,
Жүректерден арман отын жағыңдар.
Жақсы оқып алтын ұя мектепте,
Бұл өмірден бақыт жолын табыңдар.
Бәріңді де сәбиім деп сүйетін,
Өздеріңді сағынып біз жүрейік.
:
Құтты болсын қадамдарың аттаған,
Біз сендерге сәтті сапар тілейік.
:
Бәріңді де сәбиім деп сүйетін,
Өздеріңді сағынып біз жүрейік.
Құтты болсын қадамдарың аттаған, Екеуі: Біз сендерге сәтті сапар тілейік!
Міне, балалар, сендердің көптен күткен қимастығы мол, қуанышы бірдей мерекелерің аяқталды. Біздің сенімдерімізді ақтайды, мектепте үлгілі де, тәртіпті бала болатындарыңа сенемін.
Сүйкімді біздің балаларымыз, жарқын жүзді ата-аналарымыз! Сіздермен қоштасатын сәт те келді.
Бүгінгі мерекеңіз құтты болсын! Түлектер сіздерге ақ жол тілейміз
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?