Бастауышпен қоштасу мерекесі
Мерзімі: 19. 05. 2018 ж Бастауышпен қоштасу мерекесі
Тексерілді : Р. Қожамжаров
Сабақтың тақырыбы: «Аттандық бала шақтан-болашаққа»
Сабақтың мақсаты: «Аттандық бала шақтан-болашаққа» бастауышпен қоштасу мерекесімен таныстыру. Ұстаздарымыз бен мектеп туралы түсіндіру. Бітіруші бастауыш түлектеріміз туралы мәлімет беру. Оқушыларды мектебін, ұстаздарын құрметтеуге, өз елін, жерін сүюге баулу, тәрбиелеу.
Білімділігі: Ұстаздармен мектеп рөлін еңбегін айту.Ұстаздарды жеке-жеке сипаттау. Бастауыш сыныптағы қызықты шақтардың оқушылар есінде қалғанын түсіндіру.
Дамытушылығы: Оқушылардың мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту. Бастауыш кезеңдегі кереметтерін мәңгі есте сақтап , оларды мақтан етіп жүру. Ой –өрісін, отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастыру.
Тәрбиелігі: Оқушыларды отансүйгіштікке, адалдыққа, ұстаздарын құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі : АКТ, бастауыш сыныптағы қызықты суреттер , слайд, бейне таспа.
1-жүргізуші Перде Мерей
Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда,
Жол табар қараңғыда адасқанда .
Мал озбас біле білсең білім озар,
Ақыры керек болар бір сасқанда – деп Міржақып Дулатов ақын айтпақшы , тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріңіздің ұйымдастыруымен өткізілгелі отырған «Аттандық бала шақтан-болашаққа» атты мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер!
2-жүргізуші: Еркебай Ақмарал
Қош келіпсіздер , құрметті ата – аналар, қымбатты ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол, осыдан 5 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр.
1 . Жүргізуші : Перде Мерей
Бесіктегі баланың,
Күлгенін көрген - бір мұрат.
Алдына түсіп ананың.
Жүргенін көрген- бір мұрат – дегендей, бастауыш сыныпты бітіруші түлектерімізді ортаға шақырайық!
2-жүргізуші: Еркебай Ақмарал
Толқимыз , толқып тұрсыз баршаңыз да
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық
Төртінші сыныптарды ортамызға!
Қ.Р. мемлекеттік ән ұраны
Еркебай Ақмарал
Ал, енді оқушыларымызды таныстырып өтейік
І с келгенде алдына
Жан салмайтын қызымыз
Ер мінезді, көрікті
Перизат біздің ержүрек
Перде Мерей
Атыңнан айналайын Ердәулет деген
Сенің жақсы ісіңе баға берем
Жеңіс туын тігерсің болашақта
Үміті зор осы сыныптың саған деген
Еркебай Ақмарал
Мухұмбек Балнұр деген қызымыз
Қатысқан талай сайысқа
Тамылжытып ән айтып
Жеткен талай табысқа
Перде Мерей
Білімімен талайларды тамсандырған
Асып көрші білімді Қадыржаннан
Сыныбыңа бол қашанда ардақты
Ақ жолыңнан тайма осындай салмақты.
Еркебай Ақмарал
Үндемей бәрін тындырған
Сыныптың салмақты қызысың
Жымиып күлген күлкісі
Аружанның тұйық мінезі-ай
Перде Мерей
Білімді, ақылдысы сыныптағы
Талай қиын есепті құрықтады
Алиханның алдында талай іс тұр
Болашақта жандырар үміт отты
Еркебай Ақмарал
Өзі ұялшақ үндемес
Мінезіне ешкім тең келмес
Үндемес қыз Арайға
Сыныпта ешкім тең келмес
Перде Мерей
Ақ көңілді Нарбек
Шыншылдықты ұнатқан
Еркебай Ақмарал
Ару қызы қазақтың
Мектептің бір озаты
Келбеті де сымбатты
Жанеркелер біздің ибалы
Перде Мерей
Он саусағынан өнер тамған
Есепті де жаңғақша шаққан
Суретшіміз кішкентай
Ләйлә келді ортаға
Еркебай Ақмарал
Барлық істе алда жүретін
Ән, айтып, би де билейтін
Сыныптың белсенді аруы
Дамира мен Алина біздің өнерлі қызымыз
Перде Мерей
Мықты, күшті біздің Жолдасов Әлихан
Әлсіздерді шиырған
Бала мінез иманды,
Өзі сондай мейірбан
Еркебай Ақмарал
Математика елінде жан салмайтын
Жауабын табар талай сұрақтың
Сыныбының атақты белсендісі
Аида келеді арамызға күлімдеп
Перде Мерей
Ер жігіті қазақтың
Еркесі Ердос бір үйдің
Еркебай Ақмарал
Өзі ұялшақ үндемес
Мінезіне ешкім тең келмес
Үндемес қыз Айдар Балнұрға
Сыныпта ешкім тең келмес
