9 мамыр - Жеңіс күні (Бауыржан Момышұлы)

 9 мамыр - Жеңіс күні (Бауыржан Момышұлы)

Мақсаты: Аты аңызға айналған Қазақ халқының батыры, Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының өмірі және шығармашылық жолымен таныстыру, ерлікке толы өмірін үлгі ету.
Кештің құрал-жабдықтары: Бауыржан өмірі жайлы слайд, банер, Батыр туралы кітаптар көрмесі.

Ұлы Отан соғысында қаза болғандарды еске түсіруге арналған 1 минуттық үнсіздік.

Сахнаға екі жүргізуші шығады.
1-жүргізуші: Жеңіс күні- адамзат аңсап өткен күн, жеңістің туын тіккен-1945 жылғы 9 мамыр азаттық күрестің айбынды күні. Мөлдір аспанды бұлт қаптады. Шаттық әні қайғылы үнге, нұрлы күнді қара тенге айналдырмақ болды.1941 жылы 22 маусымда фашистік Германия Кеңес одағына опасыздықпен шабуыл жасады. Халық үшін бұл ауыр кезең болды.

2-жүргізуші: Құрметті осы кештің қонақтары, ұстаздар, оқушылар! Біз бүгін Ұлы Жеңістің 65 жылдығына орай және де Отанына шын берілген, қайсар жүрек Бауыржан Момышұлының 100 жылдық мерейтойына арналған
«Қазақтың қарапайым бір ұлымын, жанымды арым үшін құрбан еткен»- атты әдеби кешімізді ашуға рұқсат етіңіздір.

1-жүргізуші: Кешегі неміс-фашист басқыншыларымен болған қырғын соғыстағы жеңіс оңайлықпен келмеді. Талай ардақты азамат елі, жері үшін жанын қиды. Соның бірі, бірі емес бірегейі –қазақтың Бауыржан батыры. Бауыржан Момышұлы деген есімді естігенде ең бірінші патриот, еліне адал адамның бейнесін елестетесің. Батыр атамыз соғыстан оралғаннан кейін батырдың қаруын қаламға айыбастағанын білеміз. Ол майданда бір ерлік етсе, сөз майданында екінші ерлік көрсете білді.

2-жүргізуші: Қазақ халқында мынадай сөз бар: «Ғалымның аты өлсе де, хаты өлмейді»- дегендей, батырдың ерлік туралы айтқан қанатты сөздері де, ел аузында сақталып жүр.
(сахнаға екі оқушы шығып Б. Момышұлының нақыл сөздерін айтады)
1-жүргізуші: Өнерлінің өнерін
Қане байқап көрейік
Жүйрік аттай желейік,
Күй мен жырға кезек берейік.
Сахнаға 9- сынып оқушысы Искаков Адильшені шақырайық. Папури Ұлы Отан соғысындағы әндер.

2-жүргізуші: Батыр бойында қайрат, күш-жігер, қайсарлық молынан көрінеді.
Бауыржан атамыздың әділетсіздікке, екі жүзділікке қарсы тұрып, талай жерде өзіне жау тапқандығын тілге тиек етеді. Батыр бейнесінің әр қыры оның өз шығармаларынан анық байқалады.
Бауыржан Момышұлы «Москва үшін шайқас» атты шығармасынан үзіндіні тамашалаңыздар.
(Көрініс «Москва үшін шайқас»)

1-жүргізуші: Бейбітшілік жайлай берсің жер бетін,
Туы мәңгі желбіресің жеңістің.
Қазір сіздердің алдарыңызға 7-сынып оқушылары «Естесің мәңгі Бауыржан ата» әнін орындайды.

2-жүргізуші: Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишілер өнерлерін көрсетуде.
(Алдарыңызда 10 сынып оқушыларлары өнер көрсетеді.)

1-жүргізуші: Жолдастары бастарына гүл қойыпты... Бүгінгі ұрпақ кешегі қан майдан ерлерінің жалғасы, қазіргі сіз бен біз мәңгілік ерліктің, өшпес ерліктің рухын өлтірмей, ерлер есімін санамыздан өшірмей ұрпақтан ұрпаққа аманат етіп келеміз.

2-жүргізуші: Олай болса, құрметті біздің көрермеңдер, қазір сіздердің алдарыңызға ұсынылып отырған Бауыржан Момышұлының «Майданнан жазылған хаттар» атты естеліктерден бір көріністі 8 сынып оқушылары атынан ер рухына арналған ескерткішке қойылған гүл деп қабылдаңыздар.
(Көрініс)

1-жүргізуші: Сүйінші, халқам, сүйінші!
Белінді бекем буыншы,
Жеңдік жауды күйрете,
Жасалған той мереке!

2-жүргізуші: Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,
Жігерленген құштарлықтың құралы.
Күрескердің арманы мен ұраны,
Қуаныш пен мерекенің бұлағы.

1-жүргізуші: Көрдік, сіздерді жайдық құшақ,
Елестетіп жанын қиған құрбандарға.
Қарсы аламыз үлгі тұтып,
Майданды көрген, бізге өмір берген аталарды!
«Ағаларым» әні залды шарықтап орындалып тұрады. Қолдарында гүл шоқтары бар оқушы балалар марш екпінімен залға кіріп, ардагерлерге тағзым етеді. «Ағаларыма» әні орындалады.

2-жүргізуші. Қаптап көкке абырой мен бақ құсым,
Тыныштықпен ата бер менің ақ таңым.
Ғасырдан ғасырға өтіп, тарих шежіресіне талай ерлік пен қаһармандардың үлгілері жазылар. Бірақ, солардың ішінде Ұлы Отан соғысы гитлершіл Германия әскерлерін талқандап, жер жүзін фашизм апатынан аман алып қалған Ұлы Жеңісі халық қаһармандарының өшпес өнегесі болып мәңгі жарқырай береді.

1-жүргізуші: Бүгінгі жастардың болашағы, бақыты үшін, қан төккен әскер мен апалардың даңқы еш уақытта өшпейді! Олардың рухына қандай көйлек жолдарына, біздер тізе бүгіп, бас иеміз.
Міне, біз сол тамаша Жеңістің 65 жылдық ұлы мерекесін тойлап отырмыз. Ер жігіт етігімен су кешіп, от басқан, ат ауыздығымен су ішкен, сұр шинельді төсек етіп, ақ қар, көк мұз жастанып, жаумен шайқасқан. Ұлы Отан үшін жанын қиған ер жүрек батырлардың қаһармандық ісі еш уақытта ұмыт болмайды, мәңгі есте сақталды.
(Ең соңында «Жеңіс күні» әні хормен орындалады.)


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?