Еркебай Ақмарал
Адалдықты жаны сүйген қашаннан
Байбек те бар қатарынан қалмаған
Перде Мерей
Ер жігіті елімнің
Тұлғасы көкте самғаған
Қатысқан талай жарысқа
Спортшы Зиябек те сахнада
Еркебай Ақмарал
Сабыр берген салмақты
Ақыл берген ардақты
Алданова Ақмаралға
Білім берген жан-жақты
Перде Мерей
Дараласа әкесі, аялаған анасы
Ән де, би де, өнер де
Бір өзінен табылған
Оразалы Ақжанға қарашы
Еркебай Ақмарал
Тақылдаған таңдайың
Жарқырап атқан таңдайсың
Назеркедей атыңа сай бол болып
Жарқырасын маңдайың
Перде Мерей
Мықты, күшті бұл бала
Әлсіздерді шиырған
Бала мінез Ерубай
Өзі сондай мейірбан
Еркебай Ақмарал
Түрлі-түсті бояумен
Өрнектейтін әр істі
Осы біздің Ақниет
Суретшінің нақ өзі
Перде Мерей
Мың салса бір баспайтын
Еш уақытта аспайтын
Егенберді Ақжан қыз
Сыныпты алға бастайтын
Мың бұралып би билеп
Әркез алға ұмтылған
Еркебай Ақмарал қызымыз
Әсемдікті ұқтырған
Еркебай Ақмарал
Жайсаң, жуас мінезі
Мерей қыз бар бір ізді
Тәрбиелеп баптаған
Анасына мың алғыс
Санасына жаттаған
Ән «Ұстаз ана» орындайтын Мухумбек Б
1. Перде Мерей.
Армандасаң да , қиялдасаңда балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Міне , бүгін біз бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі отырмыз. Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған , білім нәрімен сусындатқан ,өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына,ата- аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын.Олай болса оқушыларға сөз кезегін берейік!
Ән «Тойға шашу» Ануар Н
1. Амантай Е
Бала шаққа болашақты жырлатып,
Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты .
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,
Армысыздар , ұстаздарым қымбатты!
2. Айдар Б
Армысыздар әжелер мен аналар
Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.
Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,
Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар
3.Алданова А
Армысыздар өр тұлғалы әкелер!
Қыран құстай балапанын мәпелер.
Бүгін міне бастауышпен қоштасады,
Азамат боп , кешегі сәби - еркелер!
4 .Ануар Н
Армысың сен , алтын ұя мектебім
Саған айтар жыр- алғысым көп менің
Жүректерге жаққан білім шырағын ,
Мектебіме арналады бұл әнім!
Ән: « Ұстазым » орындайтын Еркебай А ,Перде М
1. Жүргізуші Перде М Иә мектебімізге қандай жыр арнасаң да жарасады. Ендеше сыныптастарымыздың мектепке арнаған жырларын тыңдайық
5. Бегмаш З
: Мектеп деген білім кені , жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға.
Мектеп деген даналардың мекені.
6. Бокенбай Ж
Мектебім- білім берер алтын ұям.
Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.
Баулыған 4жыл бойы ата- анамдай.
Әрқашан қасиетті атың маған.
7. Орынбасар А
Арада өтсе дағы дүркіреп жыл ,
Әр күні балалықтай бір жүрек бұл.
Өзіңе борыштармын өмір бойы
Есейген шәкіртіңнің серті деп біл.
8 . Ораз Н
Армысың сен алтын ұя мектебім,
Саған айтар жыр алғысым көп менің.
Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мақтан етем сені мәңгі мектебім.
9. Оразалы А:
Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,
Алтын ұя, ақ босаға киелі.
Қанат қаққан білім алып өзіңнен,
Күллі шәкірт саған басын иеді.
10.Курбанбек А:
Мектебім , алтын ұям , нұрың жарық,
Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.
Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,
Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.
11. Марданбай А
Мектеп – үйім , ұстазым менің – ата- анам,
Сеннен өсіп, сеннен ғана нәр алам.
Саяң ыстық , сен мәуелі бәйтерек.
Тамырланып , сан тарапқа тараған.
12. Марал А:
Мектебім- сүйікті мектебім,
Бауырыңда түлеймін , көктеймін.
Сен – бұлақ, мен- қайың бүр ашқан,
Өзіңнен нәр алып көктедім.
13. Мухит Б:
Мектеп – кеме , білім – теңіз,
Барар жерге тез жетеміз.
Төрт жыл алған білім нәрін ,
Азық етіп ер жетеміз.
Ән « Ұстазым-» - Хор
14. Маликов Т : « Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға»,-деп Абай атамыз айтқандай , алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып, 42 әріпті танытып , білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз- ұстаз екені бәрімізге мәлім. Балалардың ұстазға арнаған ән -жырларын айтпас бұрын, ұстаз туралы не білеміз?
15. Мухумбек Б Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға , жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз. «Мұғалім – мектептің жүрегі» - деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.
16. Мирзарахим Е Дұрыс айтасың Балнұр ,ғылым иесі ғалым да , ел қорғаған батыр да , тілінен бал тамған ақын да , тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, көкті шарлаған ғарышкер де, бәрі- бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған.
17. Мәлік А Иә ,бұл туралы батыр Бауыржан атамыз: «Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді»деген екен. Олай болса келесі жырларымызды ұстаздарымызға арнаймыз!
18. Сыдық А
Алғашқы ұстазымыз ата-анамызбен тең келеді,
Бар асылын бізге жиып , мол береді.
Қанатымен су себелеп асыл жан,
Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді.
19. Серікбай Қ :
Тек үйреттің әділдікті , адалдықты,
Жирендік , ажыраттық жамандықты.
Жалғастырар ақ жолың сенің салған,
Бар деп ұққын әрқашан балаң мықты.
20. Тайр Д :
Жарық күннен жылы жүзің елестер,
Құлағымда өзің берген кеңестер.
Жанарымда алыс тартқан қара жол,
Көз жұмсам да көре тұғын белестер.
21. Тастанбек П:
Қоңыр үнді даусың әсем таңдардай ,
Ұстазымның жүзіндегі нұр қандай?
Мейірлене қарап қойып біздерге,
Күн астынан сабақ беріп тұрғандай
22. Нұрғали Л:
Ұстазым! Ұстазым өзің едің асқақ әнім,,
Басталған ақ батаңнан жас талабым.
Ұғындым ұлылықтың, даналықтың,
Ұстаздың ұлағатынан басталарын.
23. Егенберді А:
Мұғалім ұстазысың балалардың,
Болашақ ғалымдардың , даналардың .
Өмірде сенің алар орыныңа ,
Бірі де жеткізе алмас бағалардың.
24 . Шымрбай Е.
Кеп- кешегі жабырқау қайда қалған,
Шықпаушы едік бір елі айналаңнан.
Мейірің ба , ұстаздық жүрегің бе?
Жан дүниесін баланың жаулап алған.
25. Жақсыбай Ж.
Нұр құйған санасына зейіндінің.
Нұрлы шам сәулесіндей мейірімің.
Дарыттың адамдықты шәкіртіңе,
Дамыттың дарын отын бейімдінің.
26. Жолдасов Ә
Алғашқы ұстаз, ерекше тұлға дара шың,
Ұмытылмастай көңілде мәңгі қалатын.
Сағына әркез суреттерді парақтап.
Шәкірттерін жиі еске алатын.
27. Перде М
Жаралған жақсы үмітпен мұраттардан ,
Жансыз ғой әлдилеген шуақты арман.
Жатталады жан жүректе есіміңіз,
Адамның аяулы үні сияқтанған.
28. Еркебай А
Шәкірттер сіздерді айтып мақтанамыз,
Бейнеңіз жүректерде сақталады.
Біз әлі биіктерден көрінеміз,
Үміт пен сеніміңіз ақталады .
Бәрі : Мың алғыс сізге біздей түлектерден,
Мың алғыс мына отты жүректерден!
Ән: «Мектеп» ор-тын Оразалы А, Егенберді А, Курбанбек А, Жақсыбай Ж
1 жүргізуші Перде М: Иә, осыдан 4 жыл бұрын , біз 6 жастағы сәби -балалар сөмкемізді зорға көтеріп,мектеп табалдырығын жасқана аттаған едік.
Енді міне сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш мектеппен қоштасып, орта буын қатарына қосылғалы тұрмыз.
2. Жүргізуші Еркебай А: Иә, міне сағымдай өте шыққан 5 жыл ішінде бізді ұстазымыз Бауыржан ағай сауатты, тәрбиелі, өнегелі азамат етіп шығарды.
Ендеше бастауыш сыныбымыз туралы неге айтпасқа !
29. Жақсыбай Ж
Жасқана кіріп жарық сыныпқа біз.
Әр бетін Әліппенің күле ашқанбыз.
Мұғалім сабақ өтіп жатқан кезде,
Қайталап атымызды сұрасқанбыз.
30. Нұрғали Л
Әр үйдің ерке өскен тентегі едік,
Ақылға келе алмадық ерте көніп.
Бойымыз бірте- бірте үйренісіп.
Мектептің ережесін үйрендік кеп.
31. Серікбай Қ
Бірдей біздің ойымыз да , сырымыз,
Бір мектептің ұлы менен қызымыз.
Бірдей өстік оқуда да еңбекте,
Күліп – ойнап біріміз бен біріміз.
32. Сыдық А
Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма?
Бастауышта айтылмаған сыр бар ма?
Бастауышта алған білім, жырларым,
Азық болар , мәңгі талай жылдарға.
33. Мухумбек Б
Бастауышым- бал бұлағым ,
Алдым сеннен балдың дәмін.
Әріп танып, білім алып
Рақметімді жаудырамын.
34. Мухит Б
Бастауышым- балбұлағым
Лаулап жанған шам шырағым.
Өзің берген біліміңмен,
Самғап ұшар тау қыраның.
35. Марал А
Өтті сенде қызық шағым,
Бастауышым- бал бұлағым.
Қоштасар күн жетті міне,
Қимастықпен қол бұлғаймын.
36 . Курбанбек А:
.Үйренеміз жалықпай,
Ән сабағын шарықтай.
Тіл сындырып, ән айтып,
Шаттанамыз қалықтай,
Ақбала апай тәлімі
Сәулесін шашқан жарықтай.
36. Оразалы А
Шәкіртін сүйген жұдырықтай жүрегі
Тым еңбекқор, жан-тәні де әдемі
Шет тілімен шәкірттерін қашанда
Айжан апаймен Атіргүл апай сусындатып жүреді
37. Орынбасар А
Бұл тілдің сан қырларын бағындырған
Сабақтары біздерді сағындырған
Ғалия мен Лаура апайлар сөйлеп кетсе
Орысыңның өзінде жаңылдырған
38. Бокенбай Ж
Табиғат сыйлағанда сұлулығын
Жандос, Сапар ағайымдай ұғынды кім?
Пейзаж, натюрморт, кескіндеме
Ешқайсысы таң емес маған бүгін
39. Бегмаш З.
Мадина апай саналады жеке дара
Мектепте онсыз өтпес онсыз шара
Деніңіз сау болсын деп тілейміз біз
Өзін-өзі тануды үйренген әрбір бала
40. Ануар Н.
Кім білмейді мектепте Гүлжаhан апайды
Еңбек десе жоқтан ол бар жасайды.
Қашанда өнерлерін үйрететін,
Сыйлаймыз біз қол-өнерін.
41. Алданова А.
Монитор, пернетақта сөздің басы
Өрмелейді компьютермен өрге тасың
Бүгінде жаҺандану заманында
Жүніс ағайымның зор ғой бізге «бәсі»
ӘН: « Алға қазақ жігіттері » ор-тын Серікбай Қ, Мирзарахим Е
42. Амантай Е.
Кеудемнен сезім селі ақтарылсын,
Болармын күні ертең- ақ мақтанышың.
Білім алып, тер төгем , еңбек етем,
Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін!
Ән «Әкелер» орындайтын; Ануар Н, Бегмаш З
Би: « Алға Қазақстан » Ұлдар –қыздар тобы
Көрініс: «Ақылды бала»
Ән «Алтын ұя мектебім» орындайтын ; Орынбасар А,Мәлік А
Би «Мектебім» қыздар тобы
Би «Қазағым –ай!» қыздар тобы
Вальс «Қош бол мектебім» ұлдар-қыздар тобы
Ән «Ардақты ұстазым» орындайтын; Марал А, Нұрғали Л
2.Жүргізуші Еркебай А
Жетекші боп жүрдіңіз түлегіңе
Біздерді ойлап көңіліңіз жүдеді де,
Шәкірттер тыңдаңыздар ұстаз сөзін,
Сіздерге арнап айтатын тілегін де- дей отырып сөз кезегін ұстаздарымызға береміз!
Ұстаз тілегі:
Өлкеміздің айналыңдар ертеңіне,
Аластайтын жаныңды күз көңілден.
Мен сендерге мәңгілік тілекшімін,
Тілек тілеп тұратын іздеріңнен.
Оқушыларды марапаттау рәсіміне кезек берейік.
1 жүргізуші Перде М Келесі құттықтау сөзді мектебіміздегі директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары Қожамжаров Рамазан ағайға береміз.
2 жүргізуші: Еркебай А Келесі құттықтау сөзді балапандарының өнеріне тәнті болған мейірімі мол ата-аналарға берсек.
1 жүргізуші Перде М
Демеңіздер біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Сау болып тұрыңыздар кездескенше,
Осымен бүгінгі мерекеміз аяқталды.
Бірге: Кездескенше сау-саламатта болыңыздар!

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